Асан қайғы қай Жәнібектің замандасы?

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,
тарих ғылымдарының кандидаты

Аштархан деген үлкен шәр,
Әз Жәнібек ханыңның.
Өз қолынан салдырған,
Қаласын салған жерлерде,
Сан бұлағы көрінген.
Ақ Еділдің жағасы,
Асан қайғы, Жиренше,
Әз Жәнібек ханыңның
Тұсында болған данасы.

Әз-Жәнібектің қай Жәнібек екендігі жөнінде тарихшылар бірыңғай ортақ пікірге келгенімен, Асан қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігі тарихи әдебиетте әлі күнге басы ашылмаған мәселе күйінде қалып отыр. Бұл екі мәселе шындығында бір-бірінен еш ажырағысыз.

Әйгілі жыраудың өмір сүрген мерзімі тура-лы нақты тарихи деректердің жоқты-ғынан көп нәрселер ауыздан ауызға бұрмаланып жетіп, Асан қайғы бей-несі бүгінде мейлінше аңызға айнал-ған. Асан қайғы жөніндегі тарихи деректерде бірізділіктің жоқтығы да осы жағдайлармен байланысты. Ха-лық аузындағы аңыздарда Әз-Жәнібекпен қатар айтылатын дана-гөй абыз, өз заманының сұңғыла сая-саткері, қабырғалы қайраткері һәм қиядағыны болжайтын көрікпел әулиесі Асан қайғының қай Жәнібек-тің замандасы екендігін анықтауда әртүрлі көзқарастар қайта көтеріліп, зерттеушілердің пікірлері бір тоқтам-ға келмей, мәселе шешілмеген күйін-де қалып отыр. Оған мүмкіндік бер-мей отырған, біріншіден, нақты де-ректердің жоқтығы, екіншіден, зерт-теушілер дереккөзі ретінде пайдала-нып жүрген Асан қайғы толғауларын талдаудағы қарама-қайшылықтар болса, үшіншіден, бірқатар ғалым-дардың жырауды фольклордағы жиынтық бейне екенін дәлелдеуге ұмтылуы. Бізге жеткен жыр-аңыздар-дың сарыны Асан қайғыны Алтын Орда ханы Әз-Жәнібектің замандасы ретінде бейнелейтініне қарамастан, кейбір зерттеушілер, сол тирадалар-дың қайсыбір үзінділерінің мазмұ-нын – қазақ ханы Жәнібектің зама-нындағы миграциялық үдерістермен байланыстыра қарастырудан аса алмай жүр.

Асан қайғының Жәнібекке айт-қан жыр-толғауларын екі Жәнібектің қайсысына сәйкес келетінін шендес-тіре талдау кейінгі кезге дейін маман-дардың назарына ілікпеді және зерт-теулерде пайдаланылмады. Кеңес кезеңінде тарихшы-ғалымдарға аты-шулы «Бекмаханов ісінен» кейін хан-дар тарихын зерттеуге «тұсау» салын-ды да, аталған тақырып жыраулар тарихы аясында әдебиетші-ғалым-дардың ғана қаламына ілінді. Сол заманнан жеткен жыр-аңыздар мен толғаулардың шынайылығы тарихи деректермен салыстыра тексеріліп, оның ақиқаты дәлелденбеді. Соған байланысты, кеңес заманынан бергі ғылыми әдебиетте Асан қайғы тек қазақ ханы Жәнібектің замандасы ретінде біржақты насихатталды. Бұл жаңсақтықтар негізінен Асан қайғы-ның қай Жәнібектің қасында болған-дығын білмегендіктен туындады және кезінде қазақ ханын Әз-Жәнібек деп ұлықтаған қате пайымдаулармен байланысты еді. Осыған дейінгі Жәнібек пен Асан қайғы туралы зерт-теулерден байқалатын тағы бір кем-шілік, әр зерттеуші Асан толғауларын-дағы «өзіне керекті» шумақтарды пайдаланып, ғылыми талдауды қа-жетсініп тұрғанына қарамастан «өзі-не керексізін» айналып өтетіндігі.

