– Қазақтың қазақтығын, елімнің азаттығын, халқымның даналығын, өзгеден даралығын танытар осындай тарихи-танымдық «Дана» журналына бас редактор болып жарыққа шығарып жатқан Қазбек ағамызға және журнал ұжымына мың алғыс! Алдағы уақытта Қазақ елінің келешегін ойларлық азаматтармен бірлесіп, еліміздің іргесіне кірпіш боп қаланып, шаңырағына уық боп ілініп, терезеден енген самал желмен бірге кірген «өзге шаң-тозаңға» қарсы тұрарлық «Ұлы Рухты» гендік тектілікті қалыптастыруға қызмет етелік. Өзгенің қаңсығына таңсық деп қарамайтын, қаны таза, ойы азат, санасы сергек тұлғаларды тәрбиелеу бүгіннен басталса игі. Ұжымға шығармашылық табыс, толағай күш, табанды төзімділік, өршіл рух тілеймін.