Студенттер музейге барады

  • Галерея изображений

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,  әдебиетіміз бен жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».

Н.Ә.Назарбаев

(«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан)

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы педагогикалық колледж ұжымы «Менің Отаным – Қазақстан» атты экскурсияға шықты. Экскурсия мақсаты – туристік-өлкетану қызметінің түрлері бойынша жетекшілерді жалпылама практикалық дайындау, туған өлкенің көрікті жерлеріне барлық педагогтар үшін жорық, экскурсия ұйымдастыру еді.

Бұл экскурсия өлкенің табиғи-географиялық ерекшеліктерімен, тарихымен тереңірек танысуына, балалар-жасөспірімдер туризмінің әдістемесін игеруіне үлкен мүмкіндік береді және жас ұрпақтың бойында патриоттық сананы қалыптастыруға көмектесті.

Оқытушылар экскурсияның «Мұражай – өлке тарихы, халық қазынасы» атты бірінші бағыты бойынша Орал қаласындағы Емельян Пугачев мұражайы – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – суретші Сәкен Ғұмаров мұражайы – Совет Одағының Батыры Мәншүк Мәметова мұражайы - Рухани жаңғыру мұражайы маршрутымен саяхаттап, аталмыш мұражайлардағы құнды жәдігерлермен танысты. Бірінші бағыт жұмысына қоғамдық пәндер кафедрасы басшылық жасап, жаратылыстану, математика, дене тәрбиесі, педагогика кафедраларының оқытушылары қатысты.

Ал «Ескерткіштер – ел тарихы» атты екінші бағыт жұмысының маршруты Жаһанша Досмұхамедұлы, Жұбан Молдағалиев, Абай Құнанбаев, Дина Нұрпейісова мен Құрманғазы Сағырбайұлы, Ғабдолла Тоқай, Александр Пушкин, Сырым Датұлы, үш батыр қыз – Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспанова ескерткіштерін қамтыды. Оған қазақ тілі, музыка, ағылшын тілі, орыс тілі, технология, мектепке дейінгі тәрбие кафедралары қатысты. Бұл шарада оқытушылар әр ескерткіштің жанына тоқтап, оның тарихы, тарихи тұлғалар жөнінде мәлімет берді. Ақын-жазушылардың өлеңдері оқылып, аңыз әңгімелері айтылды. Бүгінде бұл жұмыс жалғасын тауып, барлық топтарда жүзеге асырылуда. Әсіресе бірінші курс студенттері де мұражай, кітапханаға, тарихи ескерткіштерге барып, құнды мәліметтер алуда.

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

Қаралым саны 1343

Галерея изображений

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463