– Рахмет, бірге болсын! Иә, рас, өткен жыл айтулы даталарға толы жыл болды және біз соның бәрін тиісті деңгейде атап өту үшін қам қылдық. Мұндай шаралар өткен та-рихқа, оның қайраткерлеріне құрмет көрсетумен қатар ата-бабаларымыз-дың игі, өнегелі істерін жас буынға үлгі қылып ұсынуды мақсат тұтады. Былтыр аталып өткен Ұлы Жеңіске 75 жыл мерекесі қарсаңында орал-дықтар үшін аға ұрпақтың ерлігіне тағзым етер орынға айналған Жеңіс алаңына жөндеу жұмыстары жасал-ды. Тыл еңбеккерлерінің еңбегіне көрсетілген құрмет ретінде «Тыл ең-беккерлеріне тағзым» барельефі ор-натылды. Кіреберіс аркалар жаңар-тылып, тарихи деректер жазылған ақпараттық пилондар қойылды. Пи-лондарда Ұлы Отан соғысы жылда-рындағы батысқазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері, жеңісті жа-қындатуға қосқан үлестері, өңіріміз-дің тыныс-тіршілігі, тылдағы еңбек, майдан даласына берілген көмек, соғыс жылдары қаламызға эвакуа-цияланған заводтар, оқу орындары мен госпитальдар жөнінде ақпарат-тар жазылды. Сонымен қатар жас ұр-пақты патриотизмге баулып, Отанға, соғыс ардагерлеріне деген құрмет сезімін арттыру мақсатында ашық аспан астындағы әскери техникалар экспозициясы жасақталды. Аталмыш экспозиция оралдықтар мен қала қо-нақтарына әскери техникаларды өз көзімен көріп, танысуға мүмкіндік береді.
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Орал қаласы сұрапыл соғыс жылда-рында» кітабының таныстырылымы өткізілді. Кітап шығару жұмыстарына тарих ғылымдарының докторы, про-фессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ака-демигі Тұяқбай Зейітұлы бастаған бір топ жергілікті тарихшы, өлкетанушы атсалысты.
2009 жылдан бері ардагерлер мен зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу бағытында жұмыс жасап келе жатқан «Ардагер» клубы Ұлы Жеңіс-тің 75 жылдығына орай ағымдағы жөндеуден өткізіліп, клуб ішіне жаңа безендіру жұмыстары жасалды.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Абай алаңын-да ақынның қара сөздері жазылған тақтатастар қойылып, данышпан ақынның атына көше атауы беріліп, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінен Абай залы ашылды.
Былтыр қалалық мәдениет және демалыс саябағының құрылғанына 180 жыл толды. Мерейтой қарсаңын-да саябақтағы 180 жылдық тарихы бар емен ағашына орнатылған есте-лік тақтайша ашылып, фотокөрме мен мерекелік бағдарлама ұйымдасты-рылды. Келушілер назарына арнайы түсірілген саябақ тарихы туралы қыс-қа метражды фильм ұсынылды.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында №6 кітапхана филиалына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіл-ді. Кітапханада WEB RABIS бағдарла-масы қойылған, осы бағдарлама ар-қылы кітаптар және мерзімді басы-лымдарға материалдарды электрон-ды каталогқа енгізу жұмыстары жүр-гізілуде. Бағдарлама барлық интер-нет-режим үшін ашық болғандықтан, пайдаланушыларға әлемдік ақпарат-тық кеңістікте барлық қажетті ақпа-ратты алуға мүмкіндік бар. Онлайн режимде пайдаланушы үшін қажетті әдебиетті табу және оны жүктеу мүм-кіндігі бар. Сонымен қатар кітапхана-да қолданылуы өте қарапайым ар-найы жабдық – ақпараттық киоск бар.
Былтыр Қазақстан Республикасы-ның Тәуелсіздік күні қарсаңында Жастар мәдениет үйінде «Тұғыры биік Тәуелсіздік» мерекелік концер-тінің түсірілімі жасалып, «AQJAIYQ» телеарнасынан көрсетілді.
