«Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы»

Бұл – алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры, Жаһанша Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қорының төрағасы Дәметкен Сүлейменованың жаңа кітабы.

Еңбек мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен тарихшыларға арналған. Алашорда Батыс бөлімінің 100 жылдығына орай шығарылған кітапта өлкедегі тәуелсіздік бастауы болған Алашорданың алғашқы мемлекеттік құрылымы – «Ойыл уәлаяты» атты Уақытша үкіметтің және 1918 жылы құрылған Күнбатыс Алашорда үкіметінің атқарған қызметі мен тарихтан алатын орны құжаттық негізде баяндалады. Сондай-ақ Жаһанша Досмұхамедовтың өмірбаяны, саяси қызметі, атқарған еңбегі туралы құнды мәліметтерге қоса, Батыс Алашорданың елу қайраткері туралы мол мәліметтер архив деректері негізінде берілген.

Кітап «Шұғыла Принт» баспаханасында басылған.

Нұртас САФУЛЛИН

Қаралым саны 2171

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463