Қазандағы қазақтар

Жақында Ресей Федерациясында-ғы Қазан қаласына жол шығып, ондағы қазақ зиялы қауымы өкілдерімен жүз-десудің сәті түсті. Алдымен елден апар-ған жаңа басылымдар мен кітаптардан тарту жасадым. Татарстандағы қазақ-тардың ұлттық мәдени автономия ор-талығы Қазан қаласында 1989 жылы құрылған екен. Оның құрамына білім-ғылым жолындағы екі мыңға жуық сту-дент пен аспирант Қазақ жастары кіріп-ті. Батыржан Кенжетаев, Далихан Таубаев, Мәди Бексұлтанов бастаған жастар Қазан авиация институтының зертхана меңгерушісі Сағит Жақсыбаев-қа қазақ жастарына төраға болу ұсыны-сын білдіреді. Міне, 1991 жылдан бері Татарстандағы қазақ ұлттық мәдени автономия орталығын Сағит Көдебай-ұлы басқарып келеді екен.

Сағит аға 1945 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақпай ауданында дүниеге келген. Бүгінде Қазан авиация институтында қызмет етеді. Техника ғылымдарының кандидаты, 20 ғылыми еңбектің авто-ры. Татарстан халық Ассамблеясы төра-ғасының орынбасары, Ресей мен Татарстанның бірнеше мемлекеттік наг-радасының иегері. Жалпы, Татарстанда-ғы жоғары деңгейдегі мемлекет қыз-меткерлерін, жоғары оқу орындарын-да дәріс беретін қазақтарды көргенде, көңілің бір марқайып қалады. Осындай қазақ зиялыларының өкілдеріне бір тоқталып өткенді жөн санадым.
Оразәлі Муллакаев – Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы-нан. 1985 жылы Қазан ауыл шаруашылы-ғы институтын бітірген соң комсомол ұйымының хатшылығына қалдырыла-ды. Оразәлі туған елінен жырақта жүр-се де, қазақтың салт-дәстүрін сақтап, туған елі туралы сағыныш сырларын шертеді. Татарстанға еңбегі сіңген қай-раткер, ветеринария ғылымдарынның докторы, професор, әскери шені пол-ковник, бүгінде Қазан қаласындағы Бас ветеринариясының инспекторы.

2011 жылы «Булгар» кемесі суға кеткен кезде апатқа ұшырап, зардап шекендерге көмек көрсеткені үшін мемлекет наградасына ие болған Күлпәш Шаймарданқызы Құмарова – Семей қаласында дүниеге келген, Семей педагогикалық институ-тының түлегі. Қазіргі кезде Татарстанның халықты еңбекпен әлеуметтік қамсыздандыру министрлі-гінің бөлім меңгерушісі. Ал жолдасы Нәсибола Каримов – құрылыс инжене-рі. Ол да Семейдің жігіті екен.

Шығысқазақстандық Тарбағатай ауданы, Тұғылдан ауылының тумасы Манарбек Тілеулинов – Қазан авиация институтының доценті, техника ғылым-дарынның кандидиты, ұшу аппаратта-рын жобалаушысы болса, атыраулық Рафхат Оразбаев – Қазан қаласында прокурор болып қызмет етеді, бірнеше мемлекеттік награда иесі.

Қазан мемлекеттік университеті халықаралық қатынастар институты-ның професоры, тарих ғылымдарын-ның докторы Равил Иманғалиевті әң-гімеге тартып, бұл өңірге қалай келге-нін сұрадым. Равил Наурызғалиұлы өз жерлесім болып шықты. Әкесі 1924 жы-лы туған екен. «Орал облысы, Жымпиты ауданы, Жетікөл ауылынан боламыз, руымыз – тана. 1930 жылы аштық басталғанда атамыз әжемізді алып, Орынбор облысына қарай қоныс аударады. Алдымен әжеміз екеуі кете-ді. Сақмар ауданына орна-ласып, елге барып ба-лаларын алып, Орынбор жағына қайта келсе, әжеміз жоқ. Осылай жо-ғалтып алады. Арада соғыс бас-талып, әкеміз Наурызғали майданға аттанады» деп еске алады Равил. Ата-сына топырақ сол жерден бұйырған, әкесі майданнан аман келіп, 2011 жы-лы 87 жасында өмірден өтіпті. Равил-дің өзі Ресей жерінде дүниеге келген. Бірақ өзін Ақ Жайықтанмын дегеніне қуандым.
Байқағаным, Татарстанда қазақ көп. Олардың басым көпшілігі ғылым жолында. Олардың құрамын жыл са-йын оқу орындарына келіп түскен сту-денттер толықтыруда. Қазақстанның Татарстандағы бас консулы Асхат Нұсқабаев ол жердегі қандастарымыз-ға үнемі қолдау көрсетіп жүреді екен. Міне, Қазандағы қазақтар осындай.

Қазан-Орал
Фотосуреттерді түсірген
Розалия РАФХАТҚЫЗЫ

Қаралым саны 1231

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463