Әрине, былтыр жүзеге асқан игі шаралардың қарасы өте көп, мен олардың бірқатарын ғана тілге тиек етіп отырмын.
– Тіл мәселесі күн тәртібінен әзірге түсе қоймайтын аса өзекті тақырып екеніне ешкімнің дауы болмас. Биылғы іс-тірлік жайлы сұхбатымызды осы тіл саласы бойынша өрбітсек.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолда-уында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қа-тынас тіліне айналатын кезеңі келеді. Мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Тіл үлкен саясаттың құралы екенін ұмытпаған жөн» деп атап өтті. Біз өз жұмысымызда Қазақ-стан Республикасының «Тіл туралы» Заңын басшылыққа аламыз. Басты заңнамалық құжатқа сүйене отырып, «Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында іс-шаралар жоспарын жасақтадық. Бүгінде облыс орталығында аталмыш бағдарламада көрсетілген бағыттар бойынша жос-парлы жұмыстар жүзеге асырылуда.
Өңірімізде алпыстан астам жарна-ма агенттігі, баспахана жұмыс істейді. Біз Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының талаптарын сақтау бойынша жарнама агенттіктеріне әдістемелік көмек көрсету жұмыста-рын жүргіздік. Биылғы наурыз айын-да Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастауы-мен көрнекі ақпараттарда, жарнама мәтіндерінде «Тіл туралы» Заңның сақталуы, халыққа қызмет көрсету орындарындағы мемлекеттік тілдің қолданысы туралы мәжіліс ұйымдас-тырылды. Көрнекі ақпараттағы қате-лер бойынша қырыққа жуық хат жол-данып, сексеннен астам жарнама үл-гісінің мәтіні түзетіліп, бекітілді. 300-ге тарта кәсіпкерлік нысанына теле-фон арқылы әдістемелік көмек көр-сетілді. Кәсіпкерлер назарына заңды әрі дұрыс жарнама жүргізу бойынша екі тілде роликтер дайындалды. Бү-гінгі күні Орал қаласының басты кө-шесі – Назарбаев даңғылындағы ғи-мараттардың, бизнес нысандарының маңдайшаларындағы жазуларды ал-дын ала келісу міндеттеліп, жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы мемле-кеттік қызметшілері күніне орай мем-лекеттік қызметкерлер арасында «Ана тілім – арым» байқауы ұйым-дастырылды. Тіл айлығы аясында өзге этнос өкілдерінің қатысуымен «Тіл – тұтастық туы», қаламыздағы кәсіпорындар қызметкерлерінің қа-тысуымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқаулар жоғары дең-гейде өтті. Сондай-ақ біздің бөлімнің инстаграм әлеуметтік желісіндегі па-рақшасында «Тіл әлемі» жобасы ая-сында туған өлкенің тіл жанашырла-рымен «Сіз не дейсіз?» атты тікелей эфир тұрақты түрде ұйымдастыры-лып келеді. Тікелей эфирлерде халық-аралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық филиалының төрағасы Б. Жексенға-лиевпен, елімізге танымал ақын Ғайсағали Сейтақпен, Қазақстан Рес-публикасына еңбек сіңірген мәде-ниет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті ақын Шолпан Қыдырниязовамен, танымал заңгер Абзал Құспанмен кездесулер өткізіл-ді. Бөлім парақшаларында «Мемле-кеттік тіл – елдің басты нышаны» ай-дарымен бейнероликтер, поэзиялық туындылар, ұлылардың ұлағатты сөз-дері үнемі жарияланып тұрады.
– Тіл саласында түйткілдер бары ешкімге жасырын емес, осы бағытта қандай жұмыстар жасалып жатыр?
