Биылғы пандемия ешкімге, соның ішінде қазақ халқына оңай тиген жоқ. Басқасын былай қойғанда, ағайын-тума бір-бірімен араласа алмай қалды. «Қасқырды аяғы асыйратыны» сықылды ел-жердің түкпір-түкпіріне зыр жүгіріп, газет-журналы үшін мәлімет-дерек жинайтын, біз сықылды, журналистер жамағаты газет-журналымызды уақтылы шығара алмай, қиналып қалдық. Сөйте тұра, індет әлі басылмаса да, биылғы жылдың аяғында қайрат қылып, жаңа нөмірін шығаруды жөн көрдік.

2019 жылдан бас редактор қызметін атқарған Нұртас Набиолла-ұлы Қаратөбе ауданына ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалуына байланысты осы нөмірден бастап бас редактор-лық қызмет Нұрлан Сәдірге табысталды.

Назарларыңызға Чехия елінде жоғары білім алған Асенеева Ақнұр Мейрам-қызымен өткен онлайн сұхбатты ұсынамыз.

– Ақнұр, қайырлы күн! Өзіңізді қыс-қаша таныстыра кетсеңіз.

– Қайырлы күн! Мен 1996 жылы Орал қаласында дүниеге келдім. Бала кезімнен Ақсай қаласындағы №4 бала-бақшадан тәлім алып, сол қаладағы №4 ЖББОМ-ны «Алтын белгіге» бітір-дім. Кейіннен Астана қаласындағы Еуразия Ұлттық университетіне құры-лыс мамандығына түстім. Оқумен қа-тар BI Group холдингінде біраз тәжіри-бе жинадым.

«Дана» оқу орталығы ҰБТ-ға дайындық жұ-мыстарын жаңартып, тың жобаларды бастады. Республика бойынша ҰБТ-ға дайындауға әбден машықтанған, тәжірибелері мол ұстаздардың видео сабақтары мен тестілерінен, видеотал-дауларынан құралған сабақ онлайн платфор-масымен шарт жасадық. Әлемді шарпыған індеттің әсері бәрімізге белгілі, қауіпсіздік үшін әлсін-әлсін шектеулер қойылып, жоғары сынып оқушылары былтырдан бері мектепке барып оқуды доғарды. Жоғары оқу орнына түсу үшін қажетті балл жинауға талапкердің мектеп қа-бырғасынан алған білімі жетіспейтіні түсінікті. Сондықтан көптеген ата-ана балаларын жеке оқу орталықтарына едәуір қаражат төлеп оқы-туда. Қауіпсіздік пен білім сапасын таңдаған ата-ана мен оқушы үшін «Дана» орталығының бүгінгі ұсынысы аса тиімді.

«Сырым» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге кө-мек орталығы» қоғамдық бірлестігі аудандағы діни ахуалды тұрақ-тандыруға бағытталған іс-қызметін 2014 жылдан бастап атқарып ке-леді. Аталған қоғамдық бірлестікке аудандық бюджеттен 2018 жылы 4 млн, 2019 жылы 6 млн, 2020 жылы 6 млн теңге бөлінді.

Қандай да бір аумақтың әлеуетін екшелеп, келешегі жайлы пайымдаған әлеумет-танушы өзге де маңызды фак-тор, көрсеткіштермен қатар міндетті түрде ол аумақтағы жастардың үлес салмағына зер салады. Сондай-ақ сол жастар-ға қатысты саясаттың сандық-сапалық көрсеткіштеріне де назар аударады. Өйткені нақ-ты бір аумақтың да, аумақтар-дан тұратын тұтас мемлекеттің де болашағы – жастар. Жастар көп болса, оларға қатысты саясат дұрыс болса, сол елдің келешегі де жарқын болмақ.

Аудандық маңызы бар жолдардың 15 шақырымы жөнделді (Бұлдырты, Өлеңті, Алғабас). Сонымен қатар «Нұр-лы жол» бағдарламасы аясында Тоға-нас ауылына кірме жолдың 10,6 шақы-рымын орташа жөндеуге 519,256 қар-жы бөлініп, жұмыс жүргізілуде. Жалпы қаржысы (696,352 млн теңге), мерді-гер – «Айдана» ЖШС.

Биылғы жылдың қараша айының басында Орал қаласында «Имплантологиялық емдеу барысында альвеоляр айдарды қалпына келтіру» тақырыбында пластикалық және эстетикалық дентал имплантация бойынша семинар өтті. Семинарды «Dentium» (Оңтүстік Корея) компаниясының өкілі ретінде Алматы медицина институтының 1996 жылғы түлегі (туған жері – БҚО, Жаңақала ауданы Қисық Қамыс ауылы 1971 ж.), дәрігер-стоматолог Жан Эдиссонұлы ұйымдастырды. Семинардың авторы және жүргізушісі: Dentium Qazаgstan компаниясының жетекші маманы, дәрігер хирург-имплантолог Чауш-Оглы Омар Исмаилович.

