Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Өздеріңіз байқап отырғандай, DANAqaz журналының бұл нөмірінде археология тақырыбына басымдық беріліп, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы аумағындағы Жайық қалашығы тұсында Орал — Атырау күрежолына таяу жердегі сарматтар кезеңіне жататын үлкен обаға жүргізілген қазба жұмысы жайлы материалдар ұсынылып отыр. Болашақта «Жайық қалашығын» ашық аспан астындағы музей жасау – ел, өлке тарихына жасалған құрмет, ал шетелдік және отандық туристерге үшін үлкен сый болар еді. Бұл – кәсиби мамандардың атсалысуымен, мемлекеттің қолдауымен жүзеге аса алатын жоба, бір сөзбен айтқанда, көптің ісі. Иә, археология ісінде қоғамның қолдауы да қажет. Журналымызда археология мәселесін тілге тиек еткен тағы бір мақала тап осы қоғам өкілдерінің, жанашыр белсенді азаматтардың жанашырлығы, қолдауына арналған.
Әкем «Жаман шынын айтам деп, сырын айтады» деп жиі ескертетін. Ішкі сырын өзгеге сеніп ақтара салудың түбінде қауіп бар. Қазір әлеуметтік желілерде адамға өмір сүрудің қыр-сырын үйретем деушілер тым көбейіп кетті. Өз өміріндегі болмашы қиыншылықтарды түпсіз қайғы еткендер осыларды жағалап, ақыл-кеңестерін алады. Бара сала басынан өткеннің бәрін жіпке тізгендей айтады. Кейбірі өмірінде көрмеген, тек әлеуметтік желі арқылы танитынға да басындағысын мөлдіретіп жазады. Ал біреулер уақытша ниеттес болғанды өмірлік сырлас досындай көріп, ішіндегісін ақтара салады.
DANAqaz журналында «Дария кеуде, тау мүсін, қарттарым, аман-саумысың» атты жаңа айдар ашуды ниет қылған кезде Орал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов ағамызға шықтық. Өйткені ел, өңір, қаламыздың дамуына үлес қосқан қарияларға құрмет көрсету, олардың үлгі-өнегелерін насихаттауды мақсат тұтатын, аты сөйлеп тұрған айдардың алғаш мақаласын осы Мынатаубиік Тауфиқұлына арнау туралы ой болды.
Қандай да бір айтулы тұлға туралы жазғанда оның түп-тамыры, заманы, қалыптасуына әсер еткен факторларға үңілген ләзім. Бүгінгі мақаламыздың бас кейіпкері Мұстахим Ықсанов туралы жазғанда осы айтылған шарттарды сақтауға тырыстық.
Ел ішінде мән-мазмұны «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен сабақтас жұмыстар азаматтық қоғамның күшімен түрлі деңгейлерде және түрлі формаларда көптеп атқарылып жатыр. Және бұндай жұмыстар – ынталы азаматтардың бірігіп, бюджетке салмай салмай, өз қаржыларымен атқарылуымен құнды. Кіші жүздегі байбақты руының ұранына айналған Дәуқара батырға қатысты үлкен істердің ұйтқысы болған бір Ас жайлы бұл мақала мемлекет пен қоғам қатар қолға алған рухани жаңғыру ісі аймақтардарда қалай көрініс тауып жатқанынан белгілі бір хабар береді деп ойлаймыз.
«Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы және рухани бағыттағы алты арнайы жоба елімізде, соның ішінде, оның шалғай аудандарына да әл-қадірінше жүзеге асып жатыр. Әсіресе, бұл айтылған алты жобаның «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Заманауи әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «Ауыл – ел бесігі» жобалары ауылдықтарға етене жақын болып табылады. Кез келген жобаны жүзеге асырушылар адамдар және әсіресе, ешкім міндеттемей өз жүрек қалауымен кіріскен ақжүрек азаматтар. Бүгінгі мақаламның бас кейіпкері – Шыңғырлау өңірінде жемісті, абыройлы еңбек етіп жатқан азамат Әлібек Жұмаханұлы.
