Жас суретші осы кезге дейін бірнеше өнер додаларына қатысып, марапатқа ие болған. Солардың бірқатары мыналар:
2002 жылы Орынбор қаласында өткен жазғы пленэріне қатысты (РФ, Орынбор, мамыр);
2007 жылы «Махамбет-2007» батыс аймақтық көркемсурет көрмесіне қатысып, алғысхатқа ие болды (Орал, қыркүйек);
2008 жылы қалалық «Дала дарын-дары» фестивалінің жүлдегері (Орал, қыркүйек);
2009 жылы «Жазира Жайық – 2009» БҚО суретшілерінің көркемсурет көрмесіне қатысып, алғысхат иеленді (Орал, қыркүйек);
2010 жылы «Жазира Жайық – 2010» БҚО суретшілері көрмесінде графи-ка өнерінде ұлттық нақышты пай-далана жеткен ерекше композиция-лық шешімдері үшін «Нақыш» аталымымен марапатталды (Орал, қыркүйек);
2011 жылы Атырау қаласындағы «Жазира Жайық-Атырау» көрмесіне қатысты (Атырау, сәуір);
2011 жылы қалалық «Орал Пленэр» іс-шарасына қатысқаны үшін алғыс- хат алды (Орал, мамыр);
2011 жылы Халықаралық «Жазира Жайық-2011» көркемсурет көрме-конкурсынан «Қазақстан менеджерлері мен кеңесшілері клубының көрермен көзайымы» арнайы жүлдесін иеленді (Орал, қыркүйек);
2012 жылы батыс аймақтық «Алтын қайық» көрмесіне қатысты (Орал, сәуір);
2012 жылы облыстық «Дала дарын-дары» байқауының жеңімпазы атанды (Орал, қыркүйек);
2012 жылы Халықаралық «Жазира Жайық-2012» көркемсурет көрмесіне қатысып, алғысхат алды (Орал, қазан);
2012 жылы Шығармашыл жастар-дың XV Халықаралық «Шабыт» фес-тивалінде үздік шығармашылық ең-бегі үшін Астана қаласы Суретшілер одағының арнайы дипломымен марапатталды (Астана, қараша);
2012 жылы «Алтын күз-2012» БҚО Суретшілерінің көрме-конкурсына қатысып, «Үздік графика» аталымын жеңіп алды (Орал, қараша).
Асқаттың линогравюра тәсілімен орындалған графикалық туындыла-рына туған жер тақырыбы, ұлттық нақышты қазақы болмыс, балалық шақ бейнелері арқау болады. Оның кейбір жұмыстары Астана, Алматы және Орал қалаларындағы жеке жинақтарда сақтаулы.
Асқат Бекқалиұлы 2012 жылы Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі атанды. Құттықтаймыз!