«Нарын» деп өткен нар ана

Нарынның ар жағына барғаным жоқ,
Бұл жалған өтер десе нанғаным жоқ.
Құрбыммен өзім теңдес өстім қатар,
Сын артар ата-анама арманым жоқ!

Біздің қазақ ақын-жазушыларының арасында аңызға айналған үш Ана бар: бірі – Әбіш Кекілбайдың анасы Айсәуле, екіншісі – Асқар Сүлейменовтың анасы Айтоты, енді бірі – Қайрат Жұмағалиевтің анасы Жаңылғаным. Қазақ жерінің әр пұшпағынан келсе де, Алматыдағы қаламгер қауымның ортақ Анасына, қамқор да қадірлі қазына-қариясына айналған осы бір жандар туралы қанша айтса да артық емес.

Сонымен, бүгінгі әңгіме Құм Нарынның қайсар қызы, отызға толар толмас жасында жесір қалып, Құдайдан сұрап алған Жалғызын жетілдіргенше жарғақ құлағы жастыққа тимеген; отағасынан өлі айырылса, кір жуып, кіндік кескен Отанынан тірідей айырылған; 1952 жылы туған жерін ту-талақай еткен әскерилердің тепкісіне қалдырып, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне жер аударылған; жалғыз-жарым жалаңаяқ жылап-еңіреп кетіп, шолақ белсенді басшыларға өкпелеп жүрген Ұлын ғана емес, жеті бірдей немересін Нарынға қайта табыстырып, атамекенге сүйіспеншілікке баулып кеткен Жаңылғаным Өкенқызы туралы болмақ.

Ақ Мамасы, Анасындай болған Аяулы Жан туралы келіні, Қайрат Жұмағалиевтің жары София Нығметоллақызы ой толғайды.

«Мамам 1908 жылы Бөкейлікте дүниеге келіпті. Әкесі Өкен – шеркеш руының белді де беделді, шаруасы шарықтаған отағасы болса керек. Қа-зір Көктерек деген елді мекен айма-ғында «Өкен ашығы» деп аталатын жер атауы әлі күнге бар дейді. Сол – біздің анамыздың әкесінің атынан қалған. Кейін жалғыз ұлы ортаға қосылып, Мамамыз туған жеріне мәртебесі биік болып оралып жүрген шағында Әкесіне арнайы құлпытас қойыпты...

Мамамыз шаңырақтың кенже қызы болып, еркін өскен. «Сағат түскі ондарда оянам, анадай жерде үлді-рікте өзімнің кішірек тостағаным – татауыма жеңешем қойдың қатығын құйып қояды. Ұйып тұрған сол қатық-ты қасықпен жалап тауысам» деп әңгімелейтін маған сол бір мұңсыз шақтарын...
Мамам көпшіл, ортаның адамы еді. Ешкімді жатсынбайтын. Кез кел-ген адаммен тең дәрежеде сөйлесіп кете беретін.

Мамамның бір апасы дуды көрсе өзін ұстай алмайтын арқалы жан бол-са керек. Бір жерде той болады де-генді естісе, өзін байлатып тастайды екен. Әйтпесе, өзін ұстап отыра ала-тынына сенімді болмағаны ғой. Үйдің сыртына келіп әу дегендерге киіз үйдің ішінде отырып-ақ өлеңмен жауап қатып, айтысады екен.
Мамам өзі таза әрі әдемі киінетін. Біреулер шешеме деп мата әкелсе, дереу көйлек тіктіріп алады, немесе өзі тігіп алады, соны қастерлеп киеді. Және ұмытпай, «мынау пәленнің ки-гізген көйлегі» деп айтып отыратын. Маған: «бауырларыңның бергенін қастерлемейсің, әкенің дәулеті деген ерекше болады, ондай дәулетті еш-қашан еш жерден көрмейсің» дейтін.

