Ұмытылған ұлы адам

Ұлан байтақ қазақ жері кен мен қазынаға бай болғаны сияқты, қазақ елі өнерлі, тума талант жандарға да сонша бай. Мысал ретінде аттары әлемге әйгілі Мұхит, Махамбет, Құрманғазы, Сейтектерді атасақ жетіп жатыр.

Біз әңгіме еткелі отырған Сағит Садықов ағамыз да тұла бойы өнерге толған жан еді. Өзі ақын, әнші, саз-гер, суретші, иллюзионист-фокусшы, скульптор, саз аспаптарының барлық түрінде ойнаған виртуоз орындаушы болатын. Саналы ғұмырын Қазталов аудандық мәдениет үйінің директо-ры болып өткізген ағамыз «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген Мәдениет қызметкері» атағын сол қызметінде жүріп-ақ алған еді.

Қанша рет Алматыға жұмысқа ша-қырса да бармай, туған жерін таста-май, туған ауылына бар өнері мен өмірін сарқи арнаған адам – осы Сағит ағамыз! Сол еңбектерінің қары-мы есебінде Қазталов ауылында өзі тұрған көшеге Сағит Садықов есімі берілген.
Сағит аға соғысқа 1943 жылдың күзінде, жасы әлі он жетіге де толма-ған шағында өз еркімен аттаныпты. Ұрысқа алғаш қатысуы Польша жерін-де болады. Майданда жүрсе де өне-рінен қол үзбеген Сағит аға байланысшылардан жіңішке сым сұрап алып, ағашқа керіп тағып, он бес ми-нутта ұзындығы карабиннен қысқа, автоматтан ұзындау «домбыра» жасап, «Светит месяц», «Краковяк», «Коробочка» сияқты сол кездің таны-мал әндерін нақышына келтіріп ойна-ғанда, солдаттар билей жөнеліпті. Айналасына қасық, кружка соғушылар жиналып, біреулері теректің жас жапырағын жұлып алып, таңдайымен бұлбұлша сайратып, әп-сәтте шағын «оркестр» жиналып, бәрі қосылып «Катюшаны» хормен айтыпты.

