– Cіз үшін ақпараттық технология деген не?
– Ақпараттық технология – ол өзін-өзі таныту құралы емес. Көпшілік ақпа-раттық технологияны саяси техноло-гия, PR-технологиямен бір мағынада қарайды. Шын мәнінде, ақпараттық технология – тек қана ақпарат беру-тарату емес, ақпаратпен алмасу. Бұның ең басты талабы – кері байла-ныс, өзара байланыс, біржақты емес, екіжақты байланыс.
– Ақпараттық технологияларды қан-шалықты деңгейде пайдаланасыз?
– Мен ақпараттық технологияларды жоғары деңгейде пайдаланып жүр-мін деп айта алмаймын, себебі мен-де ұялы телефон болсын, компьютер болсын, басқа да гаджеттер болсын, олардың, менің өз пайымдауымша, 20-30 пайыз мүмкіндігін пайдалана-тын шығармын (күледі)... Ал жалпы қызығушылығым, әрине, ол кәдімгі компьютерден басталды. Тоқсанын-шы жылдардың аяғында интернет біздің өмірімізге ене бастаған кездері менің қасымда жұмыс жасап жүрген жасы үлкен әріптестер бір күдікпен, сенімсіздеу қараса, мен, керісінше, қызығушылықпен қарадым. Себебі ол кезде кітаптардағы, журналдарда-ғы, газеттердегі, кітапханалардағы белгілі бір ақпаратты іздеп жүріп, оны алмасып, бөлісіп табатын бол-сақ, интернетте оның барлығы еркін айналымда екенін көріп, аңғарып, жаңа бір мүмкіндіктің пайда болға-нын сезіндім. Мысалы, Алматыда отырып алып, Америкадағы бір инс-титуттың кітапханасына кіріп, ол жер-дің материалдарына немесе басқа да бір елдердегі ғылыми-зерттеу орта-лықтарының материалдарына емін-еркін қолжетімділікті байқаған кезде, мен бұның болашақтағы сарапшылар үшін таптырмас дүние екенін түсін-дім. Бірақ интернеттің пайда болуы-мен сарапшылардың жұмысы қиын-дай түсті, себебі ақпараттар легі, тол-қыны ұлғайып кетті. Ендігі қиындық – сарапшылардың өңдеу сапасы. Кей-бір сарапшы ЖОО студенттері сияқты интернеттен қарай салады да, белгілі бір тақырыпқа өзінің жеке сарапта-масы сияқты ойын айта беретінді шығарды. Оның мен де құрбаны бол-дым, өткен жылы бір пікірлерімді бір конференцияда, басқа емес, Қорғаныс министрлігінің сарапшысы өз зерттеуі сияқты айтқанын естіген-нен кейін күдіктене бастадым. Егер мемлекеттік органның, оның ішінде әскери қауіпсіздік саласының сарап-шысы басқа бір сарапшылардың ойын осылай емін-еркін пайдаланып жүретін болса, әрине, онда ақпарат-тың сапасы әлсірей бастайды.
– Сіз әлеуметтік желілерден жиі көрі-несіз. Қалай ойлайсыз, фэйсбук пен туиттер сізді пайдаланып жүр ме, сіз оларды ма? Яғни сол желілерде отырып, негізгі жұмысыңызды әлсі-ретіп алған жоқсыз ба?