Әкесінің құрдастары Ораздың үйішін ойыншыны аралас «прагматиктер отбасы» деп атайды. Бұған ренжіп жатқан Ораз жоқ – несіне ренжісін, прагматик екендері рас. Өзі де, әке-шешесі де, іні-қарындасы да ойланбай іс қылмайды. Ол ойдың бастауында «Бұдан бізге не пайда?» д-ген сұрау белгісі тұратыны өтірік емес. Бұдан зор болмаса, қор болып жатқан олар жоқ. Сондықтан ренжігені былай тұрсын, ағайынның көбі «шаруаларына тастай» деп өздерін мақтайды да жүреді. «Бәрі» деуге нағашы атасы осы «тастайлықтарын» жаратпайтынын біледі, біледі емес, сезеді. Бірақ атасы ауылда. Анда-санда бір келгенде, не каникулда болмаса, жиі көрмейді.
Ертеде аңшылықпен айналысатын Савва атты кедей адам болыпты. Бір күні көктемде, құстар енді ұшып келе жатқанда, ол адам бір қазды өлтіріпті. «Бұдан маған не пайда?», деп ойлап, қазды өзінің бай көршісіне апарып береді. Қожайын өте риза болады, тіпті қуанады.
Қариялар «қайырымды жүрек, шебер қолдар – ең үлкен байлық» деп атайды.
Баяғыда бір бай адам қызымен өмір сүріпті. Әйелі ерте дүние салыпты, ол басқаға үйленіпті. Оның екінші рет үйленген әйелінің қызы өз қызынан сәл ересектеу.
Жайық өзені бойында сарматтар заманында Дайык атаулы тайпа мекендегендігі жөнінде ғалымдар тарапынан айтылады. Тіпті Жайық өзенінің атауы осы Дайык тайпасы атауының сәл өзгеріске ұшырап сақталғаны дегенде жорамал бар. «Томирис» фильмінде Томирис Дайык тайпасының көсемінің ұлына күйеуге шыққандығы көрсетілген. 2000-2500 жыл бұрын бұл жерлерді мекендеген көшпенділер өздерін сарматтар деп атамағанын ескерсек, бұл тайпалардың атауы аса маңызды. Қазақтар Жайық өзенін әуелден осылай атаған, тек Е. Пугачев бастаған көтерілісті халық жадынан жоюды мақсат еткен Орыс патшайымының беріректегі құйтырқысы ғана «Орал» деп өзгертті. Осыған орай Жайық бойындағы көшпенділерден қалған тарихи мұраны зерттеудің мәні зор.
Орал қаласының оңтүстік-батысынан 13 км қашықтықта орналасқан. Кешен 4 қорған үйіндісінен тұрады. Қорған апаттық жағдайда болды. 2019 жылы Батыс Қазақстан облыс-тық тарих және археология орталығының қызметкерлері қазба жұмысын жүргізді. Сол-түстік-оңтүстікке бағытталған қорғанның стратиграфиясын зерттеу үшін үш жиек қалды-рылды. Жиек аралықтары 7 м.
Жайық-1, қорған-1-ге археологиялық қазба жұмысы 2019 жылдың 28 мамыр күні басталды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының ІІ то-мында қасиетті орын ретінде аталған Жарман қазірет мешіті Қаратөбе ау-даны, Егіндікөл ауылынан – 25, ал Тұрғанбай елді мекенінен – 4-5 шақы-рымдай жерде, Қалдығайты өзенінің жағасында орналасқан. Мешіттің алты бөлмесі болған. Аңыз бойынша қазіретке тек ер адамдар қызмет көр-сеткен. Хазыреттен дәріс алуға Ақтө-бе, Қаратөбе, Шыңғырлау, Жымпиты аймақтарынан көп адам келіп тұрған.
goszakup.gov.kz сайтында:
мемлекеттік сатып алуға қатысу,
шарт жасасу,
шартты орындау,
тауар, қызмет, жұмысты орындау толық атқару барысында қажет құжаттарды рәсімдеп жүргіземіз.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463