Сонымен, Асан қайғы тарихын зерттеген Б.Кенжебаев (Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А.,1986. 62-66- бб.), Ә.Дербісәлин (Дербісәлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. А.,1990. 56-60-бб.), М.Мағауин (Мағауин.М. Ғасырлар бедері. А., 1991. 20-32- бб.), Ж.Тілепов (Тілепов.Ж. Елім деп еңіре-ген ерлер жыры. А.,1995. 13-25- бб.), М.Жармұхамедов (Жармұхамедов М. Асан қайғы. //Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том (ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы). А., 2000. 245-276-бб.), Ә. Сарай (Сарай.Ә. Ноғайлы А.,2009. 102-110- бб.), Қ.Салғараұлы (Салғараұлы Қ. Қазақтар А., 1995. 78-80- бб), С.Негимов (Негимов.С. Асан қайғы/ /Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том (ХV-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің тарихы). А., 2000. 473-475-бб.), Б.Бораш (Бораш.Б.Т Фольклор мен ақын-жырау поэзиясындағы хандар бейнесі А.,2007. 196-207,360-376- бб.) т.б. еңбектерінде Асан қайғы қазақ ханы Жәнібектің замандасы ретінде сараланады және осы авторлардың дені оны Әз-Жәнібек деп анықтайды. Бірақ бұл пікір тарихшылардың соңғы жылдардағы зерттеулерінде мақұл-данбайды. Ғылыми әдебиетте ғасыр-дан аса үстемдік еткен осы түсінік бү-гінде нанымды, орнықты, салмақты пікірге айнала бастағандай. «Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы» сияқты іргелі басылымда: «Асан қайғы Сәбитұлы (ХІV ғасырдың ақыры – ХV ғасырдың басы) – мемле-кет қайраткері, ақын, жырау, би, фи-лософ. Керей мен Жәнібек хандар-дың ақылшысы болған», - деп жазыл-са (471-б.), 2010 жылы жарық көрген академиялық «Қазақстан тарихы-ның» 2-томының авторлары да әйгілі жырауды 1370 жылдары Еділ жаға-сында туды (238-б.) деген бұрынғы көзқарастан аспаған.

«...Қырында киік жайлаған »қай Жәнібекке арналған?

Біздіңше, тарихи әдебиетте Асан қайғыны қазақ ханы Жәнібектің замандасы деп көрсетуге мұрындық болып жүрген басты дәйектердің бірі, атақты жыраудың «...Қырында киік жайлаған», - деп басталатын кезіндегі көлемді толғауының бүгінге жеткен шағын жұрнағы.
Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай егіннің,
Ойына келген асын жейтұғын
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойынды,
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің.
Елбең-елбең жүгірген.
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген.
Еділ деген қиянға.
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмасаң,
Кеңестің түбі нараду...
Көңілді жаман қалдырдың...
Ақылды белден алдырдың.
Нәлет біздің жүріске!

Жырдың мазмұны шығыстан батысқа қарай лықсыған қалың көш-тің біраз уақыт табан тірейтін жайлы қоныс таба алмай , қалжырай қозғал-ған тағдырынан сыр шертеді. Жырдың қашан және неге байланыс-ты шыққандығы жөнінде зерттеуші-лердің арасында пікір бірлігі жоқ. М.Мағауин бұл көштің маршрутын батыстан шығысқа қарай қозғап, Жәнібек, Керей хандардың Моғолстан-дағы Иса-Бұға ханға беттеп көшкен ұзақ сапары деген қорытындыға кел-се (Мағауин М. Ғасырлар бедері. А., 1991. 30-б.), оны сәл кейін Ж.Тілепов: «Жоқ, көріпкел жырау Еділден бастап жылжып, жайлы мекендерді кейінге қалдырып келе жатырмыз деп қайғы-рып қапаланбайды, керісінше, Шығыс-тан Батысқа қарай беттеген жолда-рында ордалы жұрт болып орнығуға лайықты Ойыл, Жем секілді сулардың бойындағы шұрайлы атыраптардан тоқтамай өтіп, бір қиыр шеттегі Еділ атты тар жерге келгендігінен, егер осында байырқамас, шаруаның түбі берекелі болмайтындығын хабардар етеді. Көшпенді елге Жайық пен Еділ-ді тастап әрмен барғанда береке та-бар жөн жоқ, енді осында аялдағын деп кеңес береді» (Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. А., 1995. 19-б.), - деп көштің бағытын басқаша анықтады. Осы сарындағы пікірді соңғы жылдары жарық көрген кесекті еңбегінде белгілі жазушы Ә.Сарай әрі қарай жалғастырып «Асан Қайғы Жәнібектің Ноғайлы, Алтын Орда то-пырағына келгенін анық-қанық жыр-лайды... Алтын Орда тағы Сарайға беттеген Жәнібектің жылыстап көшіп-қонған жерлері тайға таңба басқан-дай аталған (Әнес Сарай. Ноғайлы. А., 2009.104- 105-бб.), - деп Асан қайғыны қазақ ханы Жәнібектің за-мандасы ретінде түсіндірді. Уақыт өт-кен сайын осы түсінік зерттеулерде сан мәрте қайталанып, өңделіп, толық-тырылып бүгінде еш талас тудырмай-тын ақиқатқа айналды. Дерексіз бол-жам тарихқа ден қойған қауымды ақиқаттан алыстатары хақ. Тарих – деректілікті талап ететін ғылым. Бұл-тартпас деректер болмағандықтан, бұл көштің сипатын әр зерттеуші өзінше сан-саққа жүгіртіп жүр.

