Армысыздар, құрметті оқырман!

Өздеріңіз байқап отырғандай, DANAqaz журналының бұл нөмірінде археология тақырыбына басымдық беріліп, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы аумағындағы Жайық қалашығы тұсында Орал — Атырау күрежолына таяу жердегі сарматтар кезеңіне жататын үлкен обаға жүргізілген қазба жұмысы жайлы материалдар ұсынылып отыр. Болашақта «Жайық қалашығын» ашық аспан астындағы музей жасау – ел, өлке тарихына жасалған құрмет, ал шетелдік және отандық туристерге үшін үлкен сый болар еді. Бұл – кәсиби мамандардың атсалысуымен, мемлекеттің қолдауымен жүзеге аса алатын жоба, бір сөзбен айтқанда, көптің ісі. Иә, археология ісінде қоғамның қолдауы да қажет. Журналымызда археология мәселесін тілге тиек еткен тағы бір мақала тап осы қоғам өкілдерінің, жанашыр белсенді азаматтардың жанашырлығы, қолдауына арналған.

Қазақстанның ХХ ғасырдағы көрнекі мемлекет қайраткері Мұстахим Ықсановтың дүниеге келгеніне 95 жыл толуы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтіп жатқанда DANAqaz журналы да шет қалмай, өзінің бір мақаласын Ақ Жайық өңірінен түлеп ұшқан, облысымызда қалдырған іздері сайрап жатқан қайраткерге арнап отыр.
Журналымыздың «Дария кеуде, тау мүсін, қарттарым, аман-саумысың» атты жаңа айдары бойынша алғаш мақала білім саласында көп жыл табысты еңбек еткен ардагер ұстаз Марат Қадыровқа арналды.

DANAqaz-дың жас, балдырған оқырмандары үшін осы нөмірде әңгіме, ертегі ұсынылады.

Бізбен бірге болыңыз, құрметті оқырман! Еліміз бен өлкеміздің тарих, шежіресін бірге парақтайық!

Құрметпен,
Нұрлан СӘДІР

Қаралым саны 751

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463