Сау тіс - бірінші кезектегі іс

  • Галерея изображений

Биылғы жылдың қараша айының басында Орал қаласында «Имплантологиялық емдеу барысында альвеоляр айдарды қалпына келтіру» тақырыбында пластикалық және эстетикалық дентал имплантация бойынша семинар өтті. Семинарды «Dentium» (Оңтүстік Корея) компаниясының өкілі ретінде Алматы медицина институтының 1996 жылғы түлегі (туған жері – БҚО, Жаңақала ауданы Қисық Қамыс ауылы 1971 ж.), дәрігер-стоматолог Жан Эдиссонұлы ұйымдастырды. Семинардың авторы және жүргізушісі: Dentium Qazаgstan компаниясының жетекші маманы, дәрігер хирург-имплантолог Чауш-Оглы Омар Исмаилович.

 

Атырау, Құлсары, Қарағанды қаласы-ның және батысқазақстандық стомато-логтар катысқан бұл семинар барысын-да тақырыпқа сай тәжірибе және құн-ды ақпараттармен алмасу жүрді. Жоға-ры эстетика аумағында сүйек тінін ұл-ғайту әдістері; тіс жұлынған аумақта оsteon collagen қолданылғандағы үде-тілген сүйек регенерациясының кли-никалық көріністері және Dentium импланттарын орнату; Төменгі жақ тармағынан алынған аутоген сүйек трансплантатын пайдалану сынды түрлі клиникалық кейстер талқылан-ды. Сондай-ақ RsKit жинақ арқылы альвеоляр айдарды бөлшектеу; Dask жинақ арқылы Латерал және Кристал Синус Лифтинг; Остеопласт материал-дарды таңдау мәселелері де пысықтал-ды. Семинар санитарлық-эпидемиоло-гиялық сақтық шаралары сақталған түрде, жекелеген сәттерді қоспағанда, негізінен, онлайн форматта өтті.

 Медицина ауылынан алыс заман-дастарымыздың бәрі бірдей жеткілікті деңгейде біле бермейтін тіс имплант-тары туралы және оның қандай артық-шылықтары бар екенін сұрап, семинар ұйымдастырушысын сөзге тарттым. Сонда Жан Эдиссонұлының (жұмыс орны – «Жайық Дент Уральск» стома-тологиялық клиникасы. Дәулеткерей көш., 39. тел: 87755756765) айтқаны: «Бір немесе бірнеше тістің болмауы адамның көркін кетіретіні өз алдына, сонымен қатар бұл өзге тістердің аман-дығына қауіп төндіреді. Бұндайда қат-ты асты шайнау барысында көрші тіс-терге шектен тыс салмақ түсіп, біртін-деп бұзыла бастайды. Бұған қоса тіс қатары қисайып, бет-жүздің деформа-циясы орын алуы ықтимал. Имплан-тация – адамға әсемдік сыйлайтын маржандай тістерге қайта ие болудың сенімді, сыннан өткен әдісі. Имплант-тардың басты артықшылығы:

1. Бұндай тістің түрі де, одан алатын әсер де табиғи. Металлкерамикадан жасалған заманауи тістердің табиғи тістерден түс пен түр жағынан алғанда, еш айырма-шылығы жоқ. Бұған қоса мұндай тіс салынған адам ауыз қуысында бөтен нәрсе тұрғандай әсерде болмайды, саулық үшін маңызды тағы бір қыры – асты өз тісіңді қолданғандай еркін шайнайсың.

2. Адамның жағы атрофия-ланбайды. Сыртынан сауытпен қаптал-ған, ас қиқымдары тұрып қалмайтын имплант төменгі жақ сүйекке тамыр тартқандай енгізіледі. Осының арқа-сында салмақ барлық тіске таралып, бірдей түседі.

3. Арнайы технология-мен әзірленген тіс сауыты тістен аумай-тын болғандықтан, жұлынған тістің орнындағы қызыл иек те өз пішінін сақтап қалады.

4. Қабыну процестері-нің алдын алу мақсатында протез ор-натудың керегі болмай қалатын-дықтан, көрші тістерді егеу қажет бол-майды. Имплантация кезінде мұндай процедуралар керек емес.

5. Импланттардың қолданыс мерзімі өте ұзақ. Сапалы импланттар өмір бақи қызмет етеді. Тек 10 жылда бір олар-дың сауытын ауыстырып тұру керек болады.

6. Импланттар арнайы күтімді талап етпейді. Өзге тістердей тазалап тұрса жеткілікті. Және олар тісжегі мен ауру-сырқат дегенді білмейді. Cау тіс-пен қарым-қабілеті бір имплантпен кез келген асты оны зақымдап аламын деп қорықпай, тұтына беруге болады».

Кезінде қандастарымыз көп жақын-дай алмаған салада табысты еңбек етіп, Оңтүстік Корея сынды дамыған елдің стоматологиялық компаниясы-ның өкілі ретінде семинар ұйымдасты-рып, әріптестерін заманауи, озық тех-нологияға баулып жатқан Жан Эдис-сонұлына сәттілік тілеп қоштастық. Тісі-міз сау, ісіміз оң болсын!

Қаралым саны 1038

Галерея изображений

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463