Құрметті оқырман!

Биыл "Егемен Қазақстан" газетіне 100 жыл толып отыр. Тарихи тұрғыдан алғанда осынау мерейлі датаның маңызы ақ Жайық жұртшылығы үшін тіптен ерекше. Өйткені ең әуелі "Ұшқын" деген атаумен Орынборда жарық көрген аталмыш басылымның тарихы Орал өңірінен шыққан тұлғалармен тығыз байланысты. "Егемен Қазақстанның" БҚО-дағы меншікті тілшісі, баспасөз тарихын зерттеуші Қазыбек Құттымұратұлының журналымыздың осы санында жарияланған мақаласы арқылы шежірелі басылымның қызықты да қатпарлы тарихымен таныса аласыздар.

Аса ірі тарихи тұлға, даңқты қолбасшы Жалаңтөс батыр есімін ұлықтау бағытында атқарылған шаралардың нәтижесі туралы және Ақтөбе өңірінен шыққан жеті бірдей қазіреттің өмір деректерінен сыр шертер көлемді материалдарды, осы санда жарық көрген өзге де танымдық маңызы терең мақалаларды рухани жаңғырудың түпкі идеясымен үйлесім тапқан дүниелер десе болады.

Мұның бәрі жазба тарихымыздың бүгінгі таңда түгенделіп жатқан тың парақтары екені даусыз.

Ендеше ұлт тарихына қатысты тың деректерді жариялаудан танбайтын, бүгінгі тұрмыс пен руханиятқа да, ел ертеңіне де бейжай қарамайтын отаншыл рухтағы басылым - "Danaqaz" журналымен алдағы уақытта да бірге болайық!

Қаралым саны 1022

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463