– Оқуға түсу тарихыңыз туралы баяндап беріңізші.
– Университеттің соңғы жылдарын-да білімімді өзге елде жетілдіру қажет деген мақсат қойдым, мақсатыма жету үшін тынбай оқыдым, іздендім. Түрлі оқу мекемелерін іздей бастадым. Білімімді Еуропада жетілдіру бала кезгі арманым болатын. Арманымның шын-дыққа айналатынына сенетін едім. Анамның «Сенің қолыңнан бәрі келе-ді» деген сөзі менің арманыма қанат бітіргендей. Интернет желісінде түрлі университеттердің сайтын бақылап, Прагадағы университетті таңдадым. Ойымды атa-анама айтып, ақылдасып, келісімдерін алғаннан кейін құжаттар-ды рәсімдеу жұмыстарына кірістім. Әрине, шетелде білім алу аз қаражат тұрмайды. Әкем қолдап, бар шығы-нымды өзі көтерді.
– Шетелде оқуға бел буған кезде қорқыныш, уайым болған жоқ па?
– Әрине, болды. Барғаннан кейін 2-3 айдан соң Қазақстанға қайта орал-ғым келді. Еш нәрсе еңбексіз келмей-тініне тағы бір мәрте көзім жетті. Бірақ бастаған істі соңына дейін жеткізу – менің бала күннен бергі ұстанымым болатын.
– Чехияға барғанда кездескен ал-ғашқы қиындықтар қандай болды және оны қалай еңсердің? Бейімделу мерзімі қашанға созылды?
– Ең алғашқы қиындық – бұл тіл ке-дергісі. Біздің елдегі курстарда оқыған ағылшын тілі мен практикада қолдана-тын ағылшын тілі бірдей емес. Чехия елінде ағылшын тілін барлық адам түсіне бермейді. Сондықтан чех тілін үйренуге тура келді, әлі де үйреніп келемін.
– Шетелде оқуға ниет еткен жастарға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?
– Істеген ісіңіз дұрыс болу үшін со-ған баратын жолды анықтап алыңыз дегім келеді, дұрыс мақсат таңдай біл дегім келеді. Мақсатқа жету жолында тынбай еңбектену керек... «Еңбек бә-рін де жеңбек».
– Чехия оқу орындары мен олар-дың беретін білімі несімен мықты?
– Білім жүйесінде, шынымен де, айырмашылық өте көп. Бағалау жүйе-сінен бастап, оқу материалдарының жаңашылдығы ерекшеленеді.
– Өзің оқып бастаған Чех еліндегі қала мен Орал қаласын салыстырса-ңыз (табиғат, климат, архитектура, менталитеті, тауар мен қыз-мет бағасы), не айтар едіңіз?
– Прага қаласының климаты жұм-сағырақ, қысы қатты суық болмайды. Архитектурасына келетін болсақ, көне ескерткіштер сақталған, заманауи ғи-мараттар мен сан ғасырлық тарихы бар ғимараттар көздің жауын алады. Ал Орал қаласы жасыл желегімен ерекше әдемі. Менталитетінде айыр-машылық өте көп: қазақтың қонақ-жайлығына жететін халық жоқ екенін түсіндім. Ал Прагада адамдар өзін-
өзі жетілдіріп, өздеріне көп уақыт бөледі. Тауарлардың бағасы бойынша Прагада тауарлар қымбатырақ, сәйкесінше өмір сүру сапасы да жоғары.
– Чехияда оқып жүргенде басы-ңыздан өткен бір қызық, әсерлі оқиға жайлы баяндап бере аласыз ба?
– Чехияда оқып жүрген кезде 1-се-местрге Италия еліндегі Рим қаласына Эрасмус (студенттер алмасу) бағдарла-масы бойынша оқып келу бұйырды. Адамдармен пікір алмасу кезінде тіл өзгешеліктері байқалады.
– Ақнұр, бірден бірнеше сұрақты қатар қояйын. Чехияда құрылыс ма-мандығы бойынша біліміңізді жетіл-діріп жатырсыз ба? Ол жақта алған ілім-білімді біздің елде пайдалану мүмкіндігі қаншалықты – Біздегі ах-уал, жүйе, өмір шындығы шетелден алған білімді жүзеге асыруға мүмкін-дік береді ме? Жалпы, Чехияда алған жоғары білім Қазақстанда қалай бағаланады, бұл елде алған диплом-мен бізде, өзге елдерде табысты жұмыс табу мүмкіндігі қандай?
Кейбір адамдар: «Шетелде – жа-лақы үлкен, бизнес ашу жеңіл, заң жұ-мыс жасайды, қылмыс деңгейі бәсең, бір сөзбен айтқанда, өмір сүру деңге-йі жоғары. Сондықтан осындай өмір-дің дәмін татқан жастардың еліне оралмай, сол жақта қалу қаупі жоға-ры» – дейді. Бұл пікірдің қаншалықты жаны бар?
– Құрылыс мамандығы бойынша білімімді жалғастырып жатқан жоқ-пын. Білімімді басқа салада дамытқан-ды жөн көрдім. Жақында Прага қала-сындағы ВШФС бизнес менеджмент және корпоротивтік қаржы универси-тетінде магистратура степень алып шықтым. Қазіргі таңда оқыған сала бойынша жұмыс іздеу үстіндемін. Біраз тәжірибе жинаған соң еліме оралып, қызмет етемін деп жоспарлап отырмын. Бір қуантатыны, соңғы жылдары жастардың көпшілігі білім қуып, өздерін дамытып жүр. Бірақ қай елде болмасын, ең бастысы – тәжірибе жинау, құр дипломнан пайда аз. Сондықтан тәжірибесі бар жас маман кез келген жұмыс орнында бағасын табатынына сенемін. Чехияда өмір сүру деңгейінің Қазақстанға қарағанда жоғарырақ екені рас.
– Ақнұр, алған біліміңізге сай, көңіліңізден шығатын жұмыс табуыңызға, сондай-ақ шетелден алған ілім-біліміңіз өзіңіздің, еліміздің игілігіне пайдаға асуына тілектеспіз. Аман-сау болыңыз! Ылғи жақсы хабарыңызды естіп отырайық.
– Көп рақмет!
Сұхбаттасқан Н. Қуанышұлы