– Жәрдем Тілековтің майдан дала-сында әскери тілші болғандығынан хабардармыз. Бұл туралы сізде қан-дай дерек бар?
– Жазушы жерлесіміз Жәрдем Тілековтің қарапайымдылығы, яғни өзі жайлы күнделік тізіп, соғыс жылдарғы тірлігін хатқа түсірмегені және оның өмірінің біз білмейтін қалтарыстары сіздің қойып отырған бұл сауалыңызға әп дегеннен бірдеңе деп жауап қатуға мүмкіндік бермейді. Ойда қаласың. Қызыл әскер қатарына алынған ол (1933-35) Оралда Приволжье әскери округінің 11-дивизия құрамындағы ат-ты әскер полкінің кіші командирі мін-детін атқарады. Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қару ұстап, ел қорғағаны – оның адами болмысын биіктете түс-кен тарихи дерек. Мәселен, ол Қызыл әскердің саяси қызметкерлер даяр-лайтын курсынан өтіп, Қиыр Шығыс майданы қолбасшысының адъютанты, пулемет-миномет училищесінің курсан-ты, Қиыр Шығыс майданының «Да-был» атты газетінің ұйымдастырушы-тілшісі (1941-45) болып қызмет етуі оның жазушылық жүгінің қаншалықты салмақты екенін білдіреді. Жәрдем Тілеков – табиғатынан момын адам, бі-рақ ар-намысы сыналатын тұста есесін ешкімге жібермейтін тегеурінді тектінің сойынан. Оның өмірбаяндық дерегінде кездесетін жайттардың көркем шығар-масында жүруі соны аңғартады. Ол өзі жайлы ашық жазбаған, жасырған, мә-селен, «Жауынгер журналист» деп ата-латын хикаятындағы басты кейіпкер Ермұқан Қаленовты өз басым Жәрдем Тілековтың өзі деп қабылдадым. Жазу-шы Жәрдем ағаның майдандағы өмірін біз осы Ермұқан образы арқылы көре аламыз. Соғысқа бармай тұрып әде-биет саласында еңбек ете бастағанын бірер сөйлеммен сипаттап өтіп, соғыс басталғанда лейтенант шеніндегі кіші командир Ермұқанның (Жәрдемнің) әскерге шақырылып, содан сонау Қиыр Шығысқа қалай жөнелтілуі, майдан да-ласындағы көрген қиындығы сөз бола-ды. Батысы – Байкалға, шығысы – Сол-түстік Сахалинге дейін созылған май-данның әскери штабтарынан бастап, дивизия, полк, батальон, роталарға дейін болса, көлікпен, болмаса, аяқтай аралап, газетке жауынгерлер рухын көтеретін жаңа мақалалар даярлау бір өзінің иығына түскен соң қиналмай қайтеді? Ж. Тілековтың майдан газеті «Дабылда» тілші болғанын білеміз. Оның кейіпкері Ермұқан Қаленов тура сол газеттің тілшісі, демек, біздің пайы-мымыз дұрыс, Ермұқан дегеніміз – жа-зушы Жәрдемнің өзі. Өз-өзіне прототип болған. Хасан мен Халкин-Гол жерінде-гі кеңес жауынгерлерінің ерлігін өз кө-зімен көріп, мақала жазу оны жігер-лендіреді, ол осы майданнан басқа жаққа жібермесе екен деп те тілейді. Жапон империалистеріне қарсы тұрған кеңес әскерінің қатарында жүріп, Кван-тун әскерінің оқпана бекіністерін өз кө-зімен көрді, оқ дәрі мен қанның иісін сезді.
– Қасымның «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда!» дегеніндей, Жәрдем де әдеби шығармаларындағы кейіпкерлер арқылы өзінің жүрегін сөйлеткен бол-ды ғой. Жазушының майдандағы оқи-ғалары, қанды көйлек жолдастары ту-ралы не айтасыз?