Ноғай Ордасының тарихына те-реңірек бойлаған белгілі зерттеуші В.Трепавлов та осы жырдың жете-гінде кетіп, төмендегідей ғылыми болжам жасауға мәжбүр болды. Ғалым «Жәнібектің алғаш Қазақ хан-дығының батыс бөлігінде қосымша хан болуы мүмкін» деген жорамалын сол жырда кездесетін дерекпен дә-лелдеуге тырысты. Мұның өзі Асан қайғының «Қырында киік жайлаған» толғауының тарихи дереккөзі ретінде зерттеушілердің бірнеше буынын өз ықпалынан шығармай, олардың көз-қарасына күшті тәпсір жасай алған жыр екенін анықтап қана қоймайды: ғылыми пікір қалыптастырудағы шайыр шумағының «құдіретінің күш-тілігін» байқатады. Осыған қарамас-тан зерттеуші Асан қайғы жырлары-ның ноғай нұсқаларын саралай келе, «Ноғайлардың ата-бабаларын Мәуереннахрдан Еділге бастап әкел-ген аты аңызға айналған Әз-Жәнібек пен Барақ ұлы Жәнібек хандардың бейнесі (Асан қайғы жырларында – Ж.Ж.) араласып кетуі мүмкін» (Трепавлов В.В.История Ногайской Орды. М., 2002. 104-б.) екендігіне на-зар аударған. Ресейлік зерттеуші атақты жыраудың Алтын Орданың әйгілі ханы Әз-Жәнібектің замандасы болуы мүмкін-ау деген қисынға мүл-де мән бермегенімен, жыраудың ноғайларда сақталған өлеңдерінің мазмұнынан Әз-Жәнібектің тарихи тұлғасына сәйкесетін үзіктердің ұшқынын байқаған.

Сонымен, Асан қайғыны қазақ ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрді деп анықтайтындардың табан тірей-тін дерегі осы шумақтар. Зерттеуші-лердің түсіндіруінше, оқиға Керей мен Жәнібектің Шу бойында орны-ғып, Қазақ хандығының әжептәуір нығайып, Әбілқайыр хан өлгеннен кейін, бұрынғы ата қонысты қайтару үшін батысқа көшуге шешім қабыл-дағаннан соң болған. Мұнда бір на-зар аударар нәрсе, Жетісудан «өкше көтерген» қазақ хандарының Дешті Қыпшақтың нақты қай аумағына орна-ласқаны, нақтыласақ Еділге жеткені туралы мәліметтер ортағасырлық де-ректемелерде кездеспейді. Сондық-тан бұл жырдың ол көшке еш қатысы болмауы да мүмкін. Көштің жүру ба-ғыты жырда былай көрсетілген: Жем-Ойыл-Еділ. Көштің Шу-Сарысу емес неге Жем өзенінен басталатындығы да түсініксіз. Егер көш Шу-Сарысудан басталса, жолшыбай кездесетін басқа да өзендер жырға неге енбеген? Тол-ғаудың басы уақыт өте келе «түсіп» қалып жүрмесе, бізге жеткен жырда көштің басы Жем өзенінен тартылған. Түйіндеп айтқанда, аталған шумақ осыған дейінгі тарихи әдебиетте Қазақ хандығының құрылу уақытын бейнелеп, осы толғаудың соңғы шу-мағы әйгілі «Ел айырылған» оқиға-сына жыраудың көзқарасын білдіріп, Асан қайғының қазақ ханы Жәнібек-ке айтқан толғауы деп түсіндіріледі:

Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал, қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!..

