Аудан бойынша 4826 жас бар, бұл – аудан халқының 26 пайызы. Оның ішінде жұмыс жасайтын жастар – 2409, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар – 147, жұмыссыз жастар – 123, NEET санатындағы жастар – 36, жас кәсіпкер-лер – 81. Ауданда мемлекеттік жастар саясаты саласында «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық, сонымен қатар әр ауылдық округте жастар комитеті мүшелері жұмыс атқа-руда. Волонтерлар жылына байланыс-ты облыс орталығынан ашылған волон-терлар сайты арқылы ерікті жастар саны 485-ке ұлғайтылып, көптеген шара атқарылды. Аудан жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу, жұмыспен қамту, адал еңбек етуге үйрету, діни бағытта теріс жолға түсулеріне жол бермеу, зайырлы қо-ғамның азаматы ретінде тәрбиелеу мақсатында біраз жұмыс жүргізілді. «Сырым жастарының» ауданның жас-тар саясатына қосып жатырған үлесі негізінде бірталай жоба іске асуда. «Сырымдағы сұхбат» жобасы өскелең ұрпаққа белгілі тұлғаларды таныстыру мақсатында өтіп келеді. Жастардың жұмысқа орналасуы бағытында әрбір ауылдық округ пен аудан орталығында мекенжайлық кеңестер тұрақты түрде өтеді. Ауданымызда өскелең ұрпақтың арасында бұқаралық спортты дамы-тып, салауатты өмір салтын қалыптас-тыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бағытында мол мүмкін-дік қарастырылған. Жыл басынан бері 66 шара өтіп (бірегей жоспар бойынша – 18, жоспардан тыс – 48), оған 3756 жас қатысты. Бұлардың ішінен фото-суретші Р. Халеловтың «Қазақтың Қадыры» атты фотокөрмесі, “Birgemiz”, “Asyl Myra” жалпыұлттық жобасы бо-йынша "Алаш" музейінде кешкі музей акциясы, мұз айдынындағы сырғанау шарасы сынды елеулі шараларды атап өтуге болады. Сондай-ақ волонтер жас-тар қатысуымен «Тарихи өлке» квест ойындары өтті. Жас волонтерлар «SJ» жастар орталығына келіп, орталықтың жұмысымен танысты. Волонтерлар жылына орай пробация қызметімен бірлескен шара оздырылды. Атбегілікті насихаттау мақсатында Көздіғара елді мекенінде өткен жастарға арналған бір күндік шара барысында тай жарысы мен құнан жарысы ұйымдастырылды. «SJ» жастар орталығында «Айтыс мектебі және оның жұмыс механизмі» атты семинар, «Сырымдағы сұхбат» жобасы алаңында жыл басындағы алғашқы қонақтардың бірі аудан әкімі Т. Төреғалиев және ауданымызға белгі-лі кәсіпкер Ғ. Нұрмұхановпен кездесу өтті. Ғ. Құрманғалиев атындағы облыс-тық филармония әншілері А. Хайырха-нов, Е. Өмірәлі мен Д. Есентеміров «Сырымдағы сұхбат» жобасының қо-нақтары болды. Аудан әкімінің қаты-суымен «Сырым жастары» волонтер-лар ұйымы 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, аудан орталығын-да өз кәсібін дөңгелетіп отырған анал-арды, мүмкіндігі шектеулі жандардың аналарын, көп балалы аналарды, тыл ардагерлерін және ауданымыздағы патронат ананы құттықтады. Волонтер жастарымыздың ұйымдастыруымен Бұлдырты ауылында «Шын жүректен» атты қайырымдылық концерті өтіп, жи-налған қаражатқа Г. Шығанақованың үйі көгілдір отын желісіне қосылды.
Аудан жастарының соңғы үш жылда атқарған шараларының ең ауқымды-ларына тоқталып өтсек, Қаратөбе ауда-нының жастарымен бірлесе қос аудан-ның қоғамдық қызметте белсенді, өз салаларының үздік жастары бас қосқан «Достығымыз жарасқан» атты екі күн-дік жастар форумы өтті. Бұл шараға елі-мізге танымал тележүргізуші Қанат Әуесбай қатысты. Форум ерекшелігі – жастар арасында этноауылда тұңғыш рет қой союдан жарыс, сондай-ақ садақ ату, арқан тартыс, бұқа тартыс, асық ату, аударыспақ сияқты ұлттық ойындар бойынша сайыс өтті.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Ұлы дала-ның 7 қыры» мақаласы аясында орта-лық мамандары 12 ауылдық округте бір күндік форумдар өткізді. Форум барысында ауыл жастарымен әсерлі кездесулер, ұлттық құндылығымызды насихаттау мақсатында тай және құнан жарыстары өтті. Бір айға жуық созыл-ған бұл шараларымыздың нәтижесінде Сырым жастарының қатары кеңейіп, белсенділігі артты.
«Ата кәсіп – елге нәсіп» атты кәсіби және әуесқой аң аулаудан тұңғыш рет аудан біріншілігі өтті. Елбасы Н. Назар-баев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қазақ тарихының іргелі негіздеріне тоқталғаны белгілі. Біздің-ше, Елбасы айтқандай, атқа міну мә-дениетінің мәртебелі биігі қазақтың жауынгерлік өнері болатын болатын болса, ол жауынгер-лік өнердің өмірі – батырлық, ал өзегі – аңшылық пен саятшылық. Сырым ауданында өткен аңшылар біріншілігін ұйымдастырушы-лар біз айтып отырған қазақтың ата кә-сібі – аңшылықты насихаттау мен аңшы-лар арасындағы ұрпақтар сабақтасты-ғын қалыптастыруды мақсат етсе, екін-шіден, табиғатпен өз тілінде сөйлесуді үйрететін дала мектебінің әуелгі даң-қын қайтаруға да үлес қосқысы келді.