– Тұрғындар тарапынан жолаушы тасымалы саласында тіл заңнамала-ры сақтала бермейтіні туралы сын ай-тылып жүр. Осыған орай өткен айда жолаушы тасымалдаушы компания-лардың басшыларымен жиналыс өт-кізіп, қоғамдық көліктерде мемлекет-тік тілдің қолданыс аясын кеңейту бойынша мәселелер талқыланып, бірқатар тапсырма берілді. Аялдама атауларын ретке келтіру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, қала-дағы бірқатар аялдама атауы жөнге келтірілді.
ҚР «Тіл туралы» Заңының 10-бабы бойынша Орал қаласындағы квази-мемлекеттік мекемелер мен шағын және орта бизнес нысандарына, ха-лыққа қызмет көрсететін мекемелер-де іс-қағаздарының жүргізілуіне, по-лиграфиялық қызмет көрсететін агенттіктердің жұмыстарына, мемле-кеттік органдар мен квазимемлекет-тік компаниялардың мемлекеттік тіл-дің интернетте қолданылуы бойынша сайттарына, әлеуметтік желілердегі парақшаларына профилактикалық бақылау (мониторинг және талдау) ұдайы жүргізіліп отырады.
Оралдық мектептердің орыс сы-ныптарында сегіз мыңнан астам қазақ ұлтының қаракөзі білім алады. Осы бағытта ілгерілеу бар болса да, оның тым баяу екендігіне орай қазақ ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылғы жоспарға «Қазақ мектебіне қадам басайық!» жобасы енгізілді. Жоба аясында мек-тепке дейінгі мекемелердің жоғары топ ата-аналарымен онлайн-кездесу-лер ұйымдастырылып, түсіндіру жұ-мыстары жүргізілді.
– Сіз басқаратын бөлімнің жұмы-сына бұқара тарапынан қолдау бар ма?
– Әрине, бұл жұмыстарды жүргізу-ге тек қана тіл басқармасының неме-се мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің күші жетпейтінін өздеріңіз білесіздер. Мысалы, қала көшелері-мен жүріп өтсеңіз, түрлі қате жарна-малардан көз сүрінеді. Мұндай олқы-лықтарды жою жұмыстары барысын-да тіл жанашырларының және мұн-дай мәселеге бейжай қарамайтын белсенділер мен волонтерлердің кө-мегі ауадай қажет. Мұндай жандар арамызда бар. Осы ретте тұрақты түрде бізбен бірге жұмыстанатын тіл жанашырларына үлкен алғыс білдір-гім келеді.
– Тіл мәселесімен астасып жатқан ономастика саласы бойынша не ай-тасыз?
– Бізде Орал қаласының ономасти-калық нысандарының тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау жөніндегі жұмыс тобы Орал қаласындағы идеология-лық тұрғыдан ескірген атауларды ауыстыру, кей атаулардың мемлекет-тік тілдегі жазу транскрипциясын рет-теу бойынша биыл қоғамдық тыңдау-лар өткізді. Жиын барысында оно-мастикалық комиссияға ұсыну үшін бір кент, екі елді мекен, бір алаң және 11 көшенің атауын қайта атау мәселе-сі талқыланды. Нәтижесінде 12 атау (бір алаң, 11 көше) республикалық ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Ал өткен жылы атаула-ры өзгертілген 53 елді мекен, көше-лер мен даңғылдарға ақпараттық тақтайшалар орнату жұмыстары жүр-гізіліп, тұлғалар туралы мәліметтер әлеуметтік желілер арқылы таратыл-ды. Тіл саясатын насихаттау бойынша дайындалған бейнероликтер де бү-гінгі күні әлеуметтік желілер арқылы жиі таратылып отыр. Туған тілдің мәр-тебесі туралы ғұламалардың даналық сөздері жазылған баннерлер көше-лерге орнатылды.
– Сіз басқаратын бөлім тіл мәселе-сімен қатар қаламыздағы мәдениет саласына жетекшілік eтеді. Осы ба-ғыт бойынша қандай іс-шаралар ат-қарылды?
– Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, жалпы барлық мә-дениет мекемесінің негізгі жұмысы – халықты мәдени-демалыс қызметі-мен кең көлемде қамтуды жүзеге асыру. Сондай-ақ кәсіби және көр-кемөнерпаздық шығармашылықты дамыту, жас ерекшеліктеріне қарай, әр түрлі шығармашылық қабілеттерін айқындау, тұрғындардың бос уақы-тын ұйымдастыру жұмыстары жүргі-зіледі.
Біздің бөлімнің құрамына қалалық кітапханалар жүйесі, мәдениет және демалыс саябақтары мен скверлер дирекциясы, Жастар мәдениет үйі, мәдени-ағарту бірлестігі кіреді. Бұл мекемелер елімізде аталып өтетін мемлекеттік мерекелер мен халық-тық мейрамдарға, атаулы күндер мен мерейтойларға арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды, жас ерекше-ліктеріне қарай қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдас-тырады.
Жастар мәдениет үйі құрамында «Салтанат сарайы», «Деркөл» мәде-ни-демалыс орталығы, қалалық көр-ме залы, орыс халық аспаптар ор-кестрі, вокалды-аспаптар ансамблі, скрипкашылар ансамблі, қалалық үрмелі аспаптар оркестрі, қалалық «Оралым» фольклорлық ансамблі, «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі, «Салтанат» би ансамблі, сонымен қа-тар ақылы, тегін үйірмелер мен сту-диялар жұмыс істейді. Мәдени-ағарту бірлестігінің құрамында 12 балалар аула клубы, алты комьюнити орталық, «Ардагер» клубы, «Жас ұрпақ» жас-өспірімдердің әлеуметтік даму орта-лығы, Гагарин атындағы балалар ки-нотеатры, құлағы нашар еститін аза-маттарға арналған «Ақ ниет» клубы, көзі нашар көретін жандарға арнал-ған «Бойтұмар» клубы, халықтық «Әже сәлемі», «Ару Аналар», «Ағалар әуені», «Сударушка» ансамбльдері жұмыс жасайды. Орал қалалық кітап-ханалар жүйесі 19 кітапханадан тұра-ды. Олардың қатарында орталық қа-лалық кітапхана, 15 кітапхана филиа-лы, екі балалар кітапханасы бар.
Жыл басынан бері мемлекеттік ме-рекелерді және атаулы даталарды атап өту аясында және жылдық жос-парға сай бірқатар көлемді мәдени-көпшілік шара өткізілді.
2021 жыл – халқымыз үшін тарихи маңызды жыл. Биыл ел Тәуелсіздігі-нің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай барлық шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында мерекенің та-рихи мән-маңызын ашуға бағытталып ұйымдастырылуда.
Биыл қаңтар айында қалалық мә-дениет және тілдерді дамыту бөлімі-не қарасты мәдени-ағарту бірлестігі-нің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел-дің тұғыры» атты ұлттық спорт түрле-рінен сайыс өткізілді. Оған қатысушы-лар тай жарысы, құнан жарысы, тазы жарысы, аударыспақ, асау үйрету, қыз қуу, көкпар сынды қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынасты. Ақпан айында мәдени-ағарту бірлестігінің Гагарин атындағы балалар кинотеат-ры жанынан қоғамдық киноклуб құ-рылды. Бұл клуб кино өнеріне қызы-ғушылығы бар жастардың басын қо-сады. Киноклубтың төрағасы – іскер оператор, қоғам белсендісі Әлішер Ғұмаров. Бүгінде жиырмаға жуық жас киноклубқа мүшелік етеді.
