Жаһанша Досмұхамедовтың өз қолымен жазылған және бүгінде табылып, зерттеушілер назарына ілінген бірден бір еңбегі – «Уральский листок» газетінде жарияланған «Несколько слов о киргизском обычном праве и народном суде» атты мақаласы. Бұл мақаланы алаштанушы Дәметкен Сүлейменова Мәскеудің мұрағат деректерінен тауып, 2010 жылы жарық көрген «Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов» атты монографиясында жариялаған еді.
Жымпитыдағы Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева өзінің «Мұрағат деректеріндегі Жаһанша сөздері» атты еңбегінде былай деп жазады: «Мәскеудің өздері тұрған қазіргі Лестева көшесінде көрме өтетін галерея жұмыс жасайды екен. Сол жердің қызметкері әрі сол көшенің тұрғыны Инна Дробинская бізге хабарласып репрессия құрбандарына арналған көрме өтетінін және сол көрмеде Жаһанша Досмұхамедовтың да болуы керектігін айтты. Тек ол кісіде атамыз туралы дерек жоқ болып шығады. Мұрағатқа хат жазғанын, соны күтіп отырғанын айтып көмек сұрады. Сонымен біз ол кісіге Досмұхамедовтың фотосуреті мен өмірбаянын жібердік. Олар бізге мұрағаттан алған құжаттарын жіберетін болды. Сөзіне тұрып Инна Дробинская бізге 83 беттен тұратын №6516 құжат папкасының топтамасын жіберді. Құжат бізге Жаһанша болып тіл қатқандай болды».
Міне, біз жоғарыда аталған «Уральский листокта» басылған мақаланы және Айнагүл Ойшыбаеваға Инна Дробинская жолдаған мұрағаттық құжаттың ішінен 1938 жылғы тергеу хаттамасында Жаһанша Досмұхамедовтың өз қолымен жазылған, оның Ақпан төңкерісі кезеңінен басталатын әс-әрекеттері баяндалатын материалды толық нұсқада, қаз-қалпында жариялап отырмыз.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463