1952 жылы, жалғыз ұлы Қайрат Азғырдағы мектептің 8-класын бітіре салысымен елде сүргін басталыпты. Теректі ауыл кеңесіне қарасты бес кол-хоз түгел таратылып, Оңтүстік Қазақстан облысына жер аударылған. Сол кез-дегі Ильич ауданының “Тельман” кол-хозына қоныс тепкен бөкейліктердің жағдайы өте қиын болыпты. Әсіресе жас балдар, мектеп жасындағы оқу-шылар жаппай қырылған. Зорлықпен көшірілген халықтың бүкіл құжатын тартып алған үкімет адамдары жаңа мекенді жерсінбей, кейін қарай үдере көшкен елді қайта қуып әкеле-ді екен. Тіпті құжатсыз жүрген жанды ұстап алса, соттап жіберген.

Бұл Орда – Бөкейліктің бас қаласы,
Басқарған бес жүз мың жан астанасы.
Ел аман, жұрт тынышта жер аударып,
Зарлады-ау Құм Нарынның жас баласы!

Алайда, қылышынан қан тамған кеңес те туған жерге деген Махаббат-қа тосқауыл бола алмаған. Мамамыз өле өлгенше Құм Нарынын аузынан тастамай кетті. Жыл сайын, ең ұзаған-да жыл аралатып Сайқынға, Ордаға, Бисенге келіп кететін. Міндетті түрде ұлы мен келінін, немерелерін ерте-тін. Тіпті біз жұмыстан босай алмасақ, балаларды алып Өзі кететін. Ең соңғы рет 1991 жылы, дүниеден өтерінен бір жыл бұрын, 85 жасында келіп кет-ті. Алматыда, асфальтта туған, ауыл-дан жырақ өскен жеті немересінің бойына Нарынға, қызыл құмға, құ-маршыққа... деген сүйіспеншілік дә-нін егіп кеткен де Асыл Ана. Нарынға жер теңгермей, «қып-қызыл құмның үстіне ақ жібек көйлекпен төселе отырып, орныңнан тұрғанда, етегіңді қағып жібересің, аппақ көйлекке бір дақ түспейді-ау» дейтін...

Ана тау, мына таумен төтелейін,
Сары інген салып сандық жетелейін.
Құдайдан сұрап алған Қайратжаным,
Құдайдан сенен артық не тілейін?!

жүгіріп жүретінбіз. «Тек баламен кетіп қалма, шаруаң қалып қояды. Бәріне үлгере біл» дейтін. Өзі жалғыз бала өсірсе де бәрін біліп, ақыл-кеңесін аяған емес.

Мамамның бауырмалдығында шек жоқ еді. Көшеде кез келген адам-мен таныса кететін. Сол кісілердің бәрімен кейін туысқандай болып араласамыз. Әсіресе, елдің адамда-рын бірден танитын қасиеті бар еді. Кейде көшеде келе жатамыз. «Осы кісі Оралдікі болуы керек» дейді де, амандасып, сөйлесе кетеді. «Оны қалай білесіз, мама?!» – деймін. «Өй, орамал тартысынан, сөйлеген сөзінен-ақ танимын ғой» – дейді. Сөйтіп, бір-ден үйге жүр дейді. Кейбір шешелер айтады: «Келіні жақтырмай қала ма деп іштей уайымдап келіп едім» деп. Үйдің тәрбиесі солай, менде үлкен кі-сінің бетінен алу, қарсы келу, сөз қай-тару деген мүлде болған жоқ. Әкем «алдыңдағы оқуыңды біл, сөзге құ-лақ аспа» дейтін. ҚызПИ-дің физика-математика факультетін бітірген 1966 жылы келін болып түстім. Мамам кейде ақылын қаттырақ айтып, жөн көрсетіп отырғанымен, келген жұртқа сыртымнан «Ай, біздің Софияжан...» деп ылғи да мақтап отыратынын құлағым шалатын...