Бұл – Жәнібек, Керей хандардың Моғолстанға беттеп көшкен сапарына қарсы Асан қайғының елін қимай, артта қалып бара жатқан қоныстар-дың артықшылығын айтып, босқан жұртты қайырып, көшті тоқтатпақ болғандағы айтқаны делініп жүр.Осы логиканы нақтылайтын құжаттық не-гіздің жоқ екені өз алдына, Қазақ хан-дығының құрылу жылдарында әрі-бері қоныс аударған Керей мен Жәнібек көшінің тарихы мен өлең са-рынындағы көштің бағыты бір-біріне тым қиғаш келеді. Сондықтан «...Қы-рында киік жайлағанды» сол көшке телу қисынсыз.

Асан қайғы жырындағы анықтауды қажет ететін ақтаңдақтар

Асан қайғының қазақ ханы Жәнібекке айтты делініп жүрген тол-ғауы тарихшы – ғалымдар тарапынан соңғы кезге дейін зерттеу нысаны ре-тінде арнайы қарастырылмағанды-ғын баса көрсетеміз. Осыдан басқа жыр-аңыздар мен толғаулардың маз-мұны Асан қайғыны қазақ ханы Жәнібек заманында өмір сүрді деген көзқарасты бекітуге мүмкіндік бер-мейді. Жырда билеушінің есімі атал-мағандықтан, ақылман абыздың осы толғауды қазақ ханы Жәнібекке ар-нап айтқаны күмән тудырады, тек бұл емес, жіктей берсек жырда күдік ту-дыратын нәрселер жеткілікті.
Бірінші. Керей мен Жәнібек бас-таған қазақтардың қалың бұқарасы-ның Шайбани Әбілқайыр хан өлімі-нен кейін Батыс Жетісудан бастап «Еділге дейін созылған шеруі» басқа тарихи деректермен неге мақұлдан-байды? Шу мен Еділ өзендері аралы-ғындағы осындай «ұлы қоныс аудару-дың» ортағасырлық деректемелердің назарынан тыс қалуы неліктен? Моғолстан тарихын жан-жақты зерт-теген М.Х.Дулати атақты «Тарих-и Рашиди» еңбегінде осы мәселе тура-лы неге үнсіз?
Екінші. М.Х.Дулати дерегінше, Қазақ хандығының құрылуы сияқты аса маңызды оқиғада рөлі Жәнібек-тен басым болып, нағыз хан дәреже-сінде көрінетін Керей туралы – Асан қайғының ләм деп ауыз ашпауы жы-раудың сол заманда өмір сүргендігі-не күмәнді күшейте түседі. Осы жер-де талантты зерттеуші, марқұм С.Қондыбайдың «қазақтың фольклор-лық жады Жәнібек пен Керей туралы ештеңе білген жоқ» (Қондыбай С. Қобыланды батырдың үш ғұмыры. «Алтын Орда» газеті. 22.03.02), - деу себебіне көз жіберген дұрыс.
Үшінші. Асан қайғы жырларын зерттеуші Баян Бораш әділ байқаған-дай, біз Асан қайғы шығармашылығы түгел жинақталып, реттеліп болды деп айта алмаймыз. Оған кешегіге дейін Асандікі деп жүрген белгілі тол-ғаудың («Таза мінсіз асыл тас...») оның толғауы еместігі дәлелденгенді-гі куә. Сонымен қатар оған телініп жүр-ген жыр нұсқаларының қайсыбір ерекшеліктері бойынша жыраудікі болмауы мүмкін... Сондықтан ондай күмән туған нұсқаларға мәтін таным-дық зерттеулер қажет (Баян Бораш. Көрсетілген еңбек. 375-376 бб.).
Төртінші. Ноғай, қазақ және баш-құрт фольклорында «Ұлы Татариядан» немесе «Бұхарадан» Еділге өту кезін-де ноғайларды бастаған Әз-Жәнібек туралы мәліметтер сақталған. (Корнис В.Краткий обзор положения ногайских татар, водворенных в Мелитопольском уезде Таврической губернии/ /Телескоп.М., 1836. ч.33. с.5; Нестеров А. Прошлое приараль-ских степей в преданиях Казалинско-го уезда/ /ЗВОРАО.1900. Т.12.с.103; Филоненко В.И.Башкиры. Уфа, 1915. с.12). Ноғай аңыздарында айтылатын Әз-Жәнібек көшінің астарында біз кө-теріп отырған мәселеге тікелей қа-тысты, ғылыми ортаға әлі күнге бей-мәлім бір құпия сыр жатқандай көрі-неді. Бізге Құдабай ақын арқылы жет-кен «Асанның асыл түбі ноғай дей-мін..., Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір» деген жыр жолдары мен Әз-Жәнібек бастаған ноғайлар көшінің арасында- байқаған адамға бір байланыстың бар екені аңғарылып тұр. Қазақ шежі-релерінде бұл қазақ ноғайлының ханы Әз-Жәнібек ханға қарап тұрдық делінген. Осы билеушінің есімі бедер-ленген теңгелер алтынордалық Гүлстан қаласында 767/1365-1366 жыл-дары құйылғаны жоғарыда айтылды. Аталған деректер негізінде орыс та-рихшысы В.Трепавлов маңғыттардың үлкен бөлігінің оңтүстік-шығыстан басталған белгілі қоныс аударуы 1350-1360 жылдары болған деп жора-мал жасайды. Біздің көзқарасымыз-ша, бұл сол тұста Асан қайғының Әз-Жәнібекке айтқан жыры болуы да мүм-кін. Әрі қарай ғалым былай дейді: «Сол уақытқа дейін Алтын Ордада ха-лықтардың қандай-да бір ірі қоныс ауыстыруының болғандығы белгісіз, мұндай көштің болуы да мүмкін емес» (Трепавлов В.В.Көрсетілген еңбек. 57-б.).В.В.Трепавловтың пікірін-ше, Өзбекұлы Жәнібек ханның өлімі-нен (1357ж.) соң басталған дүрбелең барысында Дешті Қыпшақ жұртының «үдере көшуі» басталған. Мұны төмен-дегі қазақ аңызы да растай түседі.
