Жан азығы

Біздің басты мұратымыз – мәңгілік ел болу. Ата-бабаларымыз бұның табан тірер түп қазығын қадап берді. Енді сапалы етіп іргетасын қалауымыз қажет. Әр ұрпақ өкілі осы бағытта аянбай қызмет етуі тиіс. Әри-не, ең басты үміт пен сенім жастарда. Осы жастарға терең білім, дұрыс тәлім тәрбие, бағыт-бағдар берілсе көздеген мақсаттар-ға жетеріміз анық. Ал бұның негізін балаға ата-ана және кітап береді. Ата-ананың ба-лаға тәрбие беру мәселесі өзекті мәселе болса, кітап оқу мәдениеті де аса маңыз-дылардың бірі. Әйткенмен, бүгінгі жастар кітапқа қарағанда ғаламторда көп отыра-ды. Сондықтан жастарға кітап оқыту мәде-ниетін жаңа технологияның мүмкіншілігін пайдалану арқылы қалыптастыру туралы ойыммен бөліспекпін.

Бүгінгі күні технологияның дамығаны соншалық, адамзат керегінің бәрін ғалам-тордан іздей бастады. Бүгінгінің үлкенінен ғаламтор мен жастардың кітап оқу мәселе-сі жөнінде сұрай қалсаң: «Әй қарағым, бұ-рынғының жастары жақсы еді, қазіргілер азғындық, теріс діни ағым, атыс-шабыс, қорлау-зорлау, адамзатты аздырар арзан дүниенің бәрін ғаламтордан көргендіктен бұзылып барады, ал қажет кітаптарды оқымайды» дейді. Ойдың белгілі бір дең-гейде жаны бар. Бірақ осыған кім кінәлі? Интернетті арзан дүниемен толтырғандар ма, әлде осындай сапасыз дүниені тұтыну-шылар ма? «Таяқтың екі ұшы бар» демек-ші, ғаламтор күшін зиянды арнаға бұрушы-лардың жымысқы әрекеттерін айыптап баққанмен, олардың құрбандығына айналушыларды да кінәдан ақтап қала алмайсыз.

Болар іс болып жатыр, енді мұндай олқылықтың орны қайткенде оңалмақ? Біріншіден, түрлі сайттарға маңызды кітап-тардың электрондық нұсқаларын енгізу арқылы ғаламторға шығаруымыз қажет. Екіншіден, жастарға мән мазмұны жоқ пайдасыз сайттарды қарап уақытын өлтір-генше, маңызды кітаптар енгізілген сайт-тарды қарағандығы жөн екендігі айтылуы тиіс. Үшіншіден, барлық ақпарат құралда-ры, яғни телевидение, радио, газет-жур-налдар мемлекеттің баянды болашағы үшін қажет сайттарды барынша насихат-таулары тиіс. Төртіншіден, әр адам өзінің тәрбиелік мәні бар ой-пікірлерін, ғылыми еңбектерін сайттарға орналастыруға жұ-мыстанғаны дұрыс.

Мемлекет осы бағыттарда едәуір іс атқарғанын көпшілік біле бермейді. Мы-салы, түрлі электрондық кітапханалар жа-сақталуда. Бұлар насихатталмағдықтан пайдаланушылары аз. Бұл да бір кітапты сөреге әдемілік үшін қойғандай, оқылмай босқа тұрғанымен тең.

Барлық істі тек мемлекеттің қаржы-сымен мемлекеттік мекемелер жасау қа-жет деген ұғым қате. Ниеттес, тілектес азаматтар бірлесе қызмет етулері қажет. Бірі қаржысын салса, бірі білімін ортаға са-лып қоян-қолтық ұрпаққа қажет маңызды істерді уақтылы тындырса, асыл мұраты-мызға жету үшін қосқан үлесіміз болады.
Батыс Қазақстан облысында осы ба-ғытта істер атқарылып жатқандығына куә-міз. Мысалы, Елімізге белгілі ақын-жазу-шыларымыздың өмірбаяндары мен ең-бектері орналастырылған «kazadebiet.kz» сайты бар. Ақпараттық жарнамалық ба-ғыттағы «infoportal.kz» сайтында «ой тұ-мар» бөлімі көпке мәлім. Бұнда түрлі ер-тегі, батырлар жыры, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, афоризм сөздер, Абай мен Ғұмар аталарымыздың еңбектері, қазақ тіліндегі мультфильмдердің видео нұсқа-лары қамтылған. Жақында Gumar.kz сайты жарық көрді. Бұл – өңіріміздегі аса маңыз-ды тындырылған істердің бірі. Себебі бү-гінде әлі қажетті деңгейде зерттелмеген, еңбектері мектеп оқулықтарына енгізілме-ген аса маңызды тұлға Ғұмар Қараштың еңбектері мүмкіндігінше толық жинасты-рылып, орналастырылған, тіпті көптеген өлеңдерінің аудио нұсқалары бар тұңғыш сайт. «Dana.kaz» журналының сайты да за-манға лайық жасақталған маңызды жоба.
Бұндай істер басқа да өңірлерде атқа-рылып жатқандығы айқын. Технологияның аса жылдамдықпен даму кезеңінде өмір сүргендіктен, қолымызды кеш сермемей, бізде ыждағаттылықпен жұмыстануымыз қажет.

Қаралым саны 1435

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463