Шараның басты ерекшелігі білім саласы жоғары деңгейде дамыған елдердің майталман мамандары Тае Ин Хан - Сеул Кибер Университетінен, профессор, Корея республикасының білім министрлігінің тәуелсіз эксперті және Джозеф Mайкл Дженго - Кембридж университетінен тренер-кеңесшісі тікелей желіге қосылып баяндама жасаса, республиканың барлық облыстарынан, облыстың аудандарынан интернет көмегімен онлайн режимінде 38 онлайн аудитория қатысып отырды. Семинарды мазмұнды етіп жүргізген «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты директоры Софья Ізмұхамбетова.
Ең алдымен, Е-learning және Smart-learning жүйесі – озық техноло-гиялардың жетістігін орта білім сала-сына пайдалану, сол арқылы мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының мүл-дем жаңаша түрін қалыптастыру еке-нін айта кетейік. Яғни, таяу болашақ-та (бұл жүйе Батыс Қазақстан облысын-да биыл, яғни 2013-2014 оқу жылы бізде ене бастайды) Сіздің балаңыз үйде, компьютердің алдында отырып-ақ мұғалімнің жаңа сабақты түсіндір-ген бейнедәрісін тыңдап, тапсырма-ларын орындап, ғаламтор арқылы жауабын жіберіп отыратын болады.
Е-learning саласын қазақстандық білім беру жүйесіне енгізу бағытында Г.Ахметова, Ж.Қараев және С.Мұханбетжанованың «Электрондық оқытуды енгізу жағдайында педагог-тердің біліктілігін арттыруды ұйым-дастыру әдістемесі» шыққан болатын. Бұл тақырыпқа шығарылған тұңғыш қазақша әдістемелік нұсқаулықты бі-лім саласындағы мамандарға таныс-тыру, оқып үйренуіне бағыттау – се-минардың басты бағыты болатын. Се-минарға Орал қаласындағы Е-learning саласына жауапты мамандар тікелей қатысты.
Семинарда баяндамашылар са-ны барынша азайтылып, тек бес ма-ңызды баяндама оқылды. Ол баянда-малардың тақырыбы төмендегідей еді:
1. «Білім беру ұйымдарына элек-трондық оқыту жүйесін енгізу жағ-дайында педагогтардың біліктілі-гін арттыруды ұйымдастыру әдіс-темесі» С.Т.Мұхамбетжанова – п.ғ.д., доцент, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ақпараттық технологиялар және менеджмент кафедрасының меңгерушісі.
2. «E-Learning in Korea» (Корея-дағы электронды оқыту) Тае Ин Хан – профессор, Сеул Кибер универси-теті, Корея республикасының білім министрлігінің тәуелсіз эксперті.
3. «New Trends In World Education –
E-learning and SMART learning»
(E-learning және SMART learning – әлемдік білім берудегі жаңа бағыт-тар) Джозеф Mайкл Дженго – тре-нер-кеңесші, Кембридж универси-теті, білім беру факультеті.
4. «Teacher training courses based on E-learning» (мұғалімдердің білікті-лігін E-learning арқылы арттыру) И.Н.Касимова – Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ, шетел тілін және аударма ісін оқытудың теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы, магистр.
5. «E-Learning және SMART-learning үдерістерін оқытуға енгізу» Е.Н.Сафуллин – «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары.
Еліміздің орта білім беру жүйесінде таяу жылдары енгізілмек үлкен өзгерістер туралы «DANA.kaz» журналының оқырмандарына толы-ғырақ мәлімет беру үшін Елдос Сафуллиннің баяндамасын ұсынып отырмыз.
E-learning және SMART-learning үдерістерін оқытуға енгізу
Біздің еліміз әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Егер мұны мойындамай, кім-де-кім қазіргі Қазақстандағы білім са-ласындағы кемшіліктерді санамалап, түгендер болса, дәл сондай кемшілік-тер әлемдегі озық деген елдерде де молынан табылады.