DANAqaz журналы, негізінен тарихи-танымдық бағыт ұстанғанымен, өз аясын тек осы тақырыппен шектемей, қоғамымыздың түрлі түйткілді мәселелеріне атсалысып келеді. Алдағы уақытта оқырмандарымызға құқық, заң мәселелерін, соның ішінде жер-гілікті құқық органдарының іс-тірлігі жайлы жарияланымдарды ұсынбақ ойымыз бар. Осы бағытта жергілікті полиция департаментінің басшылығымен байланыс орнатылып жатыр. Аталған ниет, байланыстың бір көрінісі ретінде төмендегі мақаланы ұсынамыз және бұл екіжақты тиімді қарым-қатынас алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.

2020 жылдың күзінде Алматы қаласындағы «Қазақ кітабы» баспасынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, профессор Кәрима Сахарбаева мен өлкетанушы Нұртас Набиоллаұлының «Дария-күйдің кемесі» атты кітабы жарық көрді.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория-сының Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған бұл кітап-тың аннотациясында жазылғандай, «Дария-күйдің кемесі» жинағы Батыс Қазақстан облысындағы дәс-түрлі дәулескер күйші Өтеген Жұмашевтың шығар-машылығына арналған. Жинақта Ө. Жұмашевтың мамандығы басқа бола тұра, күйтанушылық қыры, күй өнеріндегі орны мен үлесі, сайыстарда иеленген жүлделі орындары, бұрын белгісіз көне жәдігерлерді асыл мұра қорына қосуы және күйшімен кездескен ғалымдар, зерттеушілердің еңбектері қақында баян-далады. Сонымен қатар күйшінің орындаушылық өнерін бағалаған ақын-жазушылар мен жергілікті тілшілердің материалдары топтастырылған. Жинақ арнайы музыкалық оқу орындарының барлық деңге-йіне, ғалымдар мен зерттеушілерге және өнерсүйер барша оқырман қауымға арналады.

Төменде осы кітаптан үзінді ұсынамыз.

Көзі қарақты оқырманға жақсы таныс «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің 3 қазандағы №39 санында «Жазушы Жәрдемге көше аты бұйырмай тұр» атты мақала жа-рияланды. Мақалада жазушы Ж. Тілековтың әдебиеттегі қал-дырған ізі жөнінде баяндала келе, жазушының отбасы, соңында қалған жалғыз қызы Роза жөнінде айтылады. Жақында жазушы Ж. Тілековтың қызы Роза Тілековамен жүздесіп, аз кем болса да әңгімелесудің сәті түсті.

Жазушы, ақын Жәрдем Тілеков жөнінде құнды дүниелер жа-зып, зерттеумен айналысып жүрген жандардың бірі – ҚР Жазушы-лар және Журналистер Одағының мүшесі, тележурналист, ақын Мұнайдар Балмолда. Сәті келіп, әріптесімізбен Тілеков тақырыбында сұхбаттасқан едік.

Жазушы Жәрдем Тілековтің сырымдық екенін, оның ішінде өзіміздің Аралтөбе ауылының тумасы екендігін бірі білсе, бірі білмес. Ол ол ма, біреулер оның есімін де естімеген шығар.

Күнбатыс Алашорданың рухани көсемі Қуанай хазырет жайлы бұл мақала жазушы, өлкетанушы Қайыржан Хасановтың «Қаратөбе – өнерлі өлке», «Қаратөбе. Алашорда сиезі», «Хазірет Құрбанғали», «Төлеген Иманғазиев» атты еңбектерінің негізінде дайындалды.

 

Қуанай Қосдәулетов – Руы байбақтының Түкіші, оның Қанатай бөлімі. Жымпиты бойында ағып жатқан Шідерті, Өлеңті өзендерінің қосылған жері – Қоспада мешіт ұстаған тоқсоба руынан шыққан Шүйінішқали деген молда болыпты. Шүйінішқали қартай-ғасын, өзі басқарған мешітті күйеу баласы Қуанайға тапсырған. Мұсылман зиялыларының басы қосылған Қаратө-беде өткен Алаштың бірінші съезінде салық жөнінде екі пікір туғанда, өзара келіспей қалғандарға «ұлт боламын десеңдер, бірігіңдер», - деп келіссөзге шақырушы. Ол 1863 жылы Жымпиты-ның Қособа ауылдық кеңесінде туған. Жоғары діни оқу орнын бітірген. Елде ірі байларды тәркілеу басталғанда 1928 жылға дейін жеке меншігінде 20 сиы-ры, 100 қойы, 10 жылқысы, 6 түйесі бар Қуанай бай да, осы салаға жатқызы-лып, отбасымен үш жылға жер ауда-рылған. Отбасындағы жағдайында – 56 жастағы әйелі Гүлстан, 31 жастағы ба-ласы Қуанаев Зәкір, 20 жастағы келіні Қуанаева Маржан болған.