Үйімізден қонақ арылған жоқ. Жұмекен, Әбіш, Марат Отарәлиев ке-летін. Алматының шетінде, СМУ-15 де-ген жердегі үйімізге сыймай, шарбаққа, шие ағашының саясына кілем төсеп жа-татын. Елден келген, танитын-танымай-тын жандардың да іздеп келіп саялар шаңырағы біздің үй болатын...

Қарағым, айналайын, құмда өскенім,
Қиюлап қызыл мақпал тон пішкенім.
Жаманмен ғұмырымды зая еткенше
Жақсымен бір-екі ауыз тілдескенім!

Мамамның сауықшыл, көптің адамы болғанын айттым. Пәлендей сауаты болмаса да, өз құқығын жақ-сы білетін өжет, қайратты адам еді. 1943 жылы үздік еңбегі үшін партия қатарына да алынған ғой.
Алматыда араласқанмен арала-сып, еркін жүріп тұрдық. Машина да жоқ қой. Мамам балалармен жүруге қиынсынбайтын еді. Олардың қалай жыламайтынын білмеймін. Киіндіріп, өзімен бірге алып кетеді. Театрға ба-рамыз. Ол кезде әр елден концерт жиі келеді, үлкен жазушылар келеді. Қайрекең кейде болады, кейде бол-майды. Ал біз соның барлығына дер-лік қатыстық қой. Кейде өзімнің қо-лым тимесе, «Демалып келіңіз» деп Мамамның өзін жіберем. Театрдан көңілденіп, жасарып келетін Жарық-тық. «Пәленшекеңді көрдім, түгенді көрдім» деп.
Театрлардың премьераларынан да қалған жоқпыз. Пікірлесіп отыратын-быз. Ол кезде театрға үлкен кісілер сирек барады. Анда-санда Әбіштің мамасы барады. Асқар Сүлейменов-тің анасы да ерекше адам болды. Бі-рақ біздің мамамыз бәрінен жеңіл еді. Аппақ болып, жаулығы жарқырап отыратын. Сол кездер ең бақытты шақтары еді деп ойлаймын.

Айтысқа барамыз. Айтыс шіркін алғаш шыққанда керемет болды ғой. Анау Жүрсіндер туған шешесіндей еркелеп келетін. Қалижан аға, Хамит аға бәрі Мамамды жақсы көретін. Ке-зінде мен келін болып түспей тұрып, Қайрекеңдер пәтерден пәтерге қаң-ғып жүргенде Қалижан аға біраз па-налатқан екен. Хамит аға Мамамды «алтын етек жеңешем» дейтін.
Мамам 1992 жылы 86 жасында қайтыс болғанда, үйімізге адам сый-май кетті. Тіпті бұрын танысақ та ара-ласа қоймаған белгілі адамдар – Әбу аға Cәрсенбаев, Асқар Тоқпанов, Әзілхан Нұршайықов, Тұрсынхан Әбдірахманова, бәрі келді. Небір бел-гілі кісілер «тәбәрік» деп, Мамамның тұтынған заттарын, кимешегін, тіпті еден жуатын швабра таяғына дейін қалап алып кетті...

Нарынның іші – пана, сырты – дала,
Ат міндім, өзі – ақ моншақ, көзі – қара.
Жігіттер, жалғызбын деп мұңаймаңыз,
Болғанмен өзің жалғыз, Құдай – пана.

