Қазақстан Президентінің «Рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы тапсырмаларға сай іске қосылған «Қасиетті Қазақстан» жобасы ұлт тарихымен байланысты өзге елдердегі қасиетті тарихи орындарды анықтау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жақында «Қасиетті Қазақстан» ҒЗИ директоры Берік Әбдіғалиұлы бастаған бір топ қазақ зерттеушісі арнайы этно-мәдени экспедиция құрып, Ресей Федерациясының бірқатар тарихи мекеніне барып қайтты.
Тарихи деректерге сәйкес, Шығай xанның немересі, Борис патша Годуновтың досы, Касимов xандығын 10 жыл басқарған Ораз-Мұxамед осы Ауған Мұxамед мазарының қасында жерленген екен. Оның басына қойылған құлпытас – көк тасы Кеңес заманында жоғалған.