Армысыз, ағайын!
«DANA.kaz» журналының кезекті саны көктемнің алғашқы айында қолыңызға тиіп отыр. Түнекті жарық жеңерде «Жыл келді!» деп құшақ жая көрісетін барша әлеуметке бақ-береке, ырыс-құт тілейміз.

урналымыздың алғашқы нөмірлерінде осы өңірден шыққан, барша қазақ елінің болашағы үшін өлшеусіз қызмет еткен тұлғаларымыз кеңінен насихатталды. Бірі 20 ғасырдың орта тұсында отарлау саясатының нағыз күшіне енген, қылышынан қан тамған кезінде тәуелсіздікті талап еткен Ғұбайдолла Әнес, екіншісі 16-17 ғасырларда қазақ елін тәуелді ел болу қаупінен сақтандырған, қолбасшы, жырау, әрдайым әділдікті жақтаған, атқарған ісі, айтқан сөзінен сусындаған ұрпақтардан талай елге пана болар тұлғалар шыққан Жиембет Бортоғашұлы. Өкініштісі, осы бабаларымызды бүгінгі ұрпағының жете білмеуі. Бұл үшін жастарды кінәлаудан аулақпыз. Бұны жастарға жеткізуді ұйымдастыра алмай отырған аға буынның хәліне налимын...

Самал Берікқызы Биғалиева 1992 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Мұхит ауылында (бұрынғы Саралжын) дүниеге келген. Орта мектепті Теректі ауданы, Ұзынкөл ауылында үздік аяқтап, 2009 жылы Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша грант иегері болды. Осы мамандықтың үшінші курсында АҚШ-тың Global UGRAD бағдарламасына қатысып, АҚШ-тың Вест Либерти университетінде бір жыл тегін білім алу грантын жеңіп алды. Қазіргі таңда білімін аталмыш университетте жалғастыруда.

Жәдігердің атауы – ритон (күміс түтікше). Ритон – су ішуге арналған ыдыс. Мүйіз пішіндес жасалған оның төменгі жағында аңның немесе адамның бейнесі салынған. Бұл ыдыс құрбан шалған кездегі діни жоралғы-ларды орындауға, сондай-ақ шарап ішуге арналған. Мұндай ыдыс – ритонның металдан, саз балшықтан, сүйектен, мүйізден нақышталып, өрнектеліп жасалған түрлері болғаны тарихтан белгілі.

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың «Сөз сыры» айдарында бұрыннан қолданыста жүрген, болмаса ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Құрметті оқырман!

Асан қайғының өзінің және оған қатысты шығарылған жыр-шумақтардағы, зерттеу-шілердің еңбектеріндегі елдімекен, жер-су атаулары бабамыздың өмір сүрген кезеңін және қай аймақтарда болғандығын топшылауға бағыт береді. Сондықтан бүгінгі мақалаларымызды түсініп, қорытуға қолайлы болсын деген ниетпен
14 ғасыр (1350-1400 ж.ж.) және 15 ғасырдың ортасында (1465 ж.ж.) қазіргі қазақ даласы көрсетілген карталар-ды арнайы бердік.

Жаңабек ЖАҚСЫҒАЛИЕВ,
тарих ғылымдарының кандидаты

Аштархан деген үлкен шәр,
Әз Жәнібек ханыңның.
Өз қолынан салдырған,
Қаласын салған жерлерде,
Сан бұлағы көрінген.
Ақ Еділдің жағасы,
Асан қайғы, Жиренше,
Әз Жәнібек ханыңның
Тұсында болған данасы.

Әз-Жәнібектің қай Жәнібек екендігі жөнінде тарихшылар бірыңғай ортақ пікірге келгенімен, Асан қайғының қай Жәнібектің замандасы екендігі тарихи әдебиетте әлі күнге басы ашылмаған мәселе күйінде қалып отыр. Бұл екі мәселе шындығында бір-бірінен еш ажырағысыз.

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің

Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.

Асан қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды, көгорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. «Елді сол жерге қоныстандырсам!» — деп, арман етеді. Жүрген жерінде жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріп отырады. Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен.

Әз Жәнібек хан үш қайтара той жасапты. Әуелі Астраханды салдырды, екінші даладағы көлге шекер төктіріп, қуды мас етіп, құладынға алдырды, үшінші қарындасы Қанбет сұлуды Мағалы байдың ұлы Тастемірге ұзатты. Осы үш тойға да Асан қайғыны шақыртып еді. Келмеді. Төртіншіде жіберіп алдырады һәм айтады: «А, Асан! Үш қайтара жұрт жиып той еттім, тойыма сені шақырттым. Біреуіне де келмедің, оның себебі не?» Сонда Асан қайғы бүй деп жауап беріпті:

...Адыра қалғыр, бұ қоныс
Қайырсыз екен азалдан.
Қайырсыз неге десеңіз,
Орақ, Мамай, Телағыс
Асан қайғы, Қазтуған
Қалған екен солардан.

