Заманауи технологиялар – адам-зат үшін тұтастай алғанда зор игілік болғанымен, өкінішке орай, оның ке-леңсіз жақтары да бар. Соның бірі – есірткі саудасының интернет арқылы жүруі. Киберкеңістіктің заңсыз бизнес-тің сауда алаңына айналуы әлемнің құқық қорғаушы органдарының алдын-да жаңа мәселе, түйткілдерді туын-датты. Адамдардың, әсіресе, буыны да, санасы да бекімеген ұл-қыздары бар ата-аналардың көңіліне алаң кір-ді. Өйткені мәміле, сауда, ақшаның ауа (ғаламтор) арқылы жүруі – есірткі таратудың мұндай тәсілімен күресу өте қиын, тіпті мүмкін емес деген ой-пікірге итермелейді. Төл қаламыз Оралдың өзінде көпқабатты үйлердің қабырғаларынан есірткінің интернет саудасы көрініс тапқаны жайлы хабар жылт еткен сайын ата-аналардың жү-регі зірк ете қалады. «Оралда 5 келіден астам есірткі тәркіленді», «Орал про-куратурасы есірткі сататын сайттарды анықтады», «Оралда интернет арқы-лы есірткі сатқан колледж студенті ұсталды» деген аты айқайлап тұрған БАҚ бетіндегі жарияланымдар Оралы-мыз бен облысымыздың есірткі атты пәледен ада еместігін айғақтап тұр.
Дегенмен көңілге демеу бір жайт – жергілікті құқық қорғау органдары да қол қусырып отырмағаны. Бұның (бірден-бір емес) бір дәлелі – биылғы жылы ҚР ҚК-ның 297-бабы 2-бөлігі, 297-бабының 2-бөлігі, 297-бабының 2-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігі 3-тар-мағы бойынша қозғалған қылмыстық іс. Осы іс бойынша синтетикалық есірт-кі саудалайтын интернет-дүкеннің әкімгеріне қатысты сотқа дейінгі тер-геу өз мәресіне жетті. Мұндай интер-нет ресурстардың жолын кесу Батыс Қазақстан облыстық полиция депар-таменті басшылығының тікелей ба-қылауында болады. Тергеу құпияла-ры, есірткі саудагерлері пайдалана-тын қитұртқы амалдар, мұндай қыл-мысты ашудың түйткілдері жайлы де-партамент басшысы М. Аблазимов бұқаралық ақпарат құралдарына бер-ген сұхбаттарында айтып жүр.
Бұл қылмыстық іс бойынша Орал қаласының тұрғыны Шерәліге (аты-жөні өзгертілген. Ары қарай қылмыс-тық істегі мәліметтердің құпиялығын сақтау үшін бұл мақалада келтірілген әр есім, мекенжайлар өзгертілген шартты есім, атаулар екенін ескерте-міз) тағылған айыптың мән-жайына үңілейік. Осыдан 2-3 жыл бұрын Шерәлі есірткіге заңсыз түрде қол жеткізу үшін синтетикалық есірткі сау-далайтын «MurShop07» интернет-дүкеннің жазылады. Содан соң, атал-ған магазиннің әкімгерімен танысып, онымен «көмбеші» («закладчик») болып жұмыс жасауға келіседі.
Оқырманға түсінікті болу үшін бұл ұғымға тарқата кетейік: «Көм-беші» («закладчик») – көмбеге есірт-кі, психотропты заттарды жасырып, оның координаталарын ұялы теле-фон арқылы оператор/диспетчер-лерге жолдайтын жан. Есірткіні ин-тернет-дүкеннің арнайы шотына ақша аудару арқылы сатып алғандар көмбенің координатын, фотосын ие-ленеді. Осылайша, есірткінің иесі, «көмбеші» (есірткіні жасырушы) және тұтынушы бір-бірімен тікелей кездеспей-ақ, сауда-саттығын жүр-гізе береді.
Шерәлі 2018-2019 жыл аралығын-да жоғарыда аталған интернет-дүкен-де «көмбеші» болып жұмыс жасай жүріп, заңсыз баюдың – есірткілерді дорбашаларға доза-дозасымен, дәп-дәл, мұқият бөлудің қыр-сырын мең-гереді. Алайда уақыт өте келе, тұрақ-ты табыс әкеліп тұрса да, «көмбеші-лікті» біртіндеп қомсына бастайды.
Сонымен, Шерәлі заңсыз табысын ұлғайту мақсатында жоғарыда атал-ған интернет-дүкенде «көмбеші» болып жұмыс істеуді доғаруды ұйға-рады. Сөйте тұра, есірткіні көтерме бағамен алып тұру үшін, жаңағы дү-кеннің әкімгерімен достық қарым-қатынасын сақтап қалады.
Нәтижесінде, Шерәлі есірткі сауда-сы арқылы тез баю мақсатында «Tele-gram» мобильді мессенджерінде қол-жетімді әрі жылдам хабар алмасуға қолайлы «Hot Tobe» интернет-дүкені-нін есірткіге заңсыз қол жеткізгісі ке-летіндерге арнап, осыған дейін өзі жұмыс жасаған интернет-дүкенге ұқсатып құрды.
Қылмыстық пиғылына бөгет бо-луы ықтимал тұлғалардың көзіне түс-пес үшін, Шерәлі интернет-дүкеннің әкімгері де, сатушысы да өзі болады.
2019 жылдың күз айының басында өзіне тұрақты табыс түсіре бастаған интернет-дүкенімен жұмыс жасау қолайлырақ бола түсуі үшін әлеуеті үлкен қымбат ұялы телефон «Iphone 11 Pro» сатып алады. Қылмыстық пи-ғылын соңына дейін жеткізу мақса-тында изолента, ас фольгасы, поли-этилен қорапшалар, электрон таразы сияқты жабдықтарды сатып алады. Сол таразының көмегімен психотроп заттарды зип-пакеттерге шағын доза-ларға бөліп салады. Содан кейін сату мақсатында алдын ала бөлініп, доза-дозамен шағын қорапшаларға салын-ған, сыртынан изолентамен оралған есірткі және психотроп заттарды Ақтөбе қаласына алып барады. Бұл зип-пакеттерді қала және саяжай ішіндегі кәріз қақпасы, іргетас сынды әртүрлі орындарға орналастырады. (Кейін жүргізілген салыстырма-лы сарапатама осы және Орал қала-сындағы көмбелердегі есірткі, психо-троп заттардың бірдей технология-мен дайындалғанын және шикізат көзі ортақ екенін анықтады).
Психотроп заттар жасырылған орындардың сенімділігіне көз жет-кізген соң Шерәлі сол орындардың әрқайсысын Iphone 11 Pro ұялы теле-фонына түсіреді. Оларды сатып алу-шылар дәл және тез табуы үшін әр фотосуретте көмбе қалдырылған орындарға сай кооординаттардың көрсеткіш символдарын белгілейді.
Осылайша, Шерәлі ҚР ҚК 297-бабы-ның 2-бөлігімен қарастырылатын қыл-мыстық құқықбұзушылықты жасайды.
Шерәлі іс-тірлігін жасырын ұстау үшін, мекенжайын өзгертеді, жалда-малы пәтерде қазіргі жұбайымен тұра бастайды. Психотроп заттар мен есірткіні де осында сақтайды.
Биылғы жылдың қаңтар айында Шерәлінің қылмыстық іс-әрекеттері-не заңсыз есірткі айналымымен күрес басқармасының қызметкерлері тос-қауыл қояды. Оны тінту барысында, бойынан ішінде өзіне тән исі бар қою жасыл түсті нәрсе салынған екі поли-этилен қорапша табылды. Осы адам-ның мекенжайын тінту кезінде, ол жерден есірткі саудалайтын дүкеннің барша белгісі: ішінде сату үшін буып-түйілгені бар, әлі дозаларға бөліп са-лынбағаны бар есірткі және психот-роп препараттар, оларды салатын 100 қорапша, электронды таразы, ішінде ұялы телефондар, пластик карталар анықталды. Барша мекен-жай мен геобелгі, фотолар ұсталғанның теле-фонында тіркелген болып шығады. Барлығы Орал, Ақтөбе қалаларында елуге жуық көмбе (есірткі, психотроп заттар жасырылған) орын анықталды.
Шерәлінің ауызекі тілде «соль», «кристалл», «афетамин», «меф», «МДМА», «гаш» деп аталатын психо-троп заттар мен есірткілерді «tele-gram» әлеуметтік желісінің мобилді мессенджері арқылы саудалағаны кейін куәлердің айғағымен және өзге де материалдармен бұлтартпай дәлелденді.
Биылғы жылдың 11 қаңтарында электрондық ақпараттық ресурстар-ды пайдалану арқылы есірткі өткізге-ні үшін жауапкершілік көздейтін қыл-мыстық заңнамадағы өзгерістердің күшіне енгенін ескерсек, айыпталушы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бос-тандығынан айырылуы мүмкін.
Есірткі, психотропты заттардың заңсыз айналымымен мемлекет түрлі құзыретті органдар арқылы күресіп жатыр. Мысалы, прокуратура интер-нет көздеріне мониторинг жүргізу ар-қылы есірткі құралдары мен психотроп-тық заттарды жарнамалап, насихат-тайтын сайттарды анықтайды, олар-ды жабу үшін сотқа заңсыз деп тану туралы талап арыз береді. Сот атал-мыш сайттарды заңсыз деп таныған жағдайда, шешімнің орындалуы ҚР Әділет, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктеріне жүктеледі. Деген-мен заңсыз есірткі айналымымен кү-рес бойынша негізгі салмақ полиция қызметіне, атап айтқанда, есірткіге қарсы күрес басқармасына жүктеледі. Бұл қоғам, ата-ана аталған міндетті құқық қорғау органдарына ғана жүк-теп қойып, өздері бұл түйткілге қарсы тірліктен тіптен тыс қалуы тиіс дегенді білдірмейді. Әр ата-ана балаларын, әсіресе, жас жеткіншектерді салауат-ты өмір салтына баулуы, оңай да заң-сыз табыс табудан сақтандыруы, есірт-кі саудасына қатысты фактілермен бетпе-бет келген жағдайда бұл тура-лы полиция қызметіне хабарлауы, сөйтіп «ғасыр проблемасы» деп ата-лып жүрген түйткілмен күресте бел-сенді ұстаным ұстанғаны жөн.
Мақалаға қатысты көмек-қолдауы үшін БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Белгібеков Болатбек Еркебұланұлына алғысымызды білдіреміз.