– Жоқ, фейсбук, туиттер пайдалану барысында жұмысым әлсіреген жоқ, керісінше, белсендірек бола түсті. Се-бебі араласатын адамдардың қатары көбейді, керек ақпаратты керегіне қа-рай бөліп отыру мүмкіндігі пайда болды. Мысалға, мен араласатын адамдар фейсбукте, туиттерде бол-сын, мен қол жеткізе алмаған, мен байқамаған материалдарды өңдеп, оны сілтеме ретінде орналастырады, сондықтан оны қарауға мүмкіндігім бар. Мысалы, менің бірнеше қызы-ғарлық тақырыбым болса, ол – саяси тақырыптар, айталық, археология, тарих, жапон тарихы, тағысын тағы басқа. Мен арнайы осы тақырыптар-мен айналысатын адамдарға жазыл-ғанмын, сондықтан күнбе-күн олар-дың сілтемелерін, материалдарын, ақпараттарын көріп отырамын, сон-дықтан оларды жинақтау оңай бол-ды. Фейсбук маған ұлғайып бара жат-қан ақпараттарды реттеуге мүмкіндік бергендей болды. Бір саладағы әріп-тестермен немесе жалпы осындай азаматтардың қатарын көбейтуге, көп араласуға жаңадан мүмкіндік берді, сондықтан да жұмысым едәуір жеңілдей түсті. Осыдан бірнеше жыл бұрын осындай әлеуметтік желілерге қызығып араласқан кезімде менің қатарымдағы әріптестер, саясаткер-лер, саясаттанушылар көп қызықпа-ған. Олардың көбі енді осының пай-дасын көріп, түсініп, енді ғана арала-сып жатыр, қызығушылықтары арта түсуде. Әсіресе ақпараттық салада жұ-мыс істейтін мамандар үшін бұл қа-жет ақпарат көздері деп есептеймін.
– Халықтың басым көпшілігі, яғни сіз-дің аудиторияңыз деп айтуға толық негіз бар, майлрудың “моймирын-да” отыратыны белгілі. Сіз ше? Не-ліктен туиттер, неліктен фэйсбук?
– Халықтың басым көпшілігі майл.ру, “моймирда” отырса да мен мейл.ру-дың “моймирін” ешқашан пайдалан-ған емеспін, оның ерекшелігін біл-меймін де. Менің білуімше, ондағы аудитория оны негізінен ойын-сауық немесе жеңіл-желпі күнделікті арала-су ретінде қолданады. Мен “Моймир-ді” бірде-бір рет пайдаланған емес-пін, аккаунтым да жоқ, ал енді туит-тер, фейсбукті қолдануымның себебі өзіме пікірлес белсенді жастардың көпшілігінің осында болғандығынан да шығар. Байқағаным, туиттер мен фейсбук – елдегі көптеген саяси оқи-ғалар, әсіресе түрлі қарама-қайшы ақпарат беріліп жатқан кезде неғұр-лым көп, объективті, әділ ақпарат-тардың берілетін жері. Өз басым көп жағдайда осы жерден ақпараттарды алып отырамын, мысалы айталық, Жаңаөзен оқиғасы кезінде газет, телевидение, тағы басқа жерлерде шектелген ақпарат, ашығын айтатын болсақ, бұрмаланған ақпарат болса, ал туиттер мен фейсбукте шығып жатқан түрлі сілтемелер мен әртүрлі пікірлердің, сол Ақтаудың, Жаңаөзен-нің өзінде тұрып жатқан немесе сол жерде жүрген азаматтардың ақпарат-тарының, хабарларының арқасында, керек ақпаратты алудың мүмкіндігі туды. Сондықтан осы оқиғалардан кейін тіптен бұл жердің маңызы да артып кеткен сияқты, меніңше.
– Жоғарғы эшелондағылар әлеуметтік желілерге байланысты қандай ұста-нымда жүр? Айталық майл.рудың өзіне Қазақстаннан 2 млн.-дай қол-данушы кіреді екен. Бұл ресейлік экспанцияға, яғни ресейлік ақпарат-ты қысымға әкелмей ме? Осыған байланысты ұстаным ба, бағыт па, қозғалыс па, бірдеңе бар ма?
– Интернет пен әлеуметтік желілер бойынша орталық ұстаным жоқ. Со-сын ортақ ұстанымның болмағаны оның ортақ ұстанымның жоқтығында емес. Әлде де болса бір менсінбеуші-лік бар. Менсінбеушілік болған кезде элитада, билік ішінде интернеттің рөлін түсінбеушілік деген бар сияқты. Мысалы, сайлау кезінде «жастардың көпшілігі интернетте отыр, осыларға арнайы бір дүние ұйымдастыру ке-рек» деген есепке алмайды. Бұл нәр-се өткінші, қазір жастар интернетте отырса, бұл бір әуестенушілік, бүгін қызығады, ертең қызықпайды деп түсінеді.
Әңгімеңізге рақмет!