Бесінші. Ш.Уәлихановтың: «Қазақтардың аңызында, Алаша хан-ның балаларының басы кесілгеннен кейінгі хан Жәнібек (Барақтың ұлы) дегенімен, ертедегі асыл сөздерде Жошы әулетінен шыққан Жәнібек те қазақтың бірінші ханы болған деседі. Әбілғазы да Жошы балаларын қазақ-тардың хандары дейді. Жәнібек билік құрғанда, туыстас қазақтар мен ноғай-лар бірге көшіп-қонған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп атала-ды. Қазақтардың көптеген аңыз-дас-тандары да сол алтын ғасырға дөп ке-леді. Сондай-ақ Жиренше шешеннің бірлік, тәлім-тәрбиелік нақылдары, әділ хан Әз-Жәнібек те, Ноғайлардың философ-данасы Асан қайғы да осы күнге дейін далалықтардың аузынан түспейді. Ескі аңыз желісінде – алтын ғасырдың соңында халықтың тоз-тозы шығып, оңтүстіктен солтүстікке қарай босу басталған...» (Уәлиханов Ш. Таң-дамалы. 2-басылуы, Алматы, 1985, 124-бет) деп жазуы назар аударарлық.
Қорыта келгенде, екінің бірі: иә, бұл жыр Асанның Әз-Жәнібектің өзі-не арнап айтқаны немесе аңыз бойын-ша ғасырға жуық өмір сүрген жырау Әз-Жәнібектен басқа да ел билеуші-лерімен замандас болып, солардың біріне шығарған толғауы болуы да мүмкін, осы шумақтарды тек қазақ ханы Жәнібекке ғана бағыттала айтыл-ған деп анықтау – тарихи шындыққа қайшы.
Тарихи деректерге жүгінсек, Керей мен Жәнібектің Жетісуға (Моғолстан-ға) қоныс аударғанға дейін Қазақстан-ның қай аймағын мекендегені туралы ешбір мәлімет жоқ, сол себепті олар бастаған көштің қай жерден «көтеріл-гені» туралы анық пікір айту қиын. Еліміздің жетекші ғалымдары жазған «Қазақстан тарихының» 2-томында Қазақстанның оңтүстік аудандарында Керей мен Жәнібекке рулар мен тай-палардың едәуір бөлігі бағынғанды-ғы, олардың төңірегіне көшпелі ру-лық-тайпалық шонжарлардың айтар-лықтай топтары, әсіресе үстем таптың Барақ ханды қолдаған және Сырдария-дағы қалалармен байланысты бөлігі топтасқандығы,сонымен бірге Қаратау баурайлары мен Сырдариядағы қала орталықтары мен бекіністер – Созақ, Сығанақ, Сауран мен басқа да онша ірі емес бекіністер, Жәнібек пен Керей-дің қолында болғандығы анықтала-ды. Жәнібек пен Керей хандар баста-ған қазақтардың қалың бұқарасының Жетісуға, Шу, Талас алқабына қарай Оңтүстік және Орталық Қазақстаннан ойысуы нақтыланып, ХV ғасырдың 70-80 жылдарында Жәнібек пен Керей хандарға байланысты жазбаша деректемелерде келтірілген негізгі оқиғалар Оңтүстік Қазақстанда өткен-дігі баяндалады (Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 2-том. – Алматы: «Атамұра», 2010. 330-331, 333, 345-бб.). Сонымен, Асан қайғы толғауында айтылатын Батыс Қазақстан аумағындағы «халық-тардың қоныс аудару қозғалысын» тарихи деректер мақұлдамайды. Тарихшы Б.Кәрібаев соңғы жылдары белгілі болған тарихи аңыздарға сүйе-не келе, Жәнібек әкесі Барақ хан қай-тыс болған соң, 1428-1457 жылдарда Сыр өңірінде ұлыс басқарғаны тура-лы жазады (Кәрібаев Б.Жәнібек хан./ /«Парасат» 2002.№2.13-15бб.). Ақ Орда тарихында Сыр өңірі ХІІІ ғасыр-дың соңынан бері саяси-әкімшілік, сау-да-экономикалық, діни-мәдени орта-лық болған. Ал Керей мен Жәнібектің Еділ-Жайық өңірімен байланысын анықтайтын жазба деректер жоқтың қасы. Сондықтан Асан қайғының атал-ған өлеңін қазақ ханы Жәнібектің кө-шіне қарата айтылған жыр ретінде қа-былдау, кеңес әдебиетінде үстіртіндеу айтылған жорамал деп есептейміз.

