Әбілсейіт МҰХТАР

Әбілсейіт МҰХТАР,
тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры:

– «Дана» журналының алғашқы санында Ғұбайдолла Әнесов туралы тың деректер кездеседі. Ғұбайдолла Әнесов уақытында бүгінгі Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ ғимаратында білім алған. Ол небәрі 20 жасында қазақ халқын қорғаушылар одағын құрады. Осы әрекеті үшін қолға түсіп, халық жауы ретінде жазаланған. Тергеушілер Ғұбайдолладан: «Мақсатың не?» - деп сұрағанда, «Менің мақсатым – елдегі болып жатқан келеңсіздіктерді айту, қазақ халқын отарлық езгіден құтқару» деген екен. Осының бәрін зерттеп, жарыққа шығару оңай дүние емес. Сондықтан жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін төл журналдың қадамына құтты болсын айтамыз.

Қаралым саны 1801

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463