Журналымыздың осы санының ауқымды бөлігі – білім тақырыбына, оқу ордаларының басты тұлғалары – ұстаздар қауымының өзінің білімін жетілдірумен айналысатын «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыныс-тіршілігіне арналады.

Білім беру саласындағы қызметті ақпараттық қолдау барысында күтілетін бас нәтиженің бірі – қазақстандық қоғамның бәсекеге қабілетін арттырудың мән-маңызын түсіндіру.

2015 жылдың 25 қыркүйегінде Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, соның ішінде мемлекеттер және үкіметтер басшылары кедейлікті жою, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы күрес, сондай-ақ климаттық өзгерістерге байланысты мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты дамудың 17 мақсатынан тұратын тізімді қамтитын 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібін қабылдады.

Софья ІЗМҰХАНБЕТОВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ директоры, Орал қ., Педагогика ғылымдарының кандидаты,

М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті доценті

«Мұғалімдерді қазіргідей 5 жылда емес, 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуіміз керек деп санаймын. Өйткені олар шәкіртінің бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуға тиіс»

(Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан)

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру – білім саласындағы басты мәселе. Мұғалім біліктілігін арттырудың тарихына үңілсек, өткен ғасырдан бастау алған екен. Біліктілік арттыру елімізде 1977 жылғы жалпы халықты сауаттандыру саясатымен тікелей байланысты. Халықты жаппай сауаттандыру саясаты басталған кезде оларды оқытатын мұғалімдерді даярлау мәселесі туындағаны белгілі. Сол кезде мұғалімдерге арналған курстар ашыла бастайды. 1938 жылдың қыркүйегінде Халық ағарту комитетінің «Республикалық, аймақтық мұғалім біліктілік жетілдіру институттарын құру туралы» бұйрығы жарияланады.

Динара ЖҰМАҒАЛИЕВА,

кафедра меңгеруші, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін құру мен жүзеге асыру, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың мазмұнын отандық және шетелдік ең үздік тәжірибелер негізінде жаңғырту «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру жүйесі даму жоспарының негізгі стратегиялық бағыттары болып табылады.

Рауан МУЛДАҒАЛИЕВА, аға оқытушы, магистр

Қашықтан оқыту қазір ерекше өзектілікке ие болуда, өйткені пандемия кезінде білім алу мен білім беруді тоқтатпай, жүйелі жалғастырудың бірден-бір тиімді жолы болып отыр. Қашықтан оқу интернет-платформалары Kundelik.kz, BilimLand.kz, Online Mektep, Daryn.online.kz, «Өрлеу» каналының оқыту контенттері арқылы педагогтер оқушылардың білімді меңгеру, бекіту, қайталауын синхронды және асинхронды түрде ұйымдастырады. Десе де, педагогтар интернет-платформаларға қарағанда әлеуметтік желілердің оқушылармен тез кері байланыс жасап, қолдау көрсетуде басымдық танытқандығын атауда. Себебі әлеуметтік желілер қашықтан оқу жағдайында, ең алдымен, білім беру коммуникацияларының құралы болып табылады.

Алина АБИШЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ ЖжГПОӘ каф. аға оқытушысы, магистр

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі – оның негізгі құралы – құзыреттілік. Бұл білім алушының қандай да бір іс-әрекетке деген құзыреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Яғни оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалау арқылы оның құзыреттілігін бағалауымыз қажет. Қазіргі кезде оқушының білімділігі ғана емес, ең бастысы, оның құзыреттілігін, яғни жеке тұлғалық қасиеттерін, айналамен дұрыс қарым-қатынасын, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі реттеу, өзіндік білімін көтеру сияқты қабілеттерін бағалай отырып, оны шынайы өмірге әзірлеуге тиістіміз.

Шынар ЗУЛКАШЕВА,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы,  Орал қаласы

Қазақстан Республикасында кәсіби біліктілікті арттыру жүйесін реформалау қажеттілігі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еліміздегі жалпы білім беру жүйесінің алдына қойған жаңа міндеттерімен байланысты. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес педагогикалық біліктілікті арттыру мәселесі мұғалім мамандығының беделін арттырудың басты факторы болып табылады.

Қазақта «көптің ісі» деген сөз бар. Жиі қолданыла бермейтін осы сөз тіркесі Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 жылдың 24 қарашасындағы №456 Жарлығын өзіміздің өңірде жүзеге асыруды қолға алған кезде ойға жиі оралатын болды. Иә, бізде де Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен өңірлік комиссия құрылып, жұмыс тобы іске кірісіп кетті.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді ...», - деп Ашаршылықтың халқымызға әкелген орны толмас қасыретін ерекше атап өтті. Енді осындай нәубеттің беті аулақ болуы үшін, сабақ алынуы үшін, бұл трагедияның себеп-салдары егжей-тегжейлі зерттелуі шарт.

Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осы кезеңдегі ашаршылық мәселесіне қатысты тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерттеудің қажеттілігін айтқан болатын. Осыған сәйкес Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің қорында сақталған құжаттар негізінде 1921-1922 жылдардағы Орал губерниясындағы ашаршылықтың себеп-салдары, ауқымы және онымен күресу жолдары туралы жазылған зерттеу мақаламызды көпшілік оқырманның назарына ұсынамыз.

  • Жантас Нәбиоллаұлы, мен сізбен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі қызметтерді Батыс Қазақстан облысында жүзеге атқарып жатқан «Dana» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі ретінде сұхбаттасқалы отырмын. Бұл тақырыптан жалпы хабардар болсам да, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қалай, неден бастау алғаны жайлы өз аузыңыздан естісем деймін.
  • Былтыр Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» 2020 жылдың 24 қарашасындағы №456 Жарлығы шықты. Біздің қазіргі жұмыстарымыз аталған Жарлықтың аясында және осы құжатта атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру бағытында атқарылып жатыр.

Ел ұйқыға жата басталған жаңбырдың толассыз төгіп тұрғанына төрт сағатқа жуық уақыт өткен. Кешегі қара дауыл құм боратып, дүлейлене соғып еді. Күндізгі дауыл, түнгі жауын да әдеттегіден ерек, тым тосын мінез танытты.

Кең, құрғақ, жылы күрке ішіне жайғасқан ағайындар таң алдындағы алаңсыз ұйқыда жатыр. Сәт сайын үдетіп, шатырды сатырлата соққан тамшылар әкемнің інісі Төлеген ағам айтқан ерекше бір оқиғаны еске түсіргендей.

«DANA» орталығының білім мен тәрбие беру бағытындағы жобаларының бірі – арзан бағаға сапалы, мол білім алуға sabaq.online білім беру платформасы арқылы жетуді насихаттау. 

Қазіргі заманда бақуатты өмір сүрудің кепілі – матери байлық емес, білім екені барған сайын анық болып келеді. Өйткені, бойға жиған білім капиталы банктағы ақша сияқты құнсызданып, бизнес сияқты банкортқа ұшырамайды, қашан болса құнын жоймай, керісінше, бағалы бола түседі. Осыны ұққан заманауи, озық ойлы ата-аналар «бауыр еті – балаларының» келешек өмір тасының іргетасы – білім базасының мығым болғанына қатты көңіл бөледі. Соңғы кезде, жаһандық пандемияға орай, білім беру форматы сан түрленуіне орай, білім сапасы мәселесінің өзектілігі артып келеді.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463