«Мейірімді көктем» қайырымды-лық акциясы аясында Н. Болаттың «Менің аппақ анам-ау!» атты ән кеші өтіп, концерттен түскен қаражат көп балалы Ешмаховтар отбасына көгілдір отын кіргізуге жұмсалды. Және осы қа-йырымдылық аясында Орал қаласын-дағы балалар үйіне арнайы сапар ұйымдастырылып, онда үлкен мәдени-демалыс шарасы оздырылып және тәт-тіге толы дастархан әзірленді.
Сырым жастары» ЖҚБ-ға 15 жыл толуына орай «Жастар. Еңбек. Жетіс-тік» атты жастар форумы облыстық деңгейде өтті. Форум аясында «SJ» Сырым жастары» жастар орталығы және жастарға қызмет көрсету орта-лығы ашылды. Облыстық деңгейде өткізілген шарада Ақтөбе облысы Қобда ауылының жастары және Орал қаласы, облыс аудандарынан келген өзге де жастарға түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастырылды.
Сырым ауданы Алаш зиялылары-ның бас қосқан жері екені баршамызға аян, осы ретте ауданымызда республи-калық деңгейде «Айбынды алаш жас-тары» атты тарихи-танымдық форум оздырылды. Форумға республикаға танымал ақын Қалқаман Сарин, белгілі патриоттық әндер авторы, орындаушы Ибрагим Ескендір қатысты.
Елімізде жастар бағдарламалары іске асырылуда. «Жастарға кеңес!» жобасы аясында аудан жастарымен көшпелі және мекенжайлық кездесу-лер және жұмыс іздеуші жастарды ынталандыру бойынша «Soft skils» семинар-тренингтері жоспарға сай өтіп келеді. Биылғы жыл бойынша қазан айынан бастап Жастарға қызмет көр-сету орталығының мамандары аудан және ауылдық округ бойынша мекенжайлық кеңестерге шыққалы отыр. Бүгінде жастардың мемлекеттік қызметке кіріп, алға басуына, өз ісінің ойдағыдай жүруіне, өз бетімен қажетті білім алуына түрлі мүмкіндік жасалып жатыр. Жастарды шағын және орта бизнеске тарту мақсатында ауылдық жерде ашуға қолайлы кәсіпкерлік ны-сандары туралы бейнетоптама жасақ-талып, барлық ауылдық округке тара-тылды. Бизнестің қыр-сырын ұғын-дырған арнайы үлестірілмелі мате-риалдар жасақталды. Ұзын саны 328 рет берілген кеңес арқасында жастар түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жетік меңгергендігі байқалады. Жүргі-зілген жұмыстар нәтижесінде: тұрақты жұмыспен 32, уақытша жұмыспен 139 («Жастар тәжірибесінде» 53 жас қыз-мет атқаруда, әлеуметтік жұмыс ор-нында 7, қоғамдық жұмыста 42, «Жол картасы» бойынша 37) жас қамтылды. «Жасыл ел» еңбек жасағында екі ауы-сымда 30 жас (Жымпиты және Бұлдыр-ты ауылдарында) қызмет атқарды. Сондай-ақ жастардың құрылыс және еңбек жасақтарының жұмысында 9 жас жұмыс жасады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 35 жас маман 9279,000 теңге көтермеақы алса, 9 жас маман 33522,000 теңге жеңілдетілген тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етілді.
Аудан волонтерлары Ұлы Жеңістің мерейлі жылына орай ресейлік «ОБД Мемориал» электронды мәліметтер базасына Ұлы Отан соғысына қатысушы 571 жерлес жауынгердің дерегін фото-суреттерімен қоса тіркеді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде «Qaharman» ардагер аталарымызды еске алу чел-ленджіне белсене атсалысып, соғысқа қатысқан және тылда еңбек еткен ата-әжелеріміздің ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында ақпараттар орнатылды.
Коронавирус пандемиясына байла-нысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты еріктілердің қатысуымен 3500 бетперде дайындалып үлестірілді және меценаттар аудандық ауруханаға 18 оттегі концентраторын табыстады. Біздің ұжым мен облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағы штабының басшысы
А. Тапишевтің мұрындық болуымен аудандық ауруханаға 750 л су, меди-циналық бетперделер, медициналық халаттар табысды. Қайырымдылық бағытында елдімекендердегі тұрмысы төмен 468 шаңыраққа аудан еріктілері мен кәсіпкерлері азық-түлік таратты, сондай-ақ медициналық нысандарға күнделікті тұтынатын тауарлар, дәрі-дәрмектер, залалсыздандыру заттары жеткізді, сонымен қатар бекеттегі қыз-метте тұрғандарға ыстық тамақ апару ұйымдастырылды. Анасы аурушаң әрі тұрғын үйге мұқтаж Алтынбек Құрман-ғазиев деген азаматқа тұрғын үй жи-һаздарымен қоса алып берілді. Өлеңті ауылында 1 баспанаға жылу жүйесі жүргізіліп, үй көгілдір отынға қосылды. «Ел құдығы» жобасы бойынша ерікті-лер 3 тұрғын үйді ауыз сумен қамтыды.
Мемлекеттік жастар саясаты сала-сында ұйымдастырылған барлық іс-шараның ақпараты әлеуметтік желіде: «Сырым жастарының» Facebook (5000), Instagram (2864) парақшасында жарияланады. Бүгінде аталған осы же-лілерде барлығы 7864 оқырман тіркелген.