Тәуекел хан

Тәуекел хан

(...-1598)

Профессор, белгілі арабтанушы Әшірбек Муминовтың ұсынысымен «DANAqaz» журналы «Мөр» атты жаңа айдар ашқан болатын. Бүгін біздің журналымызға әйгілі Тәуекел хан Шығай хан ұлы «мөрін басты».

Тәуекел хан — 1582-1598 жылдары билік құрған Қазақ хандығының билеушісі. Ол – Қазақ хандығын құрушы Жәнібек ханның ұрпағы, Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай ханның ұлы. Тәуекел он жылдан астам (1586-98 жж.) хан тағында отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір және Орта Азия билеушілерімен тынымсыз күрес жүргізеді. Тәуекел хан Мәскеуге елшілік жіберіп, орыс патшасымен одақ құруға күш салады.

Тәуекел хан Ташкент қаласы үшін ұрыс жүргізіп, оны Қазақ хандығына қосады. Осыдан кейін ол Самарқанд қаласын алады. Тәуекел ханның арқасында оңтүстіктегі қалалар толығымен қайтарылады және Ташкент, Әндіжан қалалары Қазақ хандығына бағынады. Бұхара қаласы түбіндегі бір шайқаста оқ тиіп, жараланады да, содан қайтыс болады. Тарихта Тәуекел ханды қазақ халқының жерін біріктіруді аяқтаушы деп санайды.

DQ

Қаралым саны 3656

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463