Армысыз, қадырменді оқырман!

Журналымыздың осы санын биыл дүниеге келгеніне 180 жыл толып жатқан, қазақ жыраулық мектебінің ірі тұлғасы Марабай Құлжабайұлы туралы мақала, еңбектер; жыраудың өмірі мен шығармашылығы бойынша жұмыстанып жатқан Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының (басшысы Жұбатов Мәулет Өтемісұлы) «Марабай таным» жобасы аясында атқарып жатқан іс-қызметі мен айтулы датаға арналған «Марабай тағлымы»  республикалық ғылыми-танымдық конференциясының материалдары құрайды.

Хакім Абайдан «Қазақта Марабайдан артық ақынды мен білген емеспін» деген жоғары баға алған,  Шәкәрім Құдайбердіұлы «Сыпыра жырау, Шортанбай, Үмбетей мен Марабай, алды-артына қарамай, соққанда жырды суылдап, жел жетпейтін құландар», - деп жырға қосқан, қазақ эпостарының насихатына өлшеусіз еңбек сіңірген Маржабай Құлжабайұлына DANAqaz журналының бір нөмірін тұтастай арнауды жөн деп таптық.

Құрметпен,

Нұрлан Сәдір

 

 

 

 

 

Қаралым саны 567

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463