Ең қымбат байлық

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, қырғауыл жүні қызыл, құй-рық жүні ұзын кезде дәл біздің осы күнгі жалқау балалар сияқты сидам сирақ жастар өте көп болыпты. Әдет-те жалқаулардың құрғақ уайымға көп салынатын әдеті ғой. Сондай жалқау-дың бірі:
– О, Жаратқан ием-ай, жарық дү-ниеге әдейі әкелген соң дәулеті шал-қыған бай етіп жаратсаң етті! Жалған-ды жалпағынан басып шалқып өмір сүретін жасымда ішсем тамаққа, ки-сем киімге жарымай жүрген түрім мынау! – деп уайымдапты.

Оның мұңын естіп қалған бір ақсақал:
– Ей, қарағым, сен несіне қайғы-расың? Байлықтың бәрі өзіңде тұр ғой, – депті.
Ақсақалдың сөзін мені мазақта-ғаны деп түсінген жігіт:
– Сіз қайдағы байлықты айтып тұрсыз? – деп ашуланыпты.
Ақсақал ештеңе болмағандай сабыр сақтай отырып:
– Шырағым, сен екі көзіңді маған сатшы. Мен саған қалағаның-ша алтын, күміс берейін! –дейді.
Жігіт ашуланып:
– Екі көзден айырылғаннан кейін сіздің алтын, күмісіңіздің керегі не? Ондай байлығың өзіңе!
Ары қарай он екі мүшесіне біртіндеп саудаласып, сұрай бастаған ақсақалға әбден ашуы келген жігіт:
– Ат басындай алтын берсеңіз де, ешқайсысын сатпаймын! Өйтіп мүгедек болар жайым жоқ! – деп кесіп тастапты.
Сонда барып ақсақал:
– Е, ендеше адамның ең қымбат байлығы – денінің саулығы. Сен сияқты төрт мүшесі түгел адам – бай адам. Оны ешқандай алтын, күміске айырбастап ала алмайсың! – деген екен.

Әжемнің ертегілері.
Қазақ ертегілерінің антологиясы.
– Алматы: «Аруна» баспасы.

Қаралым саны 4490

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463