– Қазақ елінің қай пұшпағы болмасын ақын, батыр, жыршы, балуан, өнерпазға толы. Қазақ даласы дана-данышпанға бай. Батыс өңірінде де Сырым батыр, Махамбет сынды беделді тұлғалар өте көп болған. Солардың өнегесін ұрпаққа жеткізуді, халық мұрасын насихаттауды қолға алған «Дана» журналына үлкен шығармашылық табыс тілеймін. “Оралдың данасы” ретінде 300 жылдан кейін “Дана”журналының беттеріне басты кейіпкер болып біз шығайық.