Өздеріңіз байқағандай, журналдың осы нөмірінің біраз бөлігін БҚО Сырым ауданының материалдары құрап отыр.
Бұл – журнал құрылтайшысының аудан басшылығына өзара тиімді әріптестік байланыс орнату туралы ұсынысынан туын-даған нәтиже. Журналға қандай материалды ұсыну жағы өз еркіне берілген сырымдықтардан түскен материалдарға, ақи-қаты керек, көңіліміз толды. Өйткені ауданның саяси-қоғамдық тыныс-тіршілігінен хабар беретін материалдармен қатар (жастар саясаты, дін саясаты т.с.с), өңірдің рухани (Қуанай хазі-рет), өнер (жазушы Жәрдем Тілеков) тұлғалары жайлы мақа-лалары – аумақтың өткені мен бүгініне қатар көз жүгіртуге мүмкіндік береді деген пікірдеміз. Журнал мен өңір арасын-дағы байланыс осы нөмірмен шектелмей, Сырым елінде қолға алынған және облысымыздың өзге аумақтарына үлгі болар-лықтай ауданішілік жолдар сынды сапалы да тұрақты болады деп үміттенеміз.
Журналымыздың осы санының өзге де материалдары басылымның бұрынғы сара жолын сақтаған дәстүрлі жан азықтары десек, қателеспеспіз. Сіз болып, біз болып, елге түскен елеулі қиыншылықтарды бірге еңсеріп, жақсы күн-дерде жанға жағымды жарияланымдар арқылы жүздесе берейік!
Құрметпен,
Нұрлан СӘДІР