«E-learning – интернет пен муль-тимедиа көмегімен оқу» деген сөз. Ағылшын тілінен аудармасы «элек-тронды оқыту». Электронды оқыту-дың түпкі нәтижесі – «ақпараттық қоғамды» қалыптастыру. Кезкелген қажетті білімді қоғамның кезкелген мүшесіне әлемнің кезкелген нүкте-сінде, кезкелген уақытта алуына мүмкіндік жасалған болса, ондай қо-ғамды «ақпараттық қоғам» деп атауға болады.
Біздің елімізде ақпараттық қоғам толық қалыптасқан жоқ. Бірақ технология даму үстінде. SMART технологиясы ұғымы соңғы жылдары пайда болды. Сәйкесінше, E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпа-раттық қоғам орнына «smart қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілу-де. Қазіргі күнде Smart технология-сын өндірушілер – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері.
E-learning және SMART-learning үдерістерін еліміздің мектептеріне енгізу жолдарында мынадай мәселе-лерді қарастыруды ұсынамын.
Смартфонға арналған мектеп оқулықтарын жазу
Оқулық жазу үдерісін мынадай 3 кезеңге бөліп қарастыруымыз қажет:
1) Қазіргі қолданыстағы оқулық-тарды түгелімен смартфондар үшін қолданбаға айналдыру. Мысалы, Абайдың «Қара сөздері» тәрізді, тек масштабтау мүмкіндігі қарастырылса. Осы арқылы барша білім саласы қыз-меткерлері, ата-аналар смартфонда-ғы оқулықтың қандай дүние екенін танып білуі қажет (олардың таңғала-тыны, қолдайтыны күмәнсіз деп са-наймын). Сонымен қатар болашақта білім беру жүйеміз түбегейлі өзгеріс-ке ұшырайтыны анық болғандықтан, бүгінге дейінгі мол тәжірибені, білім мөлшерін, оқулық үлгілерін жаңа форматта да сақтап, болашаққа жет-кізіп кету шарт.
2) Қазіргі бағдарламалар бойын-ша барлық сыныптардағы барлық са-бақтың бейнедәрісі (видеолекция) жасалуы керек. Бейнедәрісте тапсыр-маны қамту маңызды емес, себебі оқулықта тапсырма бар. 45 минуттық сабақтан 15 минуттық видеодәріс тү-сірілуі қажет, мұнда мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі, мысалдарды шы-ғарып көрсетуі, тапсырманы оқулық-тан атап айтуы қамтылғаны жөн (Оң-түстік Корея, Сеул кибер университеті профессоры осылайша 15 минуттық сабақ түсіру практикасынан өтуімізге мүмкіндік жасады, олар «видеолек-ция 15 минут шамасында болуы қа-жет» дейді).
3) Smart-learning кезеңіне көшу жағдайындағы жаңа форматтағы оқу-лықтарды дайындауға кірісу. Ол үшін, оқулықтың мазмұнын, білім мөлше-рін, стандартын нақты анықтап алуы-мыз қажет. Әйтпесе, осы күнге дейінгі оқулықтарымызды құрушылар «көте-ре алмасаң қосып арқала» ұстанымы-мен келгені жасырын емес. Біздің елі-мізде кеңестік кезеңнен бері қанша оқу жүйесіндегі реформа, модерни-зация, жаңа бағдарламалар іске қо-сылды? Солардың қай-қайсысы да басты мақсатына жақындаған болар, бірақ міндетін толық орындады деуге болмайды. Қай кезеңде де жақсы және нашар оқитын оқушылар бол-ды. Өкінішке орай, нашар оқитын-дардың үлесі көбірек. Қазіргі оқушы-лардың қабілет-қарымы бұрынғы буын оқушыларынан көп төмендеп кетті. Оны ескерместен оқулық стан-дартын бекітушілер баяндалатын білім мөлшерін тереңдете берумен шұғылданды. Теория жүзінде терең білім керек, бірақ іс жүзінде баршаға бірдей терең білім беру мүмкін емес жағдайға жеттік. Қорыта айтқанда, бұрынғы білім мөлшерін қысқарту қажет. Мысалы, математикада 50-60%-ға азайтуымызға тура келеді. Оқушылар аз білсін, есесіне сол аз білімді өте тыңғылықты білсін. Жеке өз басым математикадан оқушыны ҰБТ-ға дайындаудан 10 жылдай тәжі-рибем бар. Мектеп бітіруші түлектер-дің 85%-ы: -5-7, -4+9, -7+3 тәрізді екі санды қосу тақырыбынан қате жібе-ретінін анық байқадым. Осындай та-қырыптан қате жіберген оқушы сы-зықтық теңдеу, теңсіздік тақырыбы-нан бастап бірде-бір есепті өз беті-мен шеше алмайтындығы түсінікті.
