Журналдың бүгінгі санында Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданына қатысты мақалалар топтамасы жарияланғанын оқырман байқаған шығар. Бүгінде Ресей Федерациясының үш губерниясымен шектесіп, елдің шетінде, желдің өтінде тұрған, отарлық езгіге, орыстандыру науқанына алдымен ұшыраған аймақ ғой. Тәуелсіздік алған жылдары топырағы құнарлы, жері шұрайлы осы өңірге жан-жақтан ағылған қандастарымыз қазір қара ормандай көбейіп, өңірдің өзіндік бет-бейнесін қалыптастырып та үлгерді. Нұржан Дүзбатырдай азаматтар «бұл жерде ешқашан қазақ тұрмаған» деген сыңаржақ пікірді тас-талқан етіп, араб жазулы ата-баба құлпытастарын тапты. Журналдың осы санын даярлап жатқан кезімізде ауданның барлық ауылында алқалы кеңес өтіп, Зеленов атауын «Бәйтерек ауданы» деп өзгертуге шешім қабылдады! Енді тек республикалық құзырлы мекемелердің бекітуін күтіп отырған жай бар.

Көпшілік жағдайда халықтың рухани қажеттіліктерін мемлекеттің есебінен қаржыландыруға жауапты мемлекеттік қызметкерлердің біліксіздігі, өрелерінің тарлығы көп мәселені қолдан түйіншектегендей. Рухани жаңғыруды сол салаға жауапты мемлекеттік қызметтерге халықшыл мамандарды қоюдан бастамаса, әр істегі олқылық түпкілікті мақсатқа жетпей, мемлекеттің қар-жысын  рәсуә  етері  анық».

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Лаура Досымғалиева,

Қытай Халық Республикасының Шынжан аймағындағы Ili Normal University түлегі, 

Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университеті екі шет тілі мамандығының магистранты

- Лаура өзің туралы айтып өтсең. Балдәурен балалығың қайда өтті?

- Шіркін-ай! Өз еліңнің ауасы да, суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше екенін жырақта жүрген де қана ұғатын сияқтымыз. Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге ұқсамайтын – ұлы сезім. Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар... Мен 1996 жылы 19 желтоқсан күні Орал қаласында дүниеге келгенмін.

Дәметкен Сүлейменова,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультетінің профессоры, т.ғ.к., Ж.Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

Лунара Жексенова,

№44 мектептің тарих пәні мұғалімі, Орал қаласы

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы – бір ғана қазақ халқы емес, төрткүл дүниені мекендеп отырған бүкіл адамзат тарихындағы күрделі кезең. Эволюциялық даму шиеленісіп, адамзаттың географиялық картасын қайта кескіндеуді мұрат тұтқан ұлы дүмпулер кезеңі еді.

Өткеннің мұраларын зерттеп, сақтау Қазақстан Республикасының рухани және ғылыми өмірінің басым бағыттарының біріне айналды. Елбасы Н.Назарбаев бұл мәселені Қазақстан қоғамының толыққанды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының неғұрлым маңызды және өзекжарды проблемаларының қатарына жатқызды әрі тек ғылыми жағын ғана айтып қоймай, сонымен қатар мәдени мұралардың азаматтық пен отансүйгіштікке тәрбиелеудегі айрықша маңызын үнемі алға тартып келеді.

Бауыржан БАБАЖАНҰЛЫ,

ақын, Ақтөбе қаласы

Соңғы кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынас нығая түскені мәлім. Оған екі ел Президенттерінің бір-біріне деген құрметі әсер етіп отыр. Ел тізгінін қолға алғалы бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты аға тұтып сөйлеп, қазақ мемлекетіне ерекше ықылас танытқан Шавкат Мирзиеевтің саясаты қос мемлекет арасындағы аралас-құраластықты күшейте түсті. Биыл «Өзбекстанның Қазақстандағы жылы» деп жарияланды. Осыған орай жақында Нөкісте Ақтөбе облысының күні өтті.

Нұржан Дүзбатыр,

Зеленов ауданы, Батыс Қазақстан

Ел ішінде сүттей ұйыған татулығы, береке-бірлігімен, құндылық атаулыны қадір тұтуымен көпшілікке үлгі болар отбасылар баршылық. Біз сөз еткелі отырған Арыстановтар шаңырағы осындай отбасы қатарынан. Ауылдастарының ерекше құрметіне бөленген Әйіп пен Балқаш Арыстановтардың есімі жасыл өлке жұртына кеңінен таныс.

Ерсары батыр Бегетайұлы

(1757-1812)

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAqaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға байбақты Шолан батырдың ұрпағы Ерсары батыр Бегетайұлы «мөрін басты».

(Өлкенің XVIІІ-XIX ғасырлардағы зерттелу тарихы)

Серік Рамазанов,

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы директорының орынбасары

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)

Солтүстік Каспий маңы ойпатының табиғатын зерттеуде зор үлес қосқан белгілі саяхатшы және жаратылыстанушы Григорий Силыч Карелин. Ол біздің өлкемізге 21 жасында келіп, өзінің бүкіл өмірін Орал-Каспий өңірінің табиғатын зерттеуге арнады. Г. С. Карелин біздің өлкеміздегі алғашқы саяхатын 1823 жылы Ембі және Үстірт аймақтарында полковник Ф. Ф. Бергтің әскери-топографиялық экспедициясы құрамында жасайды.

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,  әдебиетіміз бен жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».

Н.Ә.Назарбаев

(«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан)

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы педагогикалық колледж ұжымы «Менің Отаным – Қазақстан» атты экскурсияға шықты. Экскурсия мақсаты – туристік-өлкетану қызметінің түрлері бойынша жетекшілерді жалпылама практикалық дайындау, туған өлкенің көрікті жерлеріне барлық педагогтар үшін жорық, экскурсия ұйымдастыру еді.

Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедұлы атындағы педагогикалық коледждің тарихы тым тереңде. Аталмыш оқу орны орналасқан ғимаратта осыдан 105 жыл бұрын елдегі сауатсыздықты жоюға бағытталып, араб әліппесі негізінде мұғалімдер семинариясы ашылған. Бұл оқу орны 1920 жылы педагогикалық техникум дәрежесіне жетсе, 1937 жылы педагогикалық училище, ал 1994 жылы педагогикалық колледж атанған.

Айболат Құрымбаев,

өлкетанушы, тарих магистрі

Соңғы 4-5 жылда Батыс Қазақстан аумағында жақсы бір дәстүр өркендеп келеді. Ол – қасиетті, қадірлі саналатын жерлерде тарихи танымдық шаралар өткізу мәселесі. Осындай игі шара көпке белгілі Жұмағазы қазірет басында өтті.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында елді, жерді тану, өткен тарихты білу мақсатында жастардың «Туған жерге тағзым» штабы құрылған екен. Жақында осы штаб мүшелері арнайы шақырып, көршілес Шыңғырлау ауданы жеріне саяхат жасап қайттық. Мақсатымыз екі ауданға егіз, ортақ Шыңғырлау өзенінің бастауын көру еді.

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданы Переметное ауылында тұратын Иван Юнусовтың негізгі мамандығы спортшы. Бірақ ағайдың қылқаламынан шыққан туындыларды көргенде кәсіби суретшіден кем емес өнеріне таң қаласыз.

Әкемнің Төлебай деген құрдасының отбасымен үй арасында үй жоқ, көрші тұрдық. Төлебай ағай – жас күнінде ақындар айтысына қатысқан өнерлі кісі. Үйінде қоңыр үнді, жақсы домбырасы болды. Кейде үйге қонақ шақырғанда әкем құрдасының домбырасын сұратып алатын.

Ардагер журналист, белгілі өлкетанушы, жақында ғана өмірден өткен Қайыржан аға Хасанов соңғы демі үзілгенше қаламын қолынан тастамаған еңбекқор адам еді. Төмендегі бірнеше кітапты өзінің көзі тірісінде дайындап, о дүниелік болғаннан кейін ұрпақтары жарыққа шығарған екен.

Бұл – алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қорының төрағасы Дәметкен Сүлейменованың жаңа кітабы.

