«Пері ұстаған Жұбан ата» болып елдің аузында аңызға бергісіз әңгімелерімен есте қалған тарихи тұлға Жұбан молда Жүрдібекұлы туралы кітапта оның өмір жолы, қоғамдық қызметі туралы куәгерлердің естелігі мен архивтік құжаттар қатар берілген. Мәселен, Жұбан молданың әкесі Жүрдібек Базарбайұлының 1845 жылы Жәңгір ханның бұйрығымен Ішкі Ордадағы Нарын қисымында указной молда болып тағайындалғаны, кейін бұл қызметті оның ұлы Жұбанның жалғастырғаны Уфа архивінен табылған құжаттармен нақтыланады. Кітапта қосымша ретінде Жұбан молданың 1909 жылы өз қолымен толтырған Нарын қисымындағы №2 және №4 ауыл мешіттерінің тіркеу кітабындағы жазбалар араб жазуынан аударылып берілген. Ол жерде жаңа туған сәбилер, үйленген жас жұбайлар және өмірден өткен марқұмдар туралы ақпарат алуға болады.
Кітаптың тиражы – 500 дана, алам деушілер болса, 8-705-988-61-50, 8-747-501-19-01 телефондарына хабарласуына болады.
DQ