1. Смарт технологиялармен оқи-тын мектептегі оқушылар үшін сани-тарлық-гигиеналық нормаларды бе-кітумен шұғылданатын ғалымдар, практиктер тобын құру. Гигиеналық талаптарды сақтамаған жағдайда, оқушы кітапқа үңілсе де, мониторға үңілсе де көздерінің көру қабілетіне нұқсан келеді. Қазіргі күнде көру қа-білеті төмен оқушылар, студенттер, ересек адамдар тым көбейіп кетті. Көруі нашар деген сөз, ол адам мүге-дек дегенді білдіреді. Мүгедек адам-ның оқуы, қызмет етуі қалай болған-да дені сау адамға қарағанда анағұр-лым төмен болып келеді. Тек көздің көруі емес, жалпы организмнің сау, жақсы дамуы басты назарда болуы қажет.
2. Оқулықтардың ана тілімізде, яғни қазақ тілінде даярлануына ба-сымдық беру.
Латын қарпіне көшсек, компью-тер, смарт технология арқылы оқуы-мыз көп жеңілдейтіні анық. Бірақ көшпеген күннің өзінде компания-лардан оқытуға смарт техникаларды аларда қазақ қарпінің болуын прин-ципті түрде қадағалау қажет. Мыса-лы, смартфондарды өндіруші флаг-мандар: Самсунг галаксиі пен Аппл айфондарын қарастырсақ, соңғысын-да қазақша шрифт жоқ.
3. Смарт оқытуға арналған мүл-де жаңа форматтағы оқулықтарды, дәлірек атасақ, текст, сурет, видео, анимация, т.б. қазіргі күнде біз біл-мейтін мүмкіндіктерді қамтитын смарт техникаларға сүйенетін кітап-тарды жасайтын педагогтардың «же-дел тобы» қызметін жандандыру қа-жет. Бұл жұмысты жоғарыдағы 3 ке-зең мәселелері шешімін тауып, қо-ғамда қолдауын алған мезеттен бас-тауға немесе қазірден де параллель бастауға болатын болар.
Біз оқу үдерісіне қай елдің өнім-дерін пайдаланамыз? Менің ойым-ша, Оңтүстік Кореяның смартфонда-ры мен смарт теледидарларын пай-даланғанымыз жөн. Себебі басқа бә-секелестеріне қарағанда оның өнім-дерінің сапасы жоғары, бағасы арзан, қазақша шрифт кіріктірілген.
Мектепке оқушылар салмағы ауыр сөмкелер тасып жүруге мәжбүр. Қазіргі технологияның қарыштап да-мыған күнінде бұл мәселенің шеші-летін орны бар. Оқулықтар кітап күйі-нен жай ғана электронды формаға емес, смартфондағы қолданба (при-ложения) формасына көшуі керек. Мысалы, Samsung GalaxY S 3 9300 смартфонына Play market қызметі ар-қылы «Абайдың қара сөздері» қол-данбасын орнатып, оқып көрген кісі, смартфондағы оқулықтың артықшы-лықтарын тез байқайды.
