Журналымыздың осы санын биыл дүниеге келгеніне 180 жыл толып жатқан, қазақ жыраулық мектебінің ірі тұлғасы Марабай Құлжабайұлы туралы мақала, еңбектер; жыраудың өмірі мен шығармашылығы бойынша жұмыстанып жатқан Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының (басшысы Жұбатов Мәулет Өтемісұлы) «Марабай таным» жобасы аясында атқарып жатқан іс-қызметі мен айтулы датаға арналған «Марабай тағлымы»  республикалық ғылыми-танымдық конференциясының материалдары құрайды.

«Ел қамын жеген ерлердің сөз білген жанда хақы бар» деп аруақты ақын Ығылман Шөреков айтқандай, ел руханиятына үлес қосқан жандарды ұлықтау, насихаттау – жер басып жүрген біз үшін ұлы парыз. Осындай айтулы тұлғалардың бірі, ақын десең де, жыршы десең де, жырау десең де сыятын Марабай Құлжабайұлының 180 жылдығы биыл Батыс Қазақстан облысында жан-жақты аталып өтуде. Шыны керек, біздің өңірде биылға дейін де Марабай жырауды насихаттайтын іс-шаралар тұрақты өтіп келеді.

(мәселенің қойылысы)

Ғылымда «жыршылық орта» және «жыршылық дәстүр» ұғымдары жинақтала келгенде «жыршы және эпикалық орта», «жыршы және жыршылық мектептер», «ұстаз жыршы және шәкірт жыршы» ұғымдарын білдіреді. Соған сәйкес жыршы және эпикалық орта мәселесі іштей жыршылық өнерді үйрену, ортадан тәрбие көру, «ғайып-өнер» аңызына, мектептен кейінгі жыршы, жыр айту өнерінің типологиясы, жыршының әлеуметтік мәртебесі тақырыптарына салаланады.

Абат ҚЫДЫРШАЕВ,

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі

            Марабай Құлжабайұлы (Құлбайұлы) (1841-1898 ж.ж.) – Қазақ елінің Батыс өңіріндегі дүлдүл жыршы, бірегей жырау, импровизатор ақын. Марабай – қазақ жыраулық мектебінің, яғни өз жанынан жыр жолдарын төгілте төкпелеп айтатын, эпикалық дастандар мен толғауларды асқан шеберлікпен домбыра аспабында аса әуезділікпен орындайтын халық поэзиясының қайталанбас ірі өкілі. Марабай – дәстүрлі қазақ қоғамындағы жыршы-жырау тұлғасындағы халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткері, өз тұсындағы елге танымал, белгілі де беделді тұлға [1; 2; 3; 4].

Армат ИСЛАМҒАЛИЕВ,

Күнқожа ҚАЙРУЛЛА,

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушылары

Ерте дәуірлерден жеткен ұлы өнердің бірі болған жыраулық дәстүрдің өткен ғасырларда еліміздің көптеген өңірінде кең қанат жайып, дамығаны белгілі. Батыс Қазақстан аймағы да ерте заманнан айтулы жыршы-жырауларымен мәлім болған.

ӘОЖ 821.512.122 ( 574.1.)

Роза МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА, ф.ғ.к.,доцент, М. Өтемісов атындағы БҚУ, Орал қаласы

 

В статье рассматривается жизнь и деятельность Марабая Кулжабайулы, являвщегося глашатаем ХІХ века исторического времени и пространства западного региона Казахстана и в числе первых воплатившего образа батыров в казахских эпосах «Кобланды» и «Ер Таргын».

In this article there is a review of Marabai Kulzhabaiulys vital activity, who was the herald of historical time and public crier west Kazakhstan region space in the 2nd half of 19 Century. He also was one of those who implemented the image of batyrs in Kazakh epics "Koblandy" and "Er Targyn".

Талай ұрпақтың ат тұяғының дүбірін дүбірге жалғап, елдіктің тізгінінен айырылмай, исі қазақтың даласына төте шапқан жауға қақпақыл болып, талай ғасырды артқа салып келе жатқан Қазақстанның батыс өлкесі — басқан ізі қағаз бетінде қалатын сол кездегі жылнамашыл Ресеймен қоянқолтықтасып жатқандығынан хатқа түскен ерлік дәстүрінің баршылығымен де, құжаттардан гөрі ақын-жыраулардың сөзімен сомдалып, поэзия тілінде майырылған көркем тарихтың мол сақталуымен де танымал ел.

Б. НҰРДӘУЛЕТОВА,

филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Мақала ҚР БҒМ грантымен қаржыландырылатын «AP08856996 Маңғыстау аймағындағы сакралды мәтіндердің концептуалды кеңістігі (жыраулық мәтіндер, эпитафиялық жазба мәтіндері, петроглифтер)» ғылыми жобасы аясында жазылды

Сәдір Нұрлан Қуанышұлы

Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының ақпарат, басылым және жарнама бөлімінің маманы

Марабай жырау туралы зерттеу жұмыстарын қолға алған кезімде, ол жайлы дерек көздерінің аздығы, барының өзі бірін бірі қайталайтыны анықталды. Мысалы, Google-ге Марабай Құлжабайұлы деп тергенде шығатын ақпарат «Марабай Құлжабайұлы - 1841 жылы БҚО, Теректі ауданында дүниеге келген» - деген сөйлемнен басталады. Марабай жырауға қатысты осы бір ғана сөйлемнің ішінде әлі де нақтылауды, бәлки толықтырып не өзгертуді талап ететін біраз жайт бар:

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық музейі, «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығының қолдауымен жарық көрген «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының ІІ томында Батыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан «Ақмешіт» киелі орны туралы мынандай мәлімет келтірілген:

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463