Аталған мерейтой аясында мәде-ни-ағарту бірлестігі жанынан «Алтын Орда» балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры құрылды. Театрдың басты мақсаты – балалардың шығар-машылыққа деген қызығушылығын арттыру, дарынды жеткіншектерге қолдау көрсету. Бүгінде театр құра-мында қырыққа жуық жас актер бар. Театр шымылдығы наурыз айында «Кім патша?» музыкалық ертегісімен ашылды. Театр 1 маусым – Халықара-лық балаларды қорғау күніне орай Дулат Исабековтің аудармасы бойын-ша «Алладдиннің сиқырлы шамы», “Бес ешкі + бір ешкі” атты ертегілерді сахналады. Тәуелсіздік күні қарсаңын-да аталған театр С. Досановтың «То-зақ шеңбері» драмалық спектаклін көрермен назарына ұсынуды жоспар-лап отыр.
Бұдан бөлек ел Тәуелсіздігінің
30 жылдығына орай «Жастар мәде-ниет үйі» МКҚК жанынан «Ғасыр жас-тары» қоғамдық жастар театры құры-лып, жұмысын бастап кетті. «Ғасыр жастары» қоғамдық театрының мақ-саты – ұлтымыздың баға жетпес қа-зынасы болып табылатын театр өне-рін студенттер мен жастар арасында кеңінен насихаттап, талантты қыз-жі-гіттердің өнерін таныту. Театр қатысу-шыларын іріктеудегі басты ерекше-лік – жас таланттарға арена құру. Ағымдағы жылы театр ұжымы екі қойылымды көрермен назарына ұсынбақ. Театрдың алғашқы «Ғасыр-дан да ұзақ күн» қойылымы сәуір айында сахналанып, көпшілік көңі-лінен шықты. Ал театрдың екінші қойылымы желтоқсан айында сахна-ға шығарылатын болады.
Қалалық кітапханалар жүйесі мен көрме залы «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты қалалық сурет байқауын ұйымдастырды. Жас қыл-қалам шеберлерінің байқауына қала мектептерінен 6-16 жас аралығында-ғы 282 оқушы қатысып, жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Ел Тә-уелсіздігінің 30 жылдығы аясында мәдени-ағарту бірлестігі жанындағы «Атамекен» балалар аула клубы ғи-мараты жөнделіп, комьюнити орта-лық ретінде қайта жасақталып ашыл-ды. Бұған дейін 2019 жылы Деркөл кентінде орналасқан «Өркен» комью-нити орталығы мен №48 мектеп ба-засындағы «Жұлдыз» комьюнити ор-талығы, 2020 жылы ақпан айында «Ет комбинаты» ауданында «Арай» ко-мьюнити орталығы, Зашаған кентінде «Бәйтерек» комьюнити орталықтары ашылған болатын.
– Биылғы жылы айтулы тұлғалар-дың мерейтойлық шаралары қалай ұйымдастырылды?
– Ұлы тұлғалардың мерейтойлары ескерусіз қалмайды. Биыл V облыс-тық «Бабалар мұрасы» атты дәстүрлі өнер кеші өткізілді. Кеш «Ән Мұхит – сал Мұхит», «Асыл мұра іздері», «Күй ғұмыр» атты үш концерттік бағдарла-ма ретінде арнайы түсіріліп, жергілік-ті «AQJAIYQ» телеарнасынан көрсе-тілді. Халық композиторы, әнші, ақын, күйші Мұхит Мерәліұлының 180 жыл-дық мерейтойына арналған «Ән Мұхит – сал Мұхит» концертінде ән-шінің шығармашылығы кеңінен наси-хатталып, ел аузындағы шығармала-ры шырқалды. «Асыл мұра іздері» концертінде ұлттық дәстүрлі музыка, жыр-термелерді өңіріміздің өнер-паздары шырқады. Күйші Дина Нұр-пейісованың 160 жылдық мерейтойы-на арналған концертте күй өнерінің озық туындылары орындалды.
«Атамекен» комьюнити орталы-ғында қала тұрғындарының уақытын тиімді өткізуге арналған түрлі үйір-мелер жұмыс жасайды. Сондай-ақ орталықтан Мұхит Мерәліұлының
180 жылдығына орай ұлттық ән өне-рін дәріптеуге бағытталған «Мұхит класы» ашылды.
Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, дарынды ақын, аудармашы Қасым Аманжоловтың туғанына
110 жыл толуына орай ақын шығар-машылығына арналған «Жыр жаза-мын жүрегімнен» атты кеш оздырыл-ды. Мерекелік концертте ақын өмірі, шығармашылығы туралы арнайы видео көрсетіліп, скрипкашылар ан-самблінің сүйемелдеуімен ақын сө-зіне жазылған әндер шырқалып, өлеңдері оқылды.
– Биыл қала күні қалай аталып өтті?
– Қала күні мейрамында «Ақ Жайық – шеберлер қаласы» атты қол-өнер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Қырғызстан, Ресей елдерінен, көрші-лес Ақтөбе қаласынан қолөнершілер қатысты, V аймақтық «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестиваліне көршілес Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыста-рынан дәстүрлі өнердің шеберлері өнерлерін салды. IІІ «Жайықтың би әлемі» облыстық би фестивалі, «Орал опера» классикалық музыка кеші, «Әсем өлкем – Ақ Жайық» атты жер-гілікті ақын-композиторлардың ән кеші, “Жайықтың ұлы тұлғалары” атты сурет көрмесі өткізілді.
– ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы-на орай атқарылып жатқан шаралар туралы хабардар ете отырсаңыз.
– ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өңірімізде алғаш рет «Jaiyqfilmfest» қысқа метражды фильмдер фестивалі жоғары деңгей-де өткізілді. Оған әлемнің түкпір-түк-пірінен 70-ке тарта жас және кәсіби кинематографисттер қатысты. Фести-вальді өткізудегі басты мақсат – өңі-рімізде өнердің осы бір түрін дамыту, кино өнерімен айналысатын жастарға қолдау көрсету. Фестивальдің қонақ-тары мен әділқазылары қазақтың «Қыз Жібегі», Қазақ КСР еңбек сіңір-ген артисі, «Құрмет», «Парасат» ор-дендерінің иегері жерлесіміз Меруерт Өтекешева, ҚР Еңбек сіңірген қайрат-кері, Канн халықаралық кинофести-валінің «Үздік әйел рөлі» номинация-сының иегері Самал Еслямова, «Қа-зақфильм» киностудиясының вице-президенті Айдар Баталов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағының «Серпер» сыйлығының лауреаты, ҚР мемлекеттік стипендия-сының иегері, кино және театр актри-сасы Алтынай Нөгербек, театр және кино актрисасы Дариға Бадықова, танымал актер Рамазан Амантай, сце-нарист, деректі фильмдер режиссеры, «Мерген» студиясының продюсері Айгул Черендина, кинооператор, ре-жиссер Талғат Тайшанов, режиссер Ерлан Нұрмұхамбет, әнші, актер Олжас Абай, «Конокрады» фильмін-де басты рөлді сомдаушы жас актер Мади Минайдаров қатысты. Кинофес-тиваль жеңімпаздары «Үздік режис-сер», «Үздік сценарий», «Үздік сту-денттік фильм» және осы сияқты көп-теген аталым бойынша марапаттал-ды.
Орал қаласы әкімдігінің қолдауы-мен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шаһар тарихы туралы кітап дайындалуда. Қазіргі таңда арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы құрамында Тұяқбай Рысбеков баста-ған бір топ белгілі тарихшы, өлкетану-шылар бар. Кітапта қаламыздың Жайық қалашығынан бастап қазіргі Орал қаласына дейінгі даму тарихы мен тың деректер келтірілмек.
– Биылғы жылдың мәдени шара-лары жайлы тағы қандай айтарыңыз бар?