– Бұған жауап беру қиын. Меніңше, Жәрдем Тілеков өзінің ат-жөнін өзгер-тіп, ал қарулас жолдастарының ныспы-сын еш өзгертпестен берген болар деп топшылаймын. Сол себептен оның атал-ған повестегі рота командирі аға лей-тенант Василий Константинов – өмірде шын болған кісі. Бір-бірін жақсы білген майдангер достар. Ермұқан (Жәрдем) осындай жолдастарымен бірге жүріп, жапон самурайларының тұтқынға түсу-ден құтылып, өз-өздерінің құрсағын пышақпен осып, «харакири» жасаға-нын да көрді. Жапон әскерінің «Бұзыл-мас» аталған Хинган бекінісін де көру – Жәрдем Тілековтың майдан тақыры-бындағы шығармашылығының сүбелі бір олжасы. Жәрдемнің осы майданда тапқан және бір жолдасы – саперлер ротасының взвод командирі, лейтенант Еркін Исатаев деген қазақ жігіті. Егер Жәрдем жауынгер жолдасының атын өзгертпесе, онда ол да Жымпиты ауда-нынан болып шығады. Екеуміз бір ау-даннан екенбіз деп көрсетеді жазушы. Еркін Исатаев жайлы жазушының өзі берген дерегіне сүйеніп келтірер бол-сақ, ол өзі соғыс басталысымен әскерге алынады. Алғаш рет жаумен Сталин-град үшін болған соғыста ұрысқа түсе-ді. Ол кезде қатардағы сапер екен, со-дан талай жерді азат етуге қатысып, көзге түседі, жасаған ерлігі бір басына жетіп-артылғандай екен. Кіші коман-дирлер курсын да бітіріпті. Арнайы бұйрықпен батыстан шығысқа аттанған жеңімпаз әскер құрамында лейтенант шенімен осында келіпті. Жәрдем же-ңімпаз қазақ сардары туралы жазуға құлшынады, ол Еркін Исатаевтың ерлі-гін майдан газетіне жазуды жоспарлап, онымен бірге ұрысқа кіреді. «Жауын-гер журналист» шығармасында осы ұрыстың қалай болғанын суреттеп жа-зады. Ол осы шайқас барысында сер-жант Яковлев деген орыс жігітімен де біршама жақын танысып, екеуінің бірге қимылдап, жапон самурайларының көзін жоятын сәті бар. Өкінішке қарай, осы ұрыста сержант мерт болады. Жәрдем Тілеков полковник редактор Удаловты да атап өтеді, оны жазушы-ның тікелей басшысы деп қана емес, әрі майдандас жолдастарының қата-рына жатқызуға болар. Иә, Жәрдем Тілековтың өз көзімен көрген алғашқы ұрысы осындай болатын, ол бұдан ке-йін де мұндай майдан оқиғаларына куә болды. Соларды орысшасы «Тре-вога», қазақшасы «Дабыл» аталған майдан газетіне жазып тұрды.
– Жазушы 1946 жылы елге орал-ған. Соғыс жыл бұрын бітті ғой. Не се-бепті кешікті екен?
– Меніңше, Жәрдем Тілеков өз қыз-метін адал атқарып, қандай тапсырма болса да асқан жауапкершілікпен орын-дайтын азамат, білікті, білімді сардар болған. Ондай мамандар соғыс уақы-тында өте аз, тіпті табылмағаны шын-дық. Бір бойынан бірнеше өнер мен командирге тән ұйымдастырушылық қабілет табылған Жәрдем Тілековтың соғыс бітсе де, елге бірден оралмауына осы қасиеті де себеп болған деп ойлай-мын, оның үстіне Қиыр Шығыстағы жағдай соғыстың алдындағыдай қа-шанда тұрақсыз болды. Жалғыз Жәрдем Тілековты