Аңыз астарындағы Асан ақиқаты

Асан қайғының алыстағыны бол-жайтын көріпкелдігі мен сәуегейлігін баяндайтын аңыздардан Әз- Жәнібек ханның жасаған үш тойы туралы айт-қан сыни болжамы халық арасына кең тараған. Ғалым Потанин жазып алған екі аңыз нұсқасы ХІХ ғасырдың аяғында «Дала уәлаятының газетін-де» жарияланды. Мұның бір бөлігі бізге тек қара сөз күйінде жетсе («Да-ла уәлаятының газеті», 1897 жыл. №47. Кітапта: «Дала уәлаятының га-зеті» Құрастырған: Ү.Сұбханбердина, Алматы; 1990, 509-511-беттер.), енді бір тобы өлеңі мен қарасөзі аралас болып баяндалса да («Дала уәлаяты-ның газеті». Әдеби нұсқалар, 1899-1902жж. Алматы; 1992, 413-415-бет-тер), бұлардың мазмұнында айтарлық-тай айырмашылық жоқ. Бұл аңызда-ғы өлең жалпақ жұртқа Асан қайғы-ның «Әй, хан, мен айтпасам білмей-сің» атты толғауы түрінде белгілі. Дәл осы аңызға үндес һәм төркіні бір мы-салдың басқа да түркі тілдес халық-тар әдебиетінде кездесуі (сол сияқты Жиренше туралы да – Ж.Ж.) Асан қайғы мен Жиреншенің бір ғана қа-зақтың еншісіндегі ақын не шешен емес екендігі, Алтын Орда һәм Ноғайлы дәуірінде бір мемлекеттік бірлестікте ғұмыр кешкен қазақ, ноғай, татар, қырғыз, қарақалпақ, т.с.с. түркі халықтарына ортақ ірі тұл-ға екендігін айғақтайды.

Аталған аңыз «бұрынғы заманда Еділ менен Жайықтың арасында бір үлкен патшалы жұрт болған. Ханы Жәнібек хан деген екен. Оның жұртын-да бір Асан қайғы деген жұрттың қа-мын ойлаған данышпан адам болып-ты» (509-б) деп басталады. Бір қызы-ғы, Ш.Уәлихановтың пайымдауы бо-йынша «Еділ мен Жайық – орыстар-дың Алтын Орда деп атайтын жері» (Уәлиханов Ш.Ш. 5 томдық шығарма-лар жинағы. 1-т. Алматы, 1984. 167-б.). Аңыздың «Еділ – Жайық» аралығын-да деп басталуы Алтын Орда ханы Әз-Жәнібек заманының сағымға айнал-ған сұлбасын аңғартқандай. Соңғы жылдары Жәнібек пен Асан қайғы та-қырыбына аса ынта қойып, ғылыми жағынан зерттеу жұмысына көңіл бөл-ген, ортағасырлардағы Қазақстан та-рихының көрнекті маманы З.Жандарбек осы аңызға егжей-тегжейлі талдау жасап, жыраудың аталмыш толғауды тек Алтын Орда ханы Әз-Жәнібекке айтқанын ғылыми тұрғыда дәлелде-гендіктен, біз ғалым пікірін қайталап, бұл аңызға тоқталуды жөн көрмедік (Толығырақ қараңыз: Жандарбек З. Асан қайғы мен Жәнібек хан және Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себептері. // «Қазақ тарихы» 2007. №3. 51-56- бб.)

