Жалпақталда, сол кезде...

«DANA.kaz» атты журнал алғаш қолыма тигенде, мұқабадағы сурет пен мақала тақырыбы көзіме оттай басылды. Өйткені «Қазақ халқын қорғаушылар одағын» құрып, қуғын-сүргінге ұшыраған жалпақталдық жастардың тағдыры маған жақсы таныс болатын. 

Осы саяси қозғалысты алғаш зерттеген Аманкелді Шахин ағамыз-дың «Сол бір сүргін» атты кітабы 2002 жылы баспадан шықты. Кітаптың тұсаукесері Жалпақтал ауылында сол жылы 8-тамызда өткені әлі есімде. Ол кезде мен Жалпақтал ауылының әкімі едім. Кездесуде жалпақталдық жалын жастардың тағдырымен таныстық. Жалпақтал өңірінде «Қазақ халқын қорғаушылар одағын» құрған арыстарды насихаттап, Ғұбайдолла Әнесовтың атына көше берейік деген ұсыныс көтерілді. Бұған, әсіресе, «Сарыөзен тынысы» аудандық газетінің сол кездегі бас редакторы Зәкария Оразаев, Көктерек ауылын-дағы музей директоры Төлеген Сейіткереев ұйытқы болды. Біраз үгіт-насихат жұмысы жүргізіліп, ақырын-да Жалпақталдың Виннерман көшесі Ғұбайдолла Әнесовтың көшесі болып өзгертілді. Бұл 60 жыл бойы айтыл-маған ақиқат айтылып, қатқан сеңнің алғаш қозғалуы еді. Енді «Қазақ халқын қорғаушылар одағын» құрған барлық жігіттің есімін тарихта қалдыру үшін ескерткіш тақта орнату көкейде жүрді. Қазталов ауданының сол кездегі әкімі М.Құлшар бұл ұсынысымды бірден қолдап, көмек көрсетті. Ескерткіш жобасын Аманкелді Шахин ағамызбен ақыл-дастық. Ескерткіш тақта ауылдың ең көрнекті жері – орталық саябақта орнатылатын болды. Ақыры Қазақстан Тәуелсіздігінің 15 жылды-ғы қарсаңында, 2006 жылы 14 жел-тоқсанда көрнекі тақта ашылды. Салтанатты шараға сол боздақтардың барлық тума-туыстарын жинауға тырыстық. Атап айтсам, Ғ.Әнесовтың інісі Нығметолла Көшеков, С.Бажекеновтың інісі Елжас Бажекенов, С.Қаражановтың күйеу баласы Жәнібек Ақмалиев, С.Молдағалиевтың қызы Нүрия Кенжеғалиева, М.Нұралиннің немере інісі Тілек Нұралиев, Ғ.Тұрымовтың қарындасы Ақзила Тұрымова, М.Ахметовтың қарындасы Жеміс Тәржімановалар арнайы келді...

Сөйтіп, Жалпақтал топырағы асыл боздақтарын ұмытпай, қадірлей білетінін көрсетті. 2008 жылы «Қазақстан-Орал» телеарнасы ұйым туралы деректі фильм түсірді. Жалпақталға бір топ оператор-режиссер келді. Ауыл жастарын, зиялы қа-уымды, арыстардың тума-туыстарын қатыстырып, барлық жағдайды жасадық. Нәтижесінде өте жақсы фильм дүниеге келді. Ол Астанада өткен фестивальде «Гран-при» жүлдесін жеңіп алды.

Осы іс-шаралардың басы-қасын-да жүріп, ауыл халқымен бірге есіл ерлерді есте қалдыруға арналған жұмыстарға үлес қосқанымды мақ-таныш етемін. Бүгінде сол ескерткіш тақта басында ел тәуелсіздігі күні халық жиналып, гүл шоқтарын қоя-ды. Жастар шығармаларын оқиды. Осы тақырыпты тағы жаңғыртқан «DANA.kaz» басылымына «Қадамда-рың құтты болсын, ел тәуелсіздігін, егемендігін әрдайым ту етіп ұстап жүре беріңіз!» деп тілек айтамын.

Самиғолла АҚМҰРЗИН,
Зеленов аудандық балалар спорт мектебінің директоры,
Жалпақтал ауылының 2002-2008 жылдар аралығындағы әкімі

Қаралым саны 1148

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463