Биылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында «DANA.qaz» тарихи-танымдық журналының жарық көре бастағанына жеті жыл толып отыр. Жеті - қазақ үшін киелі сан. Ешқандай тұрақты қаражат көзі жоқ басылымның арасында аздаған кідірістер болса да, осы уақытқа дейін үзіліссіз шығып келгенін өздеріңіздей қалың оқырманның ықылас-ниеті, алғаусыз тілегінің арқасы деп білеміз. Жеті жылдың ішінде тарих, өлкетану бағытындағы тың деректер мен ұлт болашағына қажетті көптеген құнды мәліметтер үздіксіз жарияланып тұрды. Осы орайда журналдың алғашқы нөмірінен бастап, таяу сандарына дейінгі аралықта редакторлық қызметін атқарған өте білікті кәсіби маман, танымал журналист, өз ісіне адал жан Қазыбек Құттымұратұлының өлшеусіз еңбегін атамай өту мүмкін емес.

Осыдан жеті жыл бұрын желтоқсан айында «Dana.qaz» журналының алғашқы нөмірі жарыққа шыққан. Сонда ақ жол тілеп, басылымның басты мақсатын «Әрайна» айдарында «Жан азығы» атауымен жазғанбыз. Қайта еске салып, үзінді келтіруді жөн санадық: «...Әйткенмен әлі де болса маңызды мәселелер бар. Соның зоры – рухани сауатсыздық. Бұл – үлкен кесел. Үш ғасырға жуық бодандықтың қамытын киген халықтың бойынан құлдық сананы аз уақыттың ішінде өшіріп тастау оңай шаруа емес екендігі анық. Көпшіліктің түсінігінде бәрін мемлекет, яғни билік атқару қажет деген қате пікір қалыптасып қалған. Керісінше, әр азамат халыққа адал қызмет ету жолында жанын салуы керек. «Көш жүре түзеледі» деп, жайбарақаттық танытуға болмайды.

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж — 106 жылдық тарихы бар, елімізге белгілі байырғы оқу орны. 1913 жылы мұғалімдер семинариясы болып ашылып, кейін педагогикалық техникум, училище аталған білім ордасының өткен белестері еліміздің тарихымен тағдырлас.

2017 жылы Алаш қозғалысының ғасырлық тойы Семей, Жымпиты сияқты мекендерде кең көлемде атап өтілді. Әсіресе, Батыс Қазақстан өңіріндегі мемлекеттік құрылымды құрып, қызмет еткен Алашорданың батыс бөлімі қайраткерлерінің атқарған қызметін халыққа жеткізу мақсатында бірталай қызмет атқарылды. 

Қазақ елінің, оның халқының басынан өткен ең ауыр зұлмат, бұл 1937-1938 жылдардағы жазықсыз жазалау болды. Халқымыздың маңдайалды азаматтарын түгелдей қамтыған бұл зұлматта, өзін-өзі басқарып, ұлттың мүддесін қорғай алатын автономиялық мемлекеттік жүйе құруды мақсат еткен «Алаш» қозғалысының көзі ашық азаматтары жазықсыз жапа шекті. «Алаш» ұлттық автономиясын орнатуды көксеген Батыс Алаш-Орда
үкіметінің негізін қалаған азаматтың бірі – Жаһанша Досмұхамедов. 

Біздің өңір үшін толайым тарихтың тініне айналған арда азаматтардың тізбегін сонау Сырымнан бастап, талай дарабоздарды алтын әріптермен жаза беруге болады. Алайда олардың ішінен орны бөлек бір тұлға бар. Ол ұзақ уақыт бойына еш еңбегі еленбей, тарихи зұлматтың тар зынданынан шыққан Жаһанша Досмұхамедұлы десек, қателеспейміз.