– Жыл сайын аталып өтілетін кәсі-би мерекеміз – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай сала өкіл-дері арасында тәжірибе алмасу мақ-сатында «Мәдениетім – мәртебем» атты облыстық туристік слет ұйым-дастырылды. Қазақ күресінен мәде-ниет қызметкерлері арасында «Өнер барысы» балуандар сайысы өткізілді. Оған облыстық және аудандық мәде-ниет ұжымдарынан командалар қа-тысып бақ сынасты.
Сондай-ақ биыл «Менің бала қия-лым» деген атаумен облыстық бала-лар анимациялық фильмдер байқауы ұйымдастырылды. Балалардың муль-типликациялық фильмдер жасауға қызығушылықтарын арттырып, үздік анимациялық туындыларды замана-уи бағытта көрсетіп, кеңістік және танымдық ой-өрістерін кеңейту, қа-зақ мультфильміне деген сүйіспенші-ліктерін арттыру мақсатында өткізіл-ген байқауға 27 жұмыс ұсынылып, аталған анимациялық фильмдерді арнайы құрылған қазылар алқасы ба-ғалады. Байқау қорытындысы бойын-ша қатысушылар «Үздік режиссер», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік ани-матор», «Үздік бейнесюжет», «Үздік оператор» номинацияларымен, ар-найы жүлделермен, алғысхаттармен марапатталды.
Биылғы жылы суретшілер одағы, БҚО дизайнерлері мен модельерлері қауымдастығы, фотосуретшілер ас-социациясымен, қолөнершілер ассо-циациясымен тығыз жұмыс жүргізі-ліп, дөңгелек үстелдер, көрмелер, байқаулар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар биыл біздің бөлім үшін жеңісті жыл болды. «Мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК-ға қарасты Бәйтерек комьюнити орталығының тәрбиеленушісі Алинұр Хамзин «Junior Eurovision 2021» байқауының ұлттық іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанды. Ендігі кезекте Алинұр Франция аста-насы Париж қаласында Қазақстан-ның намысын қорғайтын болады.
2021 жылы Мәдениет және дема-лыс саябақтары мен скверлер дирек-циясы құрылып, құрамына қаладағы скверлер мен саябақтар енді. Саябақ-тардағы жасыл желектер мен ағаш-тардың дендрологиялық паспорты жасалды. Жаңа теректер отырғызы-лып, ойын алаңдары жаңартылды, жаяу жүргіншілерге арналған экосоқ-пақ жасалды, жаңа электр трансфор-маторы қойылып, қоқыс қалдықта-рын сұрыптайтын жәшіктер орналас-тырылды. Саябаққа келген демалу-шылардың уақытын тиімді өткізу мақ-сатында «Bookcrossing» кітап оқуға арналған орын, шахмат және шашка ойындарына арналған орындар ашылды.
Сонымен қатар халықты мәдени демалыс қызметімен қамту мақсаты-мен тұрғындар арасында «Алтын ба-лық» қысқы балық аулау жарысы, кішкентай балалар арасында «Қанат-ты достарға қамқорлық» атты ұя жа-саудан жарыстар өткізілді.
1 маусым – Халықаралық балалар-ды қорғау күніне орай саябағымызда қалалалық қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кішкентай дема-лушыларға арнап «Бақытты балалық шақ» мерекелік бағдарламасы қойы-лып, Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры «Ауылдың
иті – Ақбай» ертегісін сахналады.
Саябақ демалушыларының мәдени-рухани әлеуетін арттыру, уақытты қызықты өткізу мақса-тында «Қарақат» мектеп студия-сының концерті, Скрипкашылар ансамблінің концерттері қойыл-ды. Сонымен қатар ашық аспан астында кинотеатр ұйымдасты-рылып, «Любовь на миллион» фильмі көрсетілді.
– Серік Ерболатұлы, сұхба-тыңыз үшін рахмет. Сізге және өзіңіз басқаратын бөлімнің іс-қызметіне табыс тілеймін.
– Мен де «DANAqaz» журна-лына өз ризашылығымды білді-ремін. Жақсы күндерде жолы-ғайық.