Жыр-аңыз желісінде кездесетін тұлғалар сол ХІV ғасырда Алтын Орда дәуірінде өмір сүрген қайраткерлер екендігі басы ашық мәселе. Тарихи жазбаларда Жәнібекұлы Бердібек ханның тұсында Асам (Асан) би есім-ді тұлғаның Алтын Орда мемлекеті-нің қоғамдық-саяси қызметінде жүр-гендігі, әсіресе, сыртқы елдермен қа-рым-қатынастардағы ролі баяндала-ды. Асам (Асан) бидің есімі 1358 жы-лы Бердібек ханның венециялықтар-мен сауда-саттық жөнінде жасасқан келісімінде аталады. Бұл келісімде Өзбекұлы Жәнібекті өлтіріп, оның ор-нына Бердібектің отыруына ықпал ет-кен беделді Тоғлу бидің есімі де бар (Федоров-Давыдов Г.А. Обществен-ный строй Золотой Орды. М., 1973. с.107). Ал М.Мағауиннің пікірінше, аталған Асан – ақын Асан қайғы емес, Алтын Орда ханы Әз-Жәнібектің атақ-ты әмірлерінің бірі Асан би, дала фео-далдарының ханға қарсы партиясын ұйыстырушы, Әз-Жәнібектің өліміне себепші болған, таққа оның ұлы Бердібекті отырғызған мықтылардың басы. Асан бидің аты көптеген дерек-терде, оның ішінде Әз-Жәнібектің 1347 жылы, Бердібектің 1358 жылы венециялықтармен жасасқан сауда келісімінде аталады. (Асам-бей). ...Мұғалы бай да сол Әз-Жәнібектің белді әмірлерінің бірі, Бердібек тұсын-да тіпті көтеріліп, бас әмір сайланады, оның есімі батыс европалық документ-терден ғана емес, орыс жылнамала-рынан да ұшырасады (Моғал-бей – Моуал) (Мағауин М. Ғасырлар бедері. Алматы. 1991. 220-б.) Қазақ аңызын-да Әз-Жәнібек өзінің қарындасы Қаныбетті Айсыл баласы Әметке бер-мей, Мұғалы байдың Тастемір деген ұлына бергендігіне өкпелеп, тойға кел-мей қалатындығы айтылады. Асан Қайғы мен Жәнібек арасындағы кикіл-жің туралы жазушының жоғарыдағы пікірін жыр-аңыздардың мазмұны да растай түседі. Алтын Орда ханы Әз-Жәнібектің қасындағы атақты әмірле-рінің бірі Асан би есімді тұлға болған-дығын тарихи деректер анықтап отыр. М.Мағауиннің пайымдауынша, Алтын Орда ханы Әз-Жәнібектің қасындағы Асан би басқа тұлға да, қазақ ханы Жәнібектің қасындағы – нағыз Асан қайғы. Сонда қалай? Аяғы жерге ти-мей тұрған мәселе – осы.

