Жас кезінде Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде болашақ танымал қазақ қаламгерлерімен бірге оқып, поэзия көгінде жарқ етіп көрінген Жанғали Мырзалиев кейін тағдырдың талай теперішін көріпті. Жәнібек аудандық баспаханасында, газеттерде қызмет ете жүріп, қаламын өлеңге суытпаған. Бірақ өтпелі кезеңнің өкпек желі тұсында өзі жоқтаусыз, өлеңі сұраусыз кеткен еді. Ақынның жерлестері Алматыдан бері қарай архив ақтарып, Жанғали Мырзалиевтің әр жылдары әртүрлі басылымдарда жарық көрген туындыларын тірнектеп жинап, осындай жинақ етіп шығарып отыр.