Қолы босап кеткенде Сағит аға сурет салып, көсемдердің, қолбасшы-лардың суреттерімен командирдің блиндажын безендіріп қояды екен. Бірде командирі – Мәскеудің сурет-шілер академиясын бітірген аға лей-тенант Лазарев Сағит ағаны қала ше-тіндегі ескерткішке алып келеді. Мәр-мәрден істелген тұғырдың бетінде: «Здесь лежит сердце Кутузова» деген алтын әріпті жазу бар екен. Наполеон армиясының күл-талқанын шығарған Кутузов 1813 жылы сәуір айының аяқ кезінде кенет ауруға шалдығып, осы Бунцлау қаласында дүниеден озған екен. Алты жүз мың әскерді жеңіске бастай білген талантты қолбасшының өз өтініші бойынша жүрегін осында қаза болған жауынгерлерімен бірге жерлейді де, денесін Петербургтегі Қазан бекінісіне жеткізеді. Арада бірер жыл өткесін осы Бунцлаудағы бейітке мәрмәр ескерткіш қойылып-ты. Осы әңгімелерді естіп, жақсы әсермен шабыттанған Сағит ағамыз Кутузовтың суретін ордендерімен қоса аса дәлдікпен салып шығыпты.
1946 жылдың желтоқсан айында Сағит аға елге оралыпты. Бірден өнер саласына бет бұрған. Жұбайы Күләш апамызбен сол өнер саласында жүріп табысқан екен. Апай биші болған жә-не Бибігүл Төлегенованың бірге жұп жазбаған досы екен. Сағит ағамен тұрмыс құрғасын сәбилер дүнияға келе бастайды. Сонда екеуі ақылда-сып, «балаға қарайтын кісі керек, екеуіміздің біріміз өнерді қойып, үй шаруасымен айналысайық» дегенде, Күләш апа: «өнерді мен қояйын, сен тастама, сенің өнерің жан-жақты, өнеріңді үстет, үй шаруасымен мен шұғылданайын!» - деп, ағаға батиха-сын беріпті.
Сағит ағаның Күләш апаны алғаш кездестіргенде сыртынан мынадай өлең жазыпты:
Жағада тұрып күлімдеп,
Армысыз аға дегенде,
Толқып бір кеттім дірілдеп,
Толқындай жүзген тереңде.
Осынау айдын төсінде,
Шағала да жүр, қаз да жүр.
Қол созып арман шетінде,
Өзіңді көру аз ба, бұл.
Қозғалма, қалқам, бұл жерден,
Дария толқып тұнғанша.
Нәр алып жұпар гүлдерден,
Сараға ғашық Біржанша.
Бірақ бұл өлеңді қызыл көйлекті қызға берудің сәтін түсіре алмай, оны болашақ жарына балап, тағы да мы-надай өлең жазады:
Сарыөзеннің бойында,
Жәудір көзді жарым бар.
Жар сүйгеннің ойында,
Жанартаудай жалын бар.
Осындай қыз сыйлаған,
Бұл өмірге таңым бар.
Өлең болып қинаған,
Қуанышым тағы бар.
Әр көктемнен жинаған,
Аппақ таза арым бар.
Өн бойыма сыймаған,
Жүректе бір әнім бар.
Айтылмаған сол әннің,
Таңғажайып сыры бар.
Әлдиіндей анамның,
Жанға жайлы үні бар.
Ақыры ғашық жандар қосылып, жанұя құрған. Өмірге бірінен соң бірі жеті қыз келеді. Бір жолы Алматыдан Сағи Жиенбаев келіп жатқанда, Күләш апа дүнияға ұл бала әкеліп, оны Сағи Жиенбаевтың құрметіне Сағи деп атап-ты. Ол бала азамат болып ержетті, қа-зір кеден саласында қызмет атқарады.
Сол балаларына Сағит аға «Әке сыры» деген, мынадай жыр жолда-рын арнапты:
Жердің көркі жаз екен,
Көлдің көркі қаз екен.
«Балалы үй – базар ғой»,
Деп мақтайды қазекем.
Бала, бала, балдырған,
Жаралғандай ән-жырдан.
Мұрша бермей шаруаға,
Ойнап шығар алдыңнан.
Үні ана жырының,
Жетілдіріп ұғымын.
Шалқып өсіп келеді,
Жеті қызым, бір ұлым.
Ерте тұрып киініп,
Ақ бантигін түйініп.
Светланам сумка алса,
Қарап қалам сүйініп.
Айсұлуым үйдегі,
Үйренді ұстап инені.
Үзілсе өзі қадайды,
Көйлегіне түймені.
Мынау – Айжан қарағым,
Тілін алғыш ананың.
Ол бөпесін тербетсе,
Білем кәмпит аларын.
Клара да жарады,
Бақшаға өзі барады.
Томпаң-томпаң би билеп,
Майысып ән салады.
Бір көрмесек сағынар,
Розамыз тағы бар.
Райханмен қосылса,
Таусылмайтын әні бар.
Венерамыз нешікте,
Көп қарайды есікке.
Шөліркемей қайтсін-ау,
Ақ мамасы кешіксе.
Әке сөзін ұғынар,
Әкеге айтар сыры бар.
Сағи деген кенжемнің,
Өзіме ұқсас үні бар.
Бұл балдардың мамасы,
Жақсы адам-ау шамасы.
Бізге қарап жаутаңдап,
Күлімдеуін қарашы.
Мен бұларды көргенде,
Шаттық сыймай кеудеме.
Айналама ел орнап,
Жүргендеймін серуенде.
Сағит ағаның мәдениет үйі жанынан ұйымдастырған домбыра оркестрі 1956 жылы өткізілген респуб-ликалық байқауда екінші орынды же-ңіп алады. 1957 жылы студенттер мен жастардың бүкілдүниежүзілік фести-валінде өнер көрсетіп, лауреат атана-ды. Тек домбыра оркестрі емес, өнер-дің басқа салаларын да қамтып, «Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-Кебек» операларын сахнаға шығарып, «Көңілашар» атты мәдени-үгіт бригадасы дүниеге келеді. Бұлар-дың өнеріне кезінде Ғабит Мүсірепов, Михаил Шолохов, ССРО халық артисі Хадиша Бөкеева сынды атақты адам-дар жоғары баға берген! Ал бұлар болса түйелі арба, өгіз шанамен-ақ жүріп, ауданның ауылдарын аралап, өнер көрсетумен болған! Тек ән-күй емес, