Биыл "Егемен Қазақстан" газетіне 100 жыл толып отыр. Тарихи тұрғыдан алғанда осынау мерейлі датаның маңызы ақ Жайық жұртшылығы үшін тіптен ерекше. Өйткені ең әуелі "Ұшқын" деген атаумен Орынборда жарық көрген аталмыш басылымның тарихы Орал өңірінен шыққан тұлғалармен тығыз байланысты. "Егемен Қазақстанның" БҚО-дағы меншікті тілшісі, баспасөз тарихын зерттеуші Қазыбек Құттымұратұлының журналымыздың осы санында жарияланған мақаласы арқылы шежірелі басылымның қызықты да қатпарлы тарихымен таныса аласыздар.

Орал қаласында 2012 жылы баспасөз тарихын зерттеу орталығын құрып, Қазақстан мен Ресей архивтерінен және кітапханаларынан көптеген газет тігінділерін әкеліп, араб әліпбиінен аударып, арнайы кітаптар шығарғанбыз. «Ұшқын» газетінің отыз нөмірі, алпыс беті қамтылған 1919-1920 жылдардағы тігіндісі алғаш рет кирилл әліпбиінде өз алдына жинақталып, 2016 жылы жарық көріп еді.

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданына қарасты Бисен ауылында туып-өскен Ердәулет Әбуов жақында Оңтүстік Корея елінің Кванджу қаласынан оралды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Биыл ел газеті «Егемен Қазақстан» бір ғасырлық тойын атап өткелі отыр. Сонау 1919 жылы 17 желтоқсанда «Ұшқын» деген атаумен Орынборда жарық көрген басылымның басы-қасында жүрген алғашқы редакторлар ретінде Халел Есенбаев пен Тамимдар Сафиевтің есімі қатар аталады.

Орта мектепті үздік бітірген Валентина әке жолын қуып заңгер болғысы келді. Кеңес Одағы бойынша төрт заң институтының ең жақыны Саратовта еді. Бірақ күндізгі бөлімге құжат тапсыру үшін кемінде екі жыл еңбек тәжірибесі болуы міндетті екен. Қайсар қыз институттың кешкі бөліміне құжат тапсырып, емтихандардан қиналмай өтті. Екі-үш жыл мақсатты түрде дайындалып, әкесі жинаған барлық кітапты оқып тауысқанының пайдасын көрді.

«Қасиетті Қазақстан» картасына «Ұлт-азаттық көтеріліс батырларының кесенелері» тізімі бойынша Ақтөбе облысынан қосылған нысандардың бірі - Есет Көтібарұлы мазары. ХІХ ғасырда өмір сүрген халық батыры Есет Көтібарұлына (1803-1889) алғашқы кесене 1890 жылы төртбұрышты шикі кірпіштен күмбезделіп өріліп, қабырғалары әшекейленіп тұрғызылады. Бірақ уақыт және табиғи факторлардың салдарынан бұрынғы кесене құлап қалған. Оның орнына 1993 жылы жаңа кесене салынған.

Ақтөбе қаласының «Сапар» автовокзалы аумағында «Тұранның соңғы жолбарысы» атанған Жалаңтөс баһадүр ескерткіші ашылды.

Орта ғасырлық түркі халықтары тарихына есімін алтын әріппен жазып кеткен би, әмірші және ұлы қолбасшы Жалаңтөс Сейітқұлұлының ескерткіштері бұған дейін Арал қаласында, 2010 жылы Қызылорда қаласында, 2018 жылы Шымкентте, 2019 жылы Самарқанда қойылған еді. Ақтөбеде ескерткіш қоюға мұрындық болған, әрі бүкіл шығынын көтерген «Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлы» қайырымдылық қоры.

Осыдан біраз жыл бұрын Ақтөбеде белгілі ақын, көсемсөзші Мейірхан Ақдәулетұлының бастамасымен «Ақтөбе кітапханасы» сериясы қолға алынған болатын. Ежелгі жыраулардан қалған мол қазына, одан берідегі Ақтөбе топырағынан жаратылып, қазақ әдебиетінде із қалдырған тұлғалардың інжу-маржаны қолдарына тиген жұртшылық бір серпіліп қалған-ды. Сол тұстағы облыс әкімі Елеусін Сағындықов та шығармашыл ұжымға ерекше ықылас танытып, барлық жағдайды жасаған еді. Алайда ол кісі кетісімен аталған жоба тоқтап қалды.

Құрметті оқырман! Төмендегі материалда  Ақтөбе  облысынан шыққан жеті бірдей қазіреттің өмір деректері келтірілген. Бұл деректерді жинақтап, хатқа түсірушілер – Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінің қор сақтаушысы Дания Абатова және «Руханият» танымдық клубының төрайымы Жібек Абдуллина. Материалдың көлемі жағынан ең қомақты бөлігі – Пәтуәлі ишан жайлы  бөлім. Пәтуәлі ишан туралы мәліметтер оның тікелей немересі – Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны болған Нұрбай Мұхаммеджанұлының (1943-2018 жж.) баяндауы негізінде жазылған.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы зиялы қауымның көңілінен шығып, халық қолдауына ие болғаны даусыз. Бұған дейін еліміздің мәдени-рухани бағытында жүзеге асқан «Мәдени мұра» секілді, ауқымды жұмыстардың жасалуына серпін берген, мемлекет пен ұлттың тарихы мен мәдениетінің жоғын түгендеп отыруға мүмкіндік берген жоба болды.

Атырау облысындағы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-зерттеу экспедициясы жақында Алтын Орда астаналарын автокөлікпен аралап шықты. Сарайшықтан басталған сапар бүгінде Ресей Федерациясы аумағында жатқан ортағасырлық көне шаһарлар орнымен жүріп өтті.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Биыл қазан айының аяғында елді елең еткізген жаңалық тарады. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жариялаған хабарды бүкіл баспасөз өкілдері іліп әкетті.

hуАллаhу әл-халиқул-бақи (Ол Жаратушы Алла ғана мәңгілік) ... Кіші жүз байұлы байбақты руының Қынық тайпасы (жолдығұл бөлімі) Каратай батырдың немересі Болғанбай батыр Ленбайұлы (Лесбай) (1767-1841). Құлпытас қойған балалары Әлмажид, Шалқар, Жұмабек(Жұмабай) мырза. Бір ірі тұлғаны өлтіріп, Сырым Датұлына паналап келгенде, Жарқындардың жерінен қоныс тепкен екен. Содан Жымпиты мен Қособаның ортасында өмір сүріп, сол жерге жерленген.

Мұратбек Жахатовтың фэйсбук парақшасынан

«Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының «Діни және ғибадат орындары» бөліміндегі тізімде Ойсылқара әулие бар. Бұл қорым Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы ең ірі мемориалды-діни кешен.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463