Журналымыздың осы саны мамыр айына шығуы керек еді. Көлденең себептерге байланысты кешігіп, енді ғана қолдарыңызға тиіп отыр. Оның есесіне журналдың көлемін қалыңдатып, бетін көбейтіп, айыбымызды өтеуге тырыстық.

Кезкелген мемлекеттік жоба экономикалық жағынан 100% тиімді болғанымен, тəуелсіздігімізге 1% қауіпті болса, осы 1% үшін тəуекелге баруға болмайды.

Талғат ӘМІРХАНҰЛЫ,

«Нобель» компаниясының қызметкері, Астана қаласы

«Тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездесетіні» рас. Бүгінде Елордада қызмет етіп жүрген жалынды жастары-мыз көп-ақ. Соның бірі – Талғат Утупов. Ол Астанадағы «Нобель» фармацевтикалық компаниясында белді қызметкер. Талғат 1990 жылы 6 қарашада Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. Талабы таудай жас жігіт студент кезінен ғылымға деген құштарлығының арқасында біршама жетістікке жеткен. Оны өзінің айтқан әңгімесінен байқадық.

Әңгімемізге арқау болып отырған ХVІІІ ғасырдың туындысы, қазір өте сирек кездесетін ағаш ер қолдан-қол-ға өтіп, музейге жеткен. Қасына келген көрермен таңдайын бір қақпай кет-пейтін бұл жәдігердің ерекшелігі сол – ешқандай шеге қолданбай, ағаш қап-талға таспамен бекітілген. Алдыңғы қасы артқы қасына қарағанда, биік жа-салған. Қастың үстіне қыран құстың бейнесін оюлап салған. Ер қатты емен ағашынан жасалған, жақсы сақталған. Ердің үстіне қойылған барқытпен қап-талған көпшігі, қылдан есілген айылы, таза қайыстан жасалған таралғысы, са-бы еліктің алдыңғы аяғынан сапталған сегіз өрім қамшысы бұл ердің сәнін аша түскен.

Альфия БАЙБОЛСЫНОВА,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Рыскүл ҚАТАРОВА, 

тарих мамандығының 3-курс студенті, Орал қаласы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мәңгілік ел» идеясында «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық» [1,4 б], - деп өске-лең ұрпақтың болашағына үлкен үміт артып, нық сеніммен қарауы бізге зор жауапкершілік жүктейді.

Гүлайна САЛИХОВА,

Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы, Атырау қаласы

Көне тарихымыздың ең негізгі куәсі, яғни қолмен ұстап, көзбен көруге болатыны – ескерткіштер. Жер шарының түрлі халықтары тарихи дәуірлерде қол жеткізген мәдениеттің ұлы жетістіктері тарихи-мәдени ескерткіштерде көрініс тауып, бүгіндері дүниежүзілік маңызы бар мұраға, мақтанышқа айналуда. Тарих ғылымының шымылдығын айқара ашудың бір ғана жолы – сол ескерткіштерді зерттеу, сақтау, келешек ұрпаққа табыстау.

Лилия ҮМІТҚАЛИҚЫЗЫ,

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы, Орал қаласы

Археологиялық деректемелерге қарағанда, б.з.б. VІІ-ІV ғасырларда Қазақстанның батыс аймақ далаларын мәдениеті мен этникалық жағынан туыс тайпалар – аростар мен роксаландар мекендеген.

Тұяқбай РЫСБЕКОВ, 

тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері

Осының алдындағы мақаламызда («DANAkaz» журналы, №1 (25), 2016) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы ерекше екендігін атап өттік. Бұл көтеріліс бұған дейінгі Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстармен, атап айтқанда, Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары, Есет Көтібарұлы, Жанқожа және т.б. азаттық үшін, жер мәселесін шешуге бағытталған көтерілістерімен сабақтас екендігін баса айтуымыз керек.

Әспет ӨТЕҒАЛИҚЫЗЫ,

Серікқали Шарабасовтың жары

Ақ Жайық өңірінің асыл перзенті, әдебиеттанушы-ғалым Серікқали Ғабдешұлы Шарабасовтың өңір тарихында алар орны ерекше. Ар мен адалдық желкенін биік ұстап, тегі есіміне айнала жаздаған Шарабасовтың өмірі көпке үлгі болды. Ауыр дерттен арылмай кеткен аңыз адам 70-ке толар шағында мәңгілік сапарына аттанып кетті. Оқырман назарына Серік ағаның бала шағының куәсі болған сыныптасы Ғабдырашит Карменұлы мен жары Әспет Өтеғалиқызының естеліктерін  ұсынамыз.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне 2017 жылы 85 жыл толады.
БҚМУ – 1932 жылы Қазақстанда ҚазПИ-ден кейін ашылған мұғалімдер даярлайтын екінші ЖОО.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – бұл білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.

Старое здание естественно-географического факультета, обозначенный в официальных документах ЗКГУ как учебный корпус №5, обладает каким-то магическим свойством. Попадая под высокие своды длинных коридоров со мно-жеством кабинетов, почти физически ощущаешь, что здесь поселилась наука.
– Высокие потолки должны быть в учебных заведениях. Тогда и рождаются высокие научные открытия, - делится своими мыслями доктор химических наук, профессор Дина Кенжебековна Мендалиева.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463