Жүсіп сұлтан Нұралыханұлының құлпытасы

1748-1786 жылдар аралығында Кіші жүзде хандық құрған Нұралы Әбілқайыр хан ұлының он бірінші баласы Жүсіп сұлтанның зираты қазіргі Ресей Федерациясы, Орынбор облысы, Беляев ауданы аумағында жатыр. Бораншы ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4,3 км жердегі мұсылман зираты «Орынбор-Беляевка» күре жолының 84-шақырымы тұсында орналасқан.

Көне түркі заманына жататын қорған-обалы археологиялық ескерткішті Ресей Ғылым академиясының мамандары алғаш рет 1981 жылы В.Ивановтың зерттеуі нәтижесінде қағазға түсіріпті. М.Халяпиннің 1998 жылы Орынбор облысының Ақбұлақ, Александров және Беляев аудандарына жүргізген археологиялық жұмыстары кезінде кеңірек зерттелген.

Құлпытастың жер бетіндегі биіктігі – 1,88 м. Төрт қыры түгел араб әрпімен жазылған жазуға толы, құбыла бетінде төменде төңкерілген үш ашалы «арқар» таңба бейнеленген.

ҚР Ғылым академиясы мамандарының көмегімен оқылған мәтінге қарағанда, Жүсіп сұлтан 1847 жылы 61 жасында қайтыс болған.

Суреттер мен құлпытас жөніндегі барлық ақпаратты Батыс Қазақстан тарих және археология орталығы ұсынған.

солтүстік қыры:

1. Ismi mn kur magrufi
2. kishr itsin util
3. Haq fadeli qabrin…
4. nuar qilgaysin

Аудармасы:
1. Есімі мәшһүр
2. кешірім етсін...
3. Хақ фазылы қабірін...
4. нұр қылғайсың

 

шығыс қыры:

1. A*uzu b… alshaitan
2. Alr...
3. ...
4. ...
5. zu aljalal wa ala…r…

Аудармасы:
1. Ағузу б.. аш-шайтан
2. Әрр...
3. ...
4. ...
5. Зул-жалал уа ала... (араб тіліндегі Құран аяттары)

 

батыс қыры:

1. Tarih islamia ulan
2. 1263 nshi yl…
3. sha*banning 3 kuni
4. ruhina fatiha amin
5. yazd… al… imiz
6. bardi …
7. brlan ugli Muhammedali

Аудармасы:
1. Ислам жыл санауымен
2. 1263-ші жыл
3. шағбанның 3 күні
4. рухына фатиха әмин
5. жазды... әл... іміз...
6. барды...
7. Бірлан ұғлы Мұхамедәлі

 

оңтүстік қыры:

1. Almarhum almagfur
2. sultan Yusef
3. Nur*ali han u*li
4. ufat 61 yashnde
5. 1827 nshi sanada … ayining 2 (8) kuni

Аудармасы:
1. Әлмархұм әл-мағфур (марқұм, кешірілген)
2. Сұлтан Жүсіф
3. Нұралы хан ұғлы
4. Офат 61 йашынде
5. 1827-ші санда ... айының 2 (8) күні

Қаралым саны 1187

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463