Көркем әдебиетке, әсіресе жаңа леп жас қаламгерлердің туындыларына да журнал бетінен әдеттегідей тұрақты түрде орын берілмек. Сонымен қатар өнердегі шоқтығы биік тұлғалармен, белгілі шығармашылық адамдарымен жасалатын сұхбаттар сүйікті басылымдарыңызға деген қызығушылықтарыңызды үстей түсер деген сенімдеміз.
Өткен жылы журналымыздың бірнеше нөмірінде Атырау облысының тарихы, мәдениеті мен руханиятына қатысты деректер жарық көрді. Биыл аталған бағыттағы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Ақтөбе облысы қамтылмақ. Осы нөмірде Ақтөбе облысының тарихи орындары мен тұлғалары, кәсібін дөңгеленткен іскер әйелдері, сондай-ақ ана мен бала тақырыбындағы материалдар назарларыңызға ұсынылады.
Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ,
журналдың бас редакторы