Әзірше, қолда бар тарихи дерек-тердегі Асан есімді тұлғалардың ара-сынан тарихтағы Асан қайғыға қаты-сы болу мүмкіндігі жағынан жырау тұлғасына толық сәйкес келетін осы Асан би деп нық сеніммен айтуға бо-лады.Бұл пікірімізді тарихи құжаттар да растай түскендей. Деректерде Тоқтамыс ханның тұсында бірнеше рет елшілік сапарға барған Асан би де-ген кісінің есімі аталады. Ол Тоқтамыс ханның Литва-Польша королі Ягайло-ға 1392 жылы Дон өзені бойынан жаз-ған хатында бірнеше рет аталады. Он-да ол ханның атынан Литва короліне екінші рет барып отырған би (Уәлиханов Ш.Ш. Профессор Н.И.Березин-нің «Хан жарлықтары»/кітабына ес-кертпелер / Көп томдық шығармалар жинағы. – А.,2010.Т1. 87-93-бб.) Бұл құнды деректі А.Қазембек, И.Березин, Д.Банзаров, Ш.Уәлиханов, В.Радлов сияқты ғалымдар қазақ тарихы ғылы-мының игілігіне айналдырды. Асан қайғы мен Әз-Жәнібекті жиынтық бейне дегеннің өзінде аңыздағы олар-дың тарихи бейнесіне алғаш негіз бол-ған Алтын Орданың ханы Өзбекұлы Жәнібек пен оның сарайында қызмет атқарған нақ осы Асан би екеніне еш күмәніміз жоқ. Сондықтан бұл жыр-аңыздың сол заманға толық сәйкесе-тініне иланбауға негіз аз. Басқа да бе-делді ғалымдардың еңбектерінде аңыздағы баяндалатын оқиғалар Алтын Орда заманындағы Асан қайғы-ның Әз-Жәнібекке айтқаны ретінде сараланып жүр (Артықбаев Ж. Көрсе-тілген еңбек. 54-56-бб.; Тасмағамбетов И., Самашев З.Сарайшық-тарихи астана./ /Сарайшық хандары. – А., 2004. 21-б.).

Ғалым З.Жандарбектің ғылыми мақаласындағы: «Асан қайғы Алтын Орда мемлекетіне астана болар жер-ді іздеп, Жошы ұлысы құрамына кіре-тін барлық жерді шарлайды. Ол жел-маяға мініп, «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жер» Жиделібайсын-да, Сыр бойында, Жетісуда, «түйе бойы қара бар» Ертіс жағасында бола-ды. Сапарының соңында ол елге астана болуға лайық жер ретінде Еділ бойын таңдайды. Ол жерге Жәнібек хан Хажы Тархан қаласын салдырады. Егерде Асан қайғы Қазақ хандығы-ның негізін салған Жәнібектің тұсын-да өмір сүрсе, еліне қоныс қарап, сонша жерді аралай алар ма еді? Жиделібайсын ол кезде Темір ұрпақ-тарында, Сыр бойы Шайбанилер ие-лігінде, Ертіс бойы Сібір хандығы-ның, Жетісу Моғолстан құрамында, ал Еділ бойы ол кезде үлкен Орда-ның, кейіннен Астрахан хандығы-ның құрамында болғаны белгілі. Егер де Асан қайғы Қазақ хандығы кезеңінде өмір сүрсе, осынша жер-ді шарлап, елге қоныс болар жерді еш аралай алмаған болар еді. Өйт-кені, ешкім өз иелігіндегі жерін өз-генің қонысы үшін бере алмасы белгілі. Алтын Орда дәуірінде Асан қайғы аралап көрген жердің бәрі – сол мемлекеттің құрамындағы жер-лер (Салыстырмалы түрде №1 және №2 карталарды караңыз). Демек, Асан қайғы Қазақ хандығының ханы Жәнібектің заманында өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан Асан қайғыға қатысты аңыздарды Алтын Орда ханы Жәнібек ханның (хан-дық құрған кезеңі 1342-1357 жыл-дар) заманында болған оқиғалар – деп, Асан қайғының өзін сол хан-ның замандасы ретінде қарастыру керек...» (Жандарбек З. Көрсетілген еңбек. 51-56-бб.), - деген пікірі ғылыми жағынан жаңаша сарап-талған соңғы ұстаным екенін атап өтпекпіз.

Түйін.

Сонымен Асан қайғының қай Жәнібектің заманында өмір сүрге-нін анықтауда зерттеушілердің ор-тақ пікірге келуі – уақыт күттірмей-тін шаншулы мәселе. Қазіргі аяңы-мызбен жылжи берсек, әлі де жүз жыл таз қалпымызда жүре беретін түріміз бар. Ыждағаттылық жетіс-пейді. Мақаламыздың осы бөлігін-де данагөй Асан қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігі ха-қындағы өз пайымдамамызды негіздедік.

Біздің көзқарасымызша, Асан қайғыны қазақ ханы Жәнібектің за-мандасы деген пікірдің қалыптасуы-на ықпал еткен тағы бір жағдай, ғы-лыми тұрғыда түбегейлі анықтал-мағанына қарамастан, қазақ ханы Жәнібектің Сарайшықта жерленген-дігі туралы тарихнамадағы күмәнді пікірдің тұрақты тұжырым ретінде орнығуы. Бұл өз алдына бөлек арналы әңгіме.

Қаралым саны 3669

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463