Оған дейін білім беру қызметкерлерінің ақпаратты жедел тарату мен қарым-қатынас құралы қызметінде әлеуметтік желіні белсенді қолдансақ, енді білім беруді ұйымдастыруға да қолдана бастадық. Интернеттің дамуы, оқушылардың дербес компьютерлермен қамтамасыз етілуі, оқушылар мен педагогтердің оқу процесін жандандыруына ықпал етеді. Педагог өз білім саласының маманы болса да, жоғарыда аталған интернет-платформалардың құрастырушысы болмағандықтан, сайтты пайдалануда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сайтты пайдалануды біліктілікті арттыру курстары арқылы үйреніп, әрмен қарай тәжірибе барысында қолдануды арттырған сайын біле түсетіні анық. Дегенмен де интернет-платформадағы ұсынылған дайын тапсырмалар қызықсыз немесе сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары күнтізбелік тақырыптық сабақ жоспарына сай келмеуі сияқты мәселелерге тап болуы, не болмаса оқушыларды сол интернет-платформалармен жұмыс жасауға үйрету оңай болмауы мүмкін. Ал жеке педагогтердің және оқушылардың әлеуметтік желілерді қолдану кезінде еш қиындық болмайды. Сондықтан қазір жұмыс жасап тұрған әлеуметтік желілерді, әсіресе, оқушылардың жиі қолданатын
WhatsApр, Инстаграмм, Фейсбук желілерін қашықтағы технологиялар құралы ретінде пайдалануға болады. Әлеуметтік желілер арқылы қаншама ересектерге арналған түрлі курстар ұйымдастырылып, тікелей эфирлер де өтіп жатқанын ескеретін болсақ, оқушыларды оқытуда неге қолданбасқа? Тәжірибе көрсеткендей, оқытуда әлеуметтік желілерді қолданудың біршама артықшылығы бар. Мысалы, бүгінгі күні жастар да, үлкендер де әлеуметтік желілерге көп уақыт жұмсайды, олар үшін үйреншікті жағдайда білім алу жағымды болады. Әлеуметтік желілерді қолданудың артықшылығы — әлеуметтік оқыту. Педагог әлеуметтік желіде оқушының тақырыпты түсініп алуы үшін қорықпай сұрақ қоюына мүмкіндік береді. Әлеуметтік желі арқылы оқушылар тек педагогпен ғана емес, оқушылардың өзара сөйлесуіне мүмкіндік алады. Конференциялар ұйымдастырады. Психологиялық тұрғыдан педагог те, оқушы да әлеуметтік желінің қолданушысы, бұл оқушының үлкен сенімін тудырады және ақпаратты игеру процесін жақсартады. Педагог қажеттілігіне қарай сыныппен қарым-қатынас уақытын да реттей алады.
Әлеуметтік желіні пайдаланудың тиімділігі — оқу процесінде болып жатқан ақпараттар туралы тез хабарлауға және тез кері байланыс алуға болады. Қашықтан кеңес беру үшін де оқытуға арналған арнайы сайтпен бірге қолданылып келеді. Оқушыларда мәселелер туындап жатқан кезде де оқушылар немесе олардың ата-аналары әлеуметтік желі арқылы педагогқа мәлімдемелер жасайды.
Әлеуметтік желіде қарым-қатынас жасаудың үш әдісі бар: 1. Мәлімдемелер арқылы байланыс. Бұл мәселені талқылауға бірнеше оқушыны тартуға мүмкіндік береді. 2. Хабарлама арқылы байланыс. Бұл педагогтің нақты уақыт режимінде сөйлесуге уақыты болмаған кезде болуы мүмкін. 3. Нақты уақыт режимінде желіде отырған оқушылармен қысқа хабарламалар арқылы байланыс. Қашықтан оқыту сайтымен бірге әлеуметтік желіні пайдалану.
Әлеуметтік желіде қарым-қатынастың қай әдісін таңдасақ та, пәннің материалын ұжымдық әдістермен зерделеу (ми шабуылы) арқылы әлсіз оқушылар арасында білім сапасын арттырып, оқу процесіне қызығушылық тудыратын бәсекелестік күресіне тартамыз.
Әлеуметтік желіде жекелеген оқушылармен оңаша кеңестер ұйымдастыру арқылы олқылықтардың орнын толтыруға болады. Оқушыларға жеке қолдау көрсету педагогтің бастамасымен немесе оқушының сұранысынан туындайды. Сондықтан педагогтер бекітілген интернет-платформалармен қатар әлеуметтік желіні қолданып отыр. Ол қашықтан қарым-қатынас жасаудың ең тиімді тәсілі ретінде танылды.
«Өрлеу»БАҰО АҚ ф БҚОПҚПАИ директорының орынбасары Е. Сафуллин басшылығымен онлайн қарым-қатынас жасаудың жолдарын таныстырып, көмек көрсеткен арнайы әдістемелік нұсқаулық дайындалды. Алғаш дәрістер YouTube каналының тікелей эфирінде, кейіннен Zoom арқылы ұйымдастырылды. «Өрлеу» ҰБА АҚ ф БҚОПҚБАИ онлайн режимде 2020 жылы қысқа мерзімді 64 курс өткізсе, 2021 жылы 70 курс өткізу жоспарланып отыр. Қашықтық курстарында «онлайн-әлемнің» қалыптасуы, адам мінез-құлқының желідегі серіктестеріміз үшін қалай әсер ететіні, яғни жағымды/жағымсыз нәтижелер болуы мүмкін көрініс екені де байқалды. Қашықтық курстарында педагогтің жеке жауапкершілік деңгейінің жоғары болуы талап етіледі. Педагог қызмет ететін ұйым басшыларының өз мамандарының сапалы білім, білікпен қарулануына жағдай жасауы өте маңызды. Институт ұжымы қашықтан оқу кезінде де педагогтердің сұрақтарына жауап беріп, қолдау көрсетті. Бұл сөзіме тыңдаушылардың Zkoipk.kz сайтындағы кері байланыстары дәлел болмақ. Қашықтан оқыту онлайн-әлемін қалыптастыруға инстит ұжымы үлес қосты.