Түрлі себептермен араға уақыт салып, «Dana.qaz» журналы өздеріңізбен қайта қауышып отыр.

Басылым келешекте де әуелгі бағытынан танбай, ғылым мен білім, кәсіп, ұрпақ тәрбиесі, өлке тарихы, салт-дәстүр тақырыбындағы мазмұнды дүниелерді жариялауды жалғастыра бермек.

Журналдың алдағы сандарынан ат жаратудың, сондай-ақ қазақтың ұлттық сусыны қымыз баптаудың қыр-сыры, табиғат және экология, аңшылық дәстүр, ұлттық өнер бағытындағы материалдарды оқи аласыздар.

Әу баста журналды шығаруды ойға алып, ортаға салып ақылдасқанымда Қазбек Құттымұратұлы бас редакторлықты атқаруға бірден келіскен. Осыған дейін журналымыздың мазмұны халықтың көңілінен шықса алдымен бас редактордың еңбегі. Уақытпен санаспай, қат-қабат жұмыстармен қатар осы іске де білек түріп кіріскен ағамыз ақысыз ерен еңбек етті. Алғысымыз шексіз. Енді осы абыройлы да, салмақты, артар жүгі мол бас редакторлық қызметті батасын беріп Нұртас Набиоллаұлына тапсырды. Қиыншылығы көп, бірақ халық үшін қайырлы істі басылымның ендігі бас редакторы әрі қарай сапалы етіп жалғайтынына сенеміз. Сәттілік!

Жантас Сафуллин,
Ақылдастар алқасының төрағасы

Мерей ҚҰПЖАН,
Қазан Федералдық Университетінің аспиранты, Татарстан Республикасы.

«Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретіндей болуы керек» деген Елбасымыздың қанатты сөзі бар. Болашақтың іргетасын қалайтын да, іргесін сөгетін де жастар. Алғашқысы Мағжан сенген «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайраттылар» десек, кейінгісінің критерийі беймәлім... Біз жазған алғашқы топтың өкіліне айналып келе жатқан жастың бірі – Мерей Құпжанмен әңгіме-дүкен құрып, біраз нәрсенің тиегін ағытқан болатынбыз.

Тәуекел хан

(...-1598)

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAqaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға әйгілі Тәуекел хан Шығай хан ұлы «мөрін басты».

«Тарих толқынында» атты кітабында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алаш қайраткерлерінің еңбегін былай сипаттады: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау өз мойнына алды».  [1, 156-б.].

            Нұрғали Ипмағамбетов 1883 жылы Орал облысы, Орал уезі Қараоба болысының Төлектөбе ауылында (қазіргі Теректі ауданы) дүниеге келген. Әскери дәрігер. 1896 жылы Қараоба болыстық төрт сыныпты орыс-қазақ мектебін, 1905 жылы Орал реалды әскер мектебін (алтын медаль), 1911 жылы Санкт-Петербург әскери медицина академиясын бітірген.

Атырау жері – Қиғаш пен Жайық, Сағыз бен Жем өзендерінің және наркескен Нарын мен қақпақты Тайсойған құмдарының аралығында орналасқан киелі топырақ. Өлке тарихының арғы-бергі кезеңінің қай тұсына назар аударсаңыз да, осы жерде ғұмыр кешкен даналардың елжандылығы, ал жаңа заман ұрпақтарының еңбексүйгіштігі ел тарихының көне және жаңа парақтарынан орын алған. Ал тарих – болашаққа сапар шегетін әр елдің негізгі жолы.

Бұл кесене XIV ғасырдың соңы - XY ғасырдың бас кезінде салынған сәулет ескерткіші. Алтын Орда мен Ноғайлы дәуірінің көзі десек те болады. Академик Әлкей Марғұлан көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін, өзіне тән дүниетанымы мен бейнелеу өнерін талдай келіп «Ең көркем құлпытастар, сұлу күмбездер, кешендер, сағана тамдар Сағыз өзені бойында, Қобдада, Маңғыстауда сақталған» деп бағалаған екен. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы ұсынған «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының «Діни ғұрыптық және ғибадат орындары» санатына қосылған тізімде Абат Байтақ кесенесі бар. Дәл осы сипаттағы ескерткіш Еуразия бойынша Хорезм мен Челябі жерінде ғана болған.

