«Алыптар ұшқан алтын ұя»

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында Совет Одағының батыры М.Жүнісов атындағы орта мектептің құрылғанына 150 жыл болды. Мерейтойлық жинақ осы датаға арналған.

Алматы қаласынан, «Арыс» баспасынан жарық көрген 14 баспатабақтық кітапта еліміздегі алғашқы мектептердің қатарында болған білім ордасының арғы-бергі тарихы түгел қамтылған. Бұл мектепте Алма Оразбаева сабақ берген, Қазақ АССР-інің тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешов білім алған, Шамғон Қажығалиев, Жанғали Набиуллин, Қалимолла Халықов сынды танымал азаматтар шыққан. Осы кітаптың жарық көруіне – мектеп түлегі, меценат Думан Қарағойшин көмектескен екен. Осы жинақты құрастырушы, мектеп директоры Аида Ғұбашева «Мектепке жол», басқа да қайырымдылық шараларына қол ұшын беріп жүретін Думан Кенжебайұлына зор алғыс айтады.

Қаралым саны 1143

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463