Мамамыз балаларымызды бала-бақшаға бергізбеді. «Онда барса ауы-рады, біреуі ауырса, бәрі ауырады. Ауру баланы баққанша, сау баланы бағайын» дейтін. Балалардың тәр-биесін түгел мойнына алды. Дастар-қан басында қазақша сөйлетті. Түгел қазақ мектебіне бердік.
Бір жылы әдеттегідей Мамамыз балалардың бір тобын алып елге кет-кенде, екі кішкентайы үйде қалды. Бі-рі үш жарымда, кішісі бір жарым жас-та-тұғын. Екеуміз де жұмыстамыз, екі баланы үйге қалдырамыз. Телефон-мен сөйлесем, түсте барып қайтамын. «Қой, болмас» деп балабақшаға бер-дік. «Мамам да үлкейіп келе жатыр, ол кісі де демалсын» дейміз өзімізше. Қайда?! Келгесін бәрін алып алды қай-тадан. Балдар да «бізді қайта-қайта дәрігерге апарды, үйтті, бүйтті» деп арыздаған ғой. «Оларың не сендер-дің?» деп бізге ұрысты.
Жарықтық, жеті бала көрсек те азсынып отыратын.

...1975 жылы жаңа пәтерге көштік. Менің алтыншы балама аяғым ауыр кезім. Төрт бөлмелі тұтас пәтер бол-май, көрші тұрған үш және бір бөл-мелі пәтер тиді. Қайрат бір бөлмелі пәтерді Мамамның атына толтырып, тосын сый жасады. «Енді Көкемнің өз шаңырағы бар, аруағы аунап түскен болар» деп, Мамам жас баладай қуанды. Сол бір бөлмеде барлық ба-ланы қасына алып жататын. Бізге бі-реуін де бермейді. Біз әке-шеше бол-ғанмен, балаларымызды қатты айна-лып-толғана алған жоқпыз. «Немене, емешегің үзіліп бара ма?» – дейтін. Именеміз. Тек кенже баласын ғана Қайрекең кейде сұрап алып, қасы-мызға алып жататынбыз...

Мамамыз балаларды күй, қазақ-ша ән-жыр тыңдатып өсірді. Марал атты үлкен қызымызға «Қазақстан» дүкенінен домбыра сатып әперіп үйге келе жатқанда, алдынан Ғарекең кез-десіп, бата беріпті. Мамам сол қызды ұл балаша киіндіріп, ерке өсірді. «Тәйтік болмағанымен, қызым өр болсын» дейтін. Марал домбыраны жақсы тартты, №12 мектепте оқыды, оған қоса музыка мектебінде Карима Сахарбаеваның 4 класын бітірді. Консерваторияға барамыз деп тұрып, журналистикаға түсті. Самал деген қызымыз, Айбас деген жалғыз ұлы-мыз өлең жазатын. Біз қолдаған да жоқпыз, тыйым да салған жоқпыз. Бекзат деген қызымыз көркем сурет-ке бейім еді.

Кенже қызымыз Жадыраның есі-мін әжесі қойды. Біз «қыз көбейіп кетті» деп қабағымызды шытсақ, «Менің қыздарым – қызыл алтын, жұрттың он ұлына бермеймін, сен-дер сандалмай отырыңдар, қайырды қыздан көресің бе, ұлдан көресің бе?!» – дейтін...
...Баяғыда, Мамам жұмысқа кет-кенде етіктің ішіне тығып қойған шырпыны тауып алған кішкентай Қайрат «мамама құмаршық қуырып қоям» деп от жағып, шошаланы өр-теп жіберіпті. Сонда өрттің ішінен Мамамның бұрышына иіссу түйген ақ жаулығы аман қалыпты. Осыны көр-ген әлдекім: «Жаңылғаным, қайда жүрсең де басың аман болады екен» деп жорыған екен.
Сол сөз айнымай келді, өзі айтқандай, Мамамыз жылап жүрсе де жетілді, жалғыз ұл мен жеті немересін туған жерге жеткізді. Енді міне, біз – Қайрат екеуміз Ақ Жайықта, Орал шаһарында тұрып жатырмыз...

Қарағым, айналайын, кекілдім-ай,
Сұңқардай үш түлеген секілдім-ай!
Нарыннан өлі айрылмай, тірі айрылдық,
Қайтейік, жылай жүріп жетілдік-ай...

Қаралым саны 1500

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463