Былай барсаң, қоқан бар, қоқаңдаған әкең бар. Былай барсаң, қалмақ бар, күшіңді еппен алмақ бар. Былай барсаң, қытай бар, жапырағыңды бұтай бар. Былай барсаң, орыс бар, балаңды берсең қоныс бар”.

Бір байқағанымыз және қатты қынжылғанымыз – біздің тарихта белгілі тұлғаларымыздың туған, дүниеден өткен жылдарын көрсетуде көптеген ала-құлалық бар екен. Мысал келтірер болсақ, Жиембет жырау туралы ізденгенде осындай жағдайға тап боламыз. Көпшілікте Жиембеттің өзінің әйгілі толғауында айтқан Есім ханның замандасы екеніне сүйеніп, нақтылыққа жетуге болады деген пікір бар.

«DANA.kaz» атты журнал алғаш қолыма тигенде, мұқабадағы сурет пен мақала тақырыбы көзіме оттай басылды. Өйткені «Қазақ халқын қорғаушылар одағын» құрып, қуғын-сүргінге ұшыраған жалпақталдық жастардың тағдыры маған жақсы таныс болатын. 

– Сары қыз, шайдың орнын жинай салшы. Ал мен аздап демалып алайын, - деп баяғы әдетіне басқан Ұлболсын кереуетіне қисая кетті.

Орнынан еріне тұрған сары қыз:
– Жаным-ау, мен сенің бұныңа көнермін, ал ертең егер енең қасқырдың нағыз өзі болса ше? – өз сөзінен өзі қорыққандай әдемі көздері моншақтай дөп-дөңгелек боп кетті.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,
БҚГА студенті, Орал қаласы

Ғашықтық жәйлы сыр атып барам,
Қызғанышыммен жылатып та алам...
Күн сайын саған жынданып жүріп,
Күн сайын сені ұнатып қалам.

Сыйлыхан ЖҰМАСАЛЫҚ,
Үлкен Шаған ауылы, Зеленов ауданы, Батыс Қазақстан облысы

Мұң шарасыз ой түбінде кірлейді,
Күн бағасыз сүрлеуменен сүрлейді.
Тыныштығын сұрап жердің бетінде,
Тым мазасыз бақыт кезіп жүр дейді.

Асқат Бекқалиұлы Әбдешев 1984 жылы 21 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Карманов ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Карманов орта мектебін бітірді. 2001-2005 жыл-дары Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығын үздік тәмамдаған. Осы оқу орнына оқытушылыққа қалдырылып, күні бүгінге дейін осы салада жұмыс істеп келеді. Отбасылы, жұбайы, екі баласы өсіп келеді.

Төмендегі суретті редакциямыз-ға ұсынған – белгілі өлкетанушы Амантай Боранқұл ағамыз. Сыртындағы жазбаға қарағанда сурет 1934 жылы 1 шілде күні түсірілген болса керек. Бір үстелді айнала орналасқан он адам «Орал облысының ақын-жазушылары, сыншылары, оқытушылары және белсенділері» деп жазылған. Ішінде Абдолла Жұмағалиев, Қасым Аманжолов, Жәрдем Тілеков сынды ақындар және Ораз Исаев бар екені айтылады.

1978 жылдың көктемінде болған сол бір оқиға Тілекқабыл Есқазиевтің есінен бір сәтке де ұмытылған емес. Боз кілемге шығар сәттегі көріністерде оның көз алдында. Мүмкін, сол жолы жарысқа қатыспағанда әлдеқалай болар еді... Өткен күнді өкінішпен еске алып, арбаға таңылғалы биыл отыз бес жыл болады. Әйтсе де, Ботагөздей адал жар мен ұл-қызының қуанышы, немере-жиеннің тәтті қылығы оның өмірге құштарлығын оятты.

Атам қазақ жасы ұлғайған кезде тек ақыл-есін ғана емес, «қойнындағы қалашын» да сақтап қала алғаны туралы дерек аз емес. Сонау жаугершілік заманда қазақтың саны жоғалмауы – «балақтан бала саулатарлық» қасиет біздің халқымызда ортадан жоғары болғаны туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Бұның сырын тағы да салт-дәстүрден іздейміз. Біраз адам қазір бұрынғылардың белдік қуатын етпен, қымызбен байланыстырады. Мен бұны түбегейлі жоққа шығармағанымен, бұл мәселеде шешуші роль – ет пен қымыз емес, осы қасиетті ас сусынның көзі – жылқы екені туралы пікір білдіргім келеді.

1748-1786 жылдар аралығында Кіші жүзде хандық құрған Нұралы Әбілқайыр хан ұлының он бірінші баласы Жүсіп сұлтанның зираты қазіргі Ресей Федерациясы, Орынбор облысы, Беляев ауданы аумағында жатыр. Бораншы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4,3 км жердегі мұсылман зираты «Орынбор-Беляевка» күре жолының 84-шақырымы тұсында орналасқан.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463