Осыдан бес-алты жыл бұрын еліміздің бірнеше өңірінде біздің қоғамда бұрын-соңды болмаған, аты әдемі болғанымен, заты қызға қырық үйден тыйым салған қазақы тәрбиеге онша келіңкіремейтін орталықтар ашыла бастады: «Ана үйі». Иә, оң босағада отырып жүкті болып қалған, соның салдарынан әке-шешесі үйден қуып шыққан немесе жетімдер үйінен шығып, жігітінен алданып, басар жер, барар тауы қалмаған жас қыздар мен күйеуінен таяқ жеп, талақ етілген жүкті әйелдерге қолдау көрсететін орталық бұл.

Ұлт тұтастығы мен дін тазалығы жолына бүкіл ғұмырын арнаған ұстаз, хазірет, шежіре жинаушы, құрылысшы, егінші Қашақұлы Досжан қажы – дін тарихында жарқын есімі қалған ардақты тұлғалардың бірі. Ишан ата туралы 2018 жылы «DANA qaz» тарихи-танымдық журналы № 6-7 санында «Қазақ мүфтилігін ашуға талпыныс. Досжан хазірет» атты мақала жариялаған болатын.

Ақтөбе облысы Алға ауданы, Ақтөбе-Астрахань тас жолының бойында, Бестамақ елді мекенінің күншығыс жағында, Елек өзенінен өткен жерде биік қырдың басында батыр бабаның еңселі кесенесі тұр. Қыр етегінде қонақ үй, тілеухана, музей, шаруашылық бөлмелері бар. Есет Көкіұлы – батыр, қолбасшы, тархан, Жетіру тайпасының аға биі, батасы қабыл болған әулие.

АҚТӨБЕНІҢ МАРАЛДАРЫ

Осыдан бір-екі жыл бұрын Ақтөбеде ерекше жоба жүзеге асырыла бастады. Дәстүрлі емес ауылшаруашылығы саласына жататын бұл жобаның сәтті жүзеге асып кетеріне күмәнданғандар да болды. Себебі Ақтөбеде, қала берді еліміздің батыс өңірлерінде бұрын-соңды бұғы шаруашылығы деген болмаған еді. Марал бағу, оның мүйізін емдік мақсатта пайдалану тек еліміздің шығысында — Алтай аймағында ғана өркендеген кәсіп секілді болатын. Жергілікті кәсіпкерлер бұл көзқарасты түбірімен жойып, марал шаруашылығы кәсібін біздің өңірде де әп-әдемі дөңгелентуге болатынын дәлелдеді. Бүгінде Мәртөк ауданының Қазан ауылындағы «Зәру» пантоемдеу шипажайы аз уақыттың ішінде ақтөбеліктердің арнайылап ат басын бұратын бекетіне айналды.

Қазақстанның кең байтақ жерінде көне заманнан қалған ескерткіш көп. Әттең, солардың бәрін зерттеуге шамамыз келмей жатыр. Көне мұраларымыздың да бізді күтуге шамасы жетпей, көзі мен ізі мәңгіге жойылып кеткені де аз емес...

«Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін ұсынды. Нысандар «Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері», «Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар»,  «Діни және ғұрыптық орындар», «Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар», «Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар» деген санаттарға бөлінген.  Тарихи тұлғаларға арналған тізімде қазақтың бес ханына қатысты орындар бар.  Солардың бірі «Хан моласы» мемориалдық кешені.

Бұрын біздің қоғамда әйел адам атқа мінсе, оған қатысты «мансап қуған, отбасын құруды ұмытқан» немесе «отағасы ақша таппағасын әйелдің өзі кіріскен болар» деген секілді сыңаржақ пікірлер жиі айтылатын-ды. Ал бүгінгі шындық басқаша: қазіргі іскер әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен кәсібін жүргізіп, несібесін тауып отыр. Ерімен бірге елге пайдасын тигізіп жүрген нәзіктер көп.

Белгілі жазушы Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» романына арқау болған қазақтың ардақты ұлы Ораз-Мұхамед сұлтан Онданұлының қабірі Ресей Федерациясының Рязань облысы Қасымов қаласында жатыр. Тарихи тұлға 1600-1610 жылдары дәл осы Қасымов хандығын басқарған болатын.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463