Мәулана Руми кітабын қалай бастырған? Ескі Иран ертегісі. 1916 жыл-дың №183 нөмірінде «Қазақ» газетінде орысшадан тәржіме қылған пе-реводчик сөзінен: «Молда Мәшһүр Иосиф Көпеев насыбай екшеп жүр-ген жастардың қолынан жұлып алып, көре сала әулие сөзі аяқасты болып қалмасын!» деп ақ қағазға жаза бастаған. 1917 жылы 27 майда.

Боранбаева Бақтылы Сансызбайқызы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарынын кандидаты

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», «Туған жерге деген сүйіспеншілік туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деп, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған еді. Демек, туған жерге деген сүйіспеншілік, әрине, туған жердің тарихын танып-білуден басталады.

Батыс Қазақстан мен Атырау, көршілес Астрахань өңіріне жақсы таныс әулие Жұбан молда Жүрдібекұлы туралы кітап «Арыс» баспасынан жарық көрді. Авторы – Қазыбек Құттымұратұлы.

Белгілі атыраулық өлкетанушы Өтепберген Әлімгерейұлының бұл кітабы Алматы қаласындағы «Абзал Ай» баспасынан таяуда жарық көрді.

Орал қаласындағы «Шұғыла Принт» баспасы қарапайым еңбек ардагері Өтеген Ахметовтің осы аттас өмірдеректік жинағын басып шығарды. Кітап автордың 80 жылдық мерейтойына орай дайындалған.

1948 жылы Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында дүниеге келіп, 1998 жылы осы топырақта дүниеден өткен ақын Жанғали Мырзалиев туралы өлеңсүйер қауымның өзі де көп біле бермейді.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында Совет Одағының батыры М.Жүнісов атындағы орта мектептің құрылғанына 150 жыл болды. Мерейтойлық жинақ осы датаға арналған.

Біздің журналымыздың тұрақты авторларының бірі, жас қаламгер Жанайдар Болатбекұлы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген соң қарапайым ауыл мектебінде қызмет етті. Одан кейін әскерге өзі сұранып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болатын. Жанайдардың бүгінгі мақаласы әскердегі қызықтар, қарауыл құпиясы жайында.

DQ

(«Шаңырақ сыны» сайысы)

Ғайнижамал Әділова,

Тайпақ балалар саз мектебі домбыра аспабының мұғалімі

Жас ұрпақтың тәрбиесі әуелі туған үйінде, екінші мектеп қабырғасында қалыптасады. Әсіресе, мектеп оқушыларының санасына ұлттық салт-дәстүр мен өнер дағдыларын сіңіру өте маңызды. Ата-ана, оқушы және ұстазды бір арнаға тоғыстыратын мұндай тәлімді сабақтардың қажеттілігін заман дәлелдеп отыр. Біз бүгін журнал оқырмандарына маман ұстаздың ой-тәжірибесін ұсынамыз.

Көне құлпытастардан оқылған деректер тарихшы-ғалымдарымызды қатты қызықтырып отыр. Тамырын тереңнен алған ел тарихының бірсыпыра дерегі даламыздың әр қиырында тұрған көне құлпытастарда екендігі анық. Іргелі институттардың ғылыми кеңестері еліміздің батыс өңірінде сақталған құлпытастардың көптігін әрі мазмұнды дерегінің тарихи құндылығын алға тартуда. Кейінгі жылдары қолға алына бастаған игі істер тиянақты нәтижесімен елді елең еткізді. Кешегі солақай саясаттың шеңгеліне іліккен көне құлпытастар құрылыс материалы ретінде пайдаланылып кеткен. Енді бедері бүлінбей сақталған, әр қиырда жартылай көміліп, көңіл бөлінбей келген сол құлпытастарды зерделеу жұмыстарын бір арнаға тоғыстырып, зерделеуді қолға алдық. Ұлтқа ұстын болған тұлғаларға қойылған құлпытастар дерегі тарихымыздың кейбір тұстарына түзету енгізіп, бұлтартпас дәлелдер ретінде нысанаға алынды.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463