РФ Мәскеу қаласындағы мемлекеттік архивте ҚК-ның 58 - бабы, 10 және 11- тармақшалары бойынша Жаһанша Дос-Мұхамедовты айыптау туралы №6516 ісі сақталған. Қор 10035, тіз. 1, іс №П-50151. Бұл іспен жекелеген зерттеушілер танысқанымен, жаппай көпшілікке деректер беймәлім. 1938 жылы маусым айының басында ұсталып, тергеуге алынған Жаһанша Досмұхамедовтың айтуымен толтырылған тергеу хаттамасының басында еңбек жолы туралы өзі толық баяндаған. Өмірбаянын қанша жүйелі, ретімен толық айтса да, тергеуші сұрақ-жауап барысында өздері қалаған айыпты дәлелдеу үшін түрлі айла-шарғыға барғаны байқалады. Жаһанша Досмұхамедовтың әр бетте қойған қолынан-ақ осыны байқауға болады. Басында анық, толық қойылса, артынан қысқа қайырылып, шамамен шимайлай салғандай. Қандай азап пен қорлықтан өткені бір Аллаға ғана аян. Қарадан шығып, халық арасында хан атанған, автономияны тұңғыш батыл жариялап, басшылық еткен, оны Кеңес үкіметіне мойындата білген, ана сүтін адал ақтаған Жаһанша Досмұхамедовтың 1938 жылғы тергеу хаттамасындағы әр сөзі құнды. Тек бір адамның емес, қиын-қыстау кезеңдегі тұтас елдің тарихы, шерге толы тағдыры деуге болады. Үш-ақ мысал келтірейік.

Құрметті оқырман!

Ұлт тарихын зерттеп, зерделеу бағытындағы көптеген ірі жобаның авторы Жантас Сафуллиннің осынау мақаласы бірер жыл бұрын облыстық «Орал өңірі» газетінде жарық көрген еді. Жаңғыртып, қайта жариялап отырмыз. Автор бұл шағын еңбегінде Алаш арысы Жаһанша Досмұхамедовтың жерленген жері мен соңғы мекенжайының қалай табылғаны және өзінің сол орындарда арнайы зиярат еткені туралы баяндайды.

Жаһанша Досмұхамедовтың өз қолымен жазылған және бүгінде табылып, зерттеушілер назарына ілінген бірден бір еңбегі – «Уральский листок» газетінде жарияланған «Несколько слов о киргизском обычном праве и народном суде» атты мақаласы. Бұл мақаланы алаштанушы Дәметкен Сүлейменова Мәскеудің мұрағат деректерінен тауып, 2010 жылы жарық көрген «Алаш қозғалысы және Жаһанша Досмұхамедов» атты монографиясында жариялаған еді. 

Жымпитыдағы Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаева өзінің «Мұрағат деректеріндегі Жаһанша сөздері» атты еңбегінде былай деп жазады: «Мәскеудің өздері тұрған қазіргі Лестева көшесінде көрме өтетін галерея жұмыс жасайды екен. Сол жердің қызметкері әрі сол көшенің тұрғыны Инна Дробинская бізге хабарласып репрессия құрбандарына арналған көрме өтетінін және сол көрмеде Жаһанша Досмұхамедовтың да болуы керектігін айтты. Тек ол кісіде атамыз туралы дерек жоқ болып шығады. Мұрағатқа хат жазғанын, соны күтіп отырғанын айтып көмек сұрады. Сонымен біз ол кісіге Досмұхамедовтың фотосуреті мен өмірбаянын жібердік. Олар бізге мұрағаттан алған құжаттарын жіберетін болды. Сөзіне тұрып Инна Дробинская бізге 83 беттен тұратын №6516 құжат папкасының топтамасын жіберді. Құжат бізге Жаһанша болып тіл қатқандай болды».

Міне, біз жоғарыда аталған «Уральский листокта» басылған мақаланы және Айнагүл Ойшыбаеваға Инна Дробинская жолдаған мұрағаттық құжаттың ішінен 1938 жылғы тергеу хаттамасында Жаһанша Досмұхамедовтың өз қолымен жазылған, оның Ақпан төңкерісі кезеңінен басталатын әс-әрекеттері баяндалатын материалды толық нұсқада, қаз-қалпында жариялап отырмыз.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463