емес, талай білікті офицер-лер мен қатардағы жауынгерлердің өзін соғыс бітсе де, шекарада ұстап, қызметтерін жалғастыруға арнайы бұй-рық болған болуы керек. Әрине, өзі де солай. Бас штабтың, Кремльдің бұйры-ғын кім талқылап жатқан, оны тек орын-даған. Жапон империалистерінің Кван-тун әскері соғысқа мықты дайындалды, жазушы Тілеков: «Батыстан келген бас-қыншыларды совет әскері күйрете соқ-қылап, Отан жерінен қуып шықты да, көршілес еуропалық елдерді құлдық-тан құтқарып, Рейхстаг төбесіне жеңіс туын желбіретті. Жапон империалисте-рі Гитлер мен Муссолинидің ұяластары емес пе? Бастапқы екі ит құрығанымен, соңғысы тірі қалып, тып-тыныш отыра ма? Оның үстіне жапон империалисте-рі тек Маньчжурия мен Кореяны қосқан-ның өзінде бір миллион алты жүз мың шаршы шақырым жерді басып алып, алпыс миллион халықтың қанын сорып отыр ғой» деп толғаныпты. Бұл кеңес әскері жеңіске қол жеткізгеннен кейінгі жазғаны, яғни Қиыр Шығыс шебінде отырып елге жете алмауының бір сырын жазушы өз шығармасына желеу етіпті. Жазушы Жәрдем Тілековтың артында қалған жалғыз қызы Роза Тілекова апай-мен сұхбат барысында бір сырдың ұшы шығып, ол тарқатылмай, құпия, жұмбақ күйінде қала барды. Апайдың бір жиені Астанада аса жауапты қызметте істейді екен. Біздің шамалауымызша, әскери, не заңның айналасындағы қызмет. Ба-лалары апайдан оны жасырып қалуына қарағанда, мемлекеттік қызмет екені даусыз әрі құпия болуы да дұрыс сияқ-ты. Сол жиені бірде әжесіне атасының, яғни «Жәрдем Тілековтың ісін» тауып алғанын айтып қалады да, сол бойда әңгімені әріге созбай, басқа бағытқа ау-дарып, ақыры жылы жауып тастағанға ұқсайды. Маған Роза апа осы әңгіменің ұшын шығарған еді. Содан ойланасың ғой, жазушы ағамыз қай кезде жаза бас-ты деп. Олай болуы мүмкін емес деген ойға орала бересің. Алайда «Тілеков-тың ісі» деген бір ауыз сөз қолқаға кеп-телген тастай не әрі, бері кетпей тұрып қалғандай күй кешкеніміз тағы рас. Иә, «соғыстан кейін жоқ болып кетіп, кейін келді ғой» деп әкесі жайлы әңгімелеп берген Роза апай мен біздің көңілімізді күпті қылған жайт әзірге құпиясын іші-не бүгіп жатыр. Бәлкім, 1946 жылы елге оралды, шекарада тұрды, одан соң да кешіккен болып тұр, демек, басқа себе-бі болуы мүмкін.
Ол 1946-1952 жылдары Жазушылар одағының Семей облыстық бөлімшесі-нің секретары болып қызмет атқарады. Роза апайдың айтуынша, 1949 жылы Жәрдем Тілеков елге, ауылға келген екен, жұмысбастылық дегеннің өзінде үш жыл туған шешесіне, жары Майра мен қызы Розасына келмеуі ақылға том-пақтау. Соған қарағанда, қызмет ба-бында бір жерден сүрініп кетті ме екен деп ойлауға мәжбүрміз. Бірақ ол жайын-да еш жерде айтылмағандықтан, бол-жамның бәрі негізсіз. Не болғанда да, Жәрдемнің өмірінде жұмбақ көп.
– Архивтік құжаттардан не тапты-ңыз, жазушының өміріне қатысты не дерек қосар едіңіз?
