Жаңа қызметке ауысқан Нұртасқа, журналдың тізгінін қолға алған Нұрлан ағаға сәттілік тілеймін.
Осыдан 8 жыл бұрын Тәуелсіздік күні қарсаңында журналымыз-дың алғашқы нөмірі жарық көрген. Басты мақсатымыз тәуелсізді-гімізді бекем етуге қызмет ету болатын. Осы бағыттан таймаймыз. Барша оқырманымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Алдағы нөмірлерге қосымша кәсіп, денсаулық, заң тақырыпта-рына да орын бермек ойымыз бар. Мысалы, осы нөмірде ғалам-тор арқылы есірткі тарату фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы жаздық. Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті-нің бастығы Мақсұтхан Аблазимовқа аты шулы түрлі қылмыс оқи-ғаларының қалай ашылғандығы жөнінде халықты журналымыз арқылы кеңінен хабардар етуді ұсындық. Сонымен қатар тарихи тұлғалар туралы зерттеу мақалаларын жазу үшін заң шеңберінде архив құжаттарымен танысуға рұқсат сұрадық. Қолдады, ризамыз. Әр ашылған қылмыстық істің артында мамандардың жанкешті ең-бегі жатыр. Соны насихат ету арқылы қандай болмасын қылмыс-тық әрекеттің артында жаза барын көрсетіп, болашақта жол бер-меуге сәл де болса үлес қосу – мақсат.
Әлемді, елімізді шарпыған індет жұмысымызды жоспарлаған-дай жасатпады. Бірақ бұл қиыншылық түрлі мүмкіншіліктің баста-уы екеніне көз жеткізді. Онлайн жобалардың жаңа дәуірі бастал-мақ. Енді осы көштен қалып қоймай, белортасында болуға ұмты-ламыз.
Сәттілік!
Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