Иә, мақаланың атауы айтып тұрғандай, «Әке өнегесі» (авторы – Нұрлан Сәдір) кітабынан келтірілген бұл қос үзіндіде есімдері аталатын үш тұлғаға ортақ үш фактор бар: шығарманың бас кейіпкері Нәбиолла Сафоллаұлы да, ол туралы тебірене ой қозғаған Қайыржан Хасанов (марқұм) мен Құрманғазы Қараманұлы да бір өңірдің түлектері, үшеуі де қазақ үшін айтулы оқиғаларға бай желтоқсан айында дүниеге келген. Және үшеуіне де тән ең басты қасиет туған жеріне деген іңкәр жүрек, ыстық ықыластары десем, қателеспеспін. Кітапта баяндалғандай, Нəбиолла Сафоллаұлының еңбек жолы – халыққа қызмет етудің, ұрпаққа тәлім-тәрбие беру-дің үлгісі. Бригадир көмекшісі, комсомол ұйымының хатшысы, шеберхана меңгерушісі, бас инженер, заңгер-кеңесші, кадр жөніндегі аға инженер, механизация курсының мұғалімі, қай қызметті қолға алса да, Нəбиолла ағаның ел-жұрттың қамын жеген іс-тірлігі кітапта жеткілікті көрініс тапты. Сондықтан да «Әке өнегесінің» аннотациясында «Бұл жинақта бала тəрбиесіне ерекше мəн берген əкенің өмірі туралы естеліктер топтастырылған. Кітаптың басты кейіпкері Нəбиолла Сафоллаұлы (1940-2004 ж.ж.) – өз ортасында адал, кең пейілді, табанды, турашыл адам ретінде ерекшеленген абзал азамат. Кітаптан көне заманнан үзілмеген бабалардың асыл қасиеттерінің қазіргі уақыттағы текті адамның бойынан көрініс табуының мысалдарын көруге болады. Естеліктер жинағы өнегелі əкені құрметтейтін балаларға, ұрпағына ізгілікті тəрбие беруді көздеген əкелерге, жалпы оқырман қауымға арналады» деп жазылған.

Тәуелсіздік шежіресі қазақ халқы қалыптасып, жер бетіндегі өзге ел-жұртпен терезесі тең өмір сүруге деген құқығын жүзеге асыра бастаған сонау ықылым замандардан басталады. Ол шежіренің ақтаңдақтары аз емес, сондай-ақ ел тарихындағы елеулі оқиға бола тұра, ресми әділ бағасын ала алмай жүргендері де баршылық. Соның бірі – 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы. Атауын эпицентрі – Жаңаөзен қаласынан алғанымен, бұл айтулы оқиғаның тек осы қаламен шектелмегені де белгілі. «Оқиға» демекші, оны оқиға емес, көтеріліс деп санайтын және осы көтеріліс пен оның мән-маңызы жайлы баспасөз бетінде тарқатып жүрген санаулы жанның бірі қоғам қайраткері Жәнібек Қожықов екенін айта отырып, осы азаматтың 2009 жылы «Жас Алаш» газетінде жарияланған мақаласының ықшамдалған нұсқасын ұсынамыз (мақаланың толық нұсқасын ғаламтордан оқуыңызға болады):

QUEEN GEMMA MULTI ESSENCE

эссенсация құрамы:

Негізгі құрамға пептидтердің 3 түрі кіреді:

Гексапептидтер, пентапептидтер және полипептидтер. Гексапептидтер әжім-дерді тегіс етеді, жанама әсерлері жоқ Botox-қа  балама. Полипептидтер мен пентапептидтер теріні жасартады, жасына қарай пайда болатын әжімдердің санын азайтады, олардың тереңдігін азайтады, тіпті тері құрылымынан да жапондық Камелия мен Рускус сығындысы теріні терең ылғалдандырады, терең нәрлейді және беткі қан айналымын жақсартады. Коллаген бет терісі-нің коллаген деңгейін қалпына келтіреді, аденозин коллаген өндірісіне бел-сенді әсер етеді, эпидермис жасушаларында эластиннің пайда болуына ық-пал етеді.

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы (XVIII ғасырдың ІІ жартысы) сардарларының бірі Ерсары батыр Бегетайұлының кесенесі. Ерсары батыр атындағы қоғамдық қордың күшімен көтерілген кесене әулие Дәдем ата – Жұмағазы хазірет көне қорымының маңыңда орналасқан.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463