Бесік жыры

Әлди, әлди, бөбегім,
Жұбанбайтын не дедім?
Бөбегімді емізіп,
Бесігіне бөледім.
Әлди, әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым.
Түлкі жортпас түлейден
Жол салдырған қарсағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, әлди қақ,
Ер жеткенде жылқы бақ.
Үлкен таудан түлкі қақ,
Тәңір берсін басыңа бақ.
Әлди, әлди, бөбегім - ау!

Әлди, әлди, тайлағым,
Өрістегі шаңдағым,
От басында ойнағым,
Сүт бетінде қаймағым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Әлди, әлди, оймағым,
Оймағыммен ойнадым.
Күнде әлдилеп сүйсем де
Қызығыңа тоймадым.
Әлди, әлди, бөбегім-ау!

Кенжехан Ісләмжанұлы
құрастырған «Тал бесіктен жер бесікке дейін»
(Қазақтың отбасылық ғұрып жырлары)
кітабынан алынды.

Қаралым саны 3017

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463