– Мен енді жазушы Жәрдем Тілеков-тың өмірі мен қызметін мейлінше зерт-тегенім жоқ. Біздің өңірде ақындар бар-шылық та, ал прозамен айналысқандар өте аз. Әуелі ауызға Хамза Есенжанов іліксе, одан кейін осы Жәрдем аға, Мұқадес Еслямғалиев болып тарқайды. Бірақ Жәрдем аға қақында көп айтылып, жазылмайды екен. Содан облыстық кі-тапханаға бардым. Онда жазушының «От кешу», «Шалғай шепте», «Қайнар», «Хинган асуынан асқанда» атты кітап-тары бар, соларды алып оқыдым. Ға-ламторда ондай мәлімет аз. Жалпыла-ма ғана. Онда да кейінгі жазылғандар. Жәрдем Тілеков те жазушылыққа ақын-дықпен қадам басқан адам. Соғыс кө-руі оның өлеңнен гөрі әңгіме, хикаят, ақыры роман жазуға қарай жетелеп, мықты суреткер болып қалыптасты. Шы-ғыс Қазақстан өңірімен, Семеймен бай-ланысып, Алматы барып, жалпы жазу-шының жұмыс жасаған жерлерінде бо-лып (Орал, Атырау, Семей), там-тұмдап болса да дерек жинауды қолға алу ке-рек қой. Семейде «Абай кітапханасы» бар, сондағы қор мықты, бәлкім Жәрдем Тілеков жайлы дерек болып қалар. Ол тұрған үй ше, сол бар емес пе? Сосын Жәрдем аға Қасым Аманжоловпен дос болған. Оралда болғанда араласқан. Көркемөнерпаздар ансамблін құрған-да ақын Қасымның қасынан Жәрдем Тілеков те табылады, өйткені аға шебер домбырашы болған, күй тартқан. Олар-дың бірге түскен суреті де бар. Оны біз «Жазушының жерұйығы» деректі фильміне пайдаландық. Ал жазушы-ның майдандағы өмірі оның өз шығар-маларында бар, оқырман жерлесіміз жайлы білгісі келсе, оның тұңғыш рома-ны «Жоңғар даласында» және қалған еңбектерін түгел оқуы керек деп ойлай-мын. Жазушы «От кешу» романында Со-вет Одағының Батыры, офицер Тасболат Марқабаев (Темір Масин) туралы жазса да, «Хинган асуынан асқанда» еңбегін-де майдан газетінің тілшісі Жарқын Те-легеев (бұл кейіпкер де Ж. Тілековтың өзі) жайлы, ал «Сақа солдат» хикаятын-да Әшім Меңдібаев қақында толғанса да, оның өзегінде өзі жүр, өзінің көзімен көріп, басынан кешкен оқиғаларын ке-йіпкерлерінің өмірімен бөліседі, әрине, кейіпкерлерінің шынайы ерлігін өмір-ден ала отырып, оған өзінің жан-жүре-гіндегі шындығын, көркемдік бояуын қосады, өйтпесе мұндай еңбек тумай-ды, жазылмайды. Жазушы Жәрдем Тілеков қақында арнайы іздену қажет, сонда ғана діттегенге жетуге болады, еліміздің осындай ардақты азаматын біз іздемегенде енді кім іздейді?
– Тұшымды әңгімеңіз бен шынайы сұқбатыңыз үшін рақмет!
Сұхбаттасқан Мүсірбек АЙТАШЕВ
Редакциядан:
Өзі айтқандай, Мүсірбек Айташев Жәрдем тақырыбына бірінші рет қалам тербеп отырған жоқ. Былтырғы жылы газетіміздің №39 (10007) санында автордың «Жазушы Жәрдемге көше аты бұйырмай тұр!» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақала оқырман санасын бір сілкіп алды десек, артық айтпаспыз. Әйтпесе, ел-халық «Аралтөбеде мықты жазушы туған екен ғой!», «Жәрдем Тілеков біздің жақтікі ме?» деп таңданбас еді. Мүсірбек Айташев көп ұзатпай, жазушының өміріне қатысты тағы да бір тың деректі тауып, газет бетіне ұсынды. «Жәрдемнен қалған жалғыз тұяқ» атты материал арқылы оқырман қауым жазушының қызы Роза Тілековамен танысты. Әріптесіміз Аралтөбе ауылдық округіндегі Елтай елді мекенінде де болып, Жәрдемнің өзі жата қалып сүйген қасиетті топырақты, оның атажұртының орнын көрді. Мүсірбек Айташев сол сапарынан кейін «Жазушы рухы алдында қарыздармыз» деп мақала жазып, Жәрдемді ұмытпауды, керісінше, ұлықтауды ел мен биліктің есіне тағы салды. «Сырым елі» газетіндегі жәрдемтану қозғалысы нәтиже бере бастады. Қаңтар айының 12-сі күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен өңірдің жылдың мерейлі оқиғаларын атап өтудегі дайындығын пысықтауға арналған жиында Сырым ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері Жәрдем Тілековке бюст орнату туралы ұсынысы мақұлданды. Демек, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында жауынгер жазушыға тек мүсін қойылмай, ауданда тарихи табысы бар, әдеби жаңалығы бар деңгейлі шара өтеді.