Мен Бауыржан Момышұлын соғыста көрдім

Хамза Сафин 1925 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Биыл Ұлы Жеңістің 68-ші көктемін қарсылап отырған қарт майдангер, сол сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы атамызды көрген сәтін былайша әңгіме қылады:

– 1944 жылдың қараша айында Латвия жеріндегі Режица қаласын жаудан азат еткеніміз үшін біздің Панфилов атындағы 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына II дәрежелі Суворов ордені берілді. Орденді тапсыру үшін көптеген генералдармен бірге атақты Бауыржан Момышұлы да келді. Оның беделі сол кездің өзінде өте жоғары, батырлығымен даңқы шыққан, сыйлы адам болатын. Бауыржан Момышұлы нық басып, сапта тұрған дивизия жауынгерлеріне таяғанда қазақтар ғана емес, өзге ұлт өкілдері де «Бауыржан Момышұлы» десіп, өзді-өзі сыбырласа қалды. Мен сапта үшінші қатарда тұрған едім. Ол алдыңғы қатардағы бір-екі қазақ пішінді жауынгерге жақындап келді де, «Қай жерденсің?» деп қазақша тіл қатты. Біреуі «Жамбылданмын», екіншісі «Қаскелеңнен» деді. Ал, үшінші біреуі Фрунзеден (қазіргі Бішкек) болды. Бауыржан олардың бәрімен қол қыса амандасты.

Құйған мүсіндей тіп тік денесі жауырынды, тығыз, әйткенмен бойында ешбір артық еті жоқ, нағыз офицер қалыбындағы жігіт екен. Осы бір ғана сәттік көруімде ол сыртқы түрі, жүріс-тұрысы, келбетімен өте жағымды, ерекше әсер қалдырды мен үшін...

Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ

Қаралым саны 1567

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463