Біздің елімізде қандай өзгерісті те енгізсе, алдымен балабақшадан бастау керек деген ұстанымға басым-дық береді. Сөйтіп, ол өзгерісіміз нақ-ты өмірде нәтижесін бергенінше ед-әуір уақыт өтіп, негізгі игілік қайдан бастау алғанын қоғам ұмытып та үл-гереді. E-learning-ке қатысты алғанда, оны енгізу барысында білім саласы ұйымдары жақсы еңбектенуде. Ақпа-ратты жинау, ата-анаға, сабақ кесте-сіне, баланың мектептегі өткізетін уа-қытын қадағалау, мұғалімнің жүкте-месін есептеу жағдайлары сайт жа-саушылар тарапынан шешілуге таяу. Бірақ ол сайт іске қосылған мезеттен мектеп мұғалімдеріне, педагогтарға ауыр міндет артылатыны анық. Қыс-қа мерзімде ауыр жүктемелерді орындаған адамда жоба туралы көз-қарасы оң бағытта болуы екіталай. Жобаны іске асыратын, қозғаушы субъектілеріміз бұл жобаны шын ниетімен, сенімімен орындамаса, іс-тің нәтижесі формальды сипат алып, қоғамға пайдасы төмендеуі де ықти-мал. Сондықтан да осы жобаның ішінде қоғамымыз нәтижесін қысқа мерзімде көре алатындай салаларды жандандыру қажет. Мысалы, Оңтүс-түк Корея тұрғындары ата-анасы ба-ласының мектепте алатын біліміне қанағаттанбай, репетитор жалдайды. Және репетиторға көп мөлшерде ақ-ша төлейді (дәріс берген профессор-лардың айтуынша, жанұя табысының жалпы кірісінен 60%-ы шығындалады). Осындай жағдай біздің мемлекетте де қалыптасып келеді. Мектептері-міздің формальды қағаздары түген-делгенімен, нақты оқу үдерістеріне көңіл бөлу қиындау мәселе. Сәйке-сінше, лицей, гимназияларға, ЖОО-ға оқуға қабылдану үшін оқушы өз беті-мен білімін жетілдіретіндері сирек, көбінесе репетитор жалдайды. Көп жыл қалыптасқан білім саласын бір-тіндеп өзгерткен тиімді. Электронды оқытудың технологияларын, АКТ мүм-кіндіктерін қазақ тілі, Қазақстан тарихы, әсіресе, математика пәндерінен репе-титор қызметіне пайдалансақ, қолай-лы болады деп есептеймін. Сонда бі-лім жүйеміз толығымен өзгеруден бұ-рын, халық жаңа жүйенің тиімді тұс-тарын саналы сезіне бастайды. Ол үшін ең озық репетиторлық тәжіри-бесі бар пән мұғалімдерінің сабақта-рын жақсы жарақталған видеостудия-да түсіріп, өңдеп, электронды оқыту-дың сайтына орналастыру қажет.
Біздің қазіргі электронды оқыту-да қолға алған шараларымыздың ба-сым бөлігі ақпаратты жинау, түген-деуге арналған. Білімімізді көтеруге қатысты тұстары әзірге іске қосыл-мады деуге болады. Білімді көтеруге арналған механизм – бейнедәріс, жа-ңа форматтағы оқулық, сарапталған тест тапсырмалары, контент жұмысы жанданғанда ісіміз оңға басады деуі-мізге болады. Және де бұл бағыттағы жұмыстарды төменгі сыныптарға емес, жоғары сыныптардан бастасақ, екі мәселеден ұтамыз: 1) физиологиялық жағынан ересек балалар АКТ құралда-рымен, интернетпен, компьютермен жұмыстануға бейім, денсаулығына да нұқсан келтірмеуіне мүмкіндігі мол;
2) білім сапасына жаңа жобаның нақты көмегі қысқа мерзімде көріне алады (оқуға түсуі, олимпиада, кон-курстарда орын алуы).
Бұл жобада «Өрлеу» БАҰО педагог қызметкерлері қандай қызмет ат-қара алады?
Жоғарыдағы барша кезеңдерге филиалдық құрылымдары арқылы республика педагогтарын жұмыл-дыруға, әрекеттерін бағыттауға, қол-дауға болады. Білім беру мекемеле-рінің көпшілігі осыған дейін көп жағ-дайда формальды есеп беру жұмыс-тарынан бас көтере алмағаны жасы-рын емес. Нақты тапсырмалармен шығармашыл жұмыс жасай алатын-дай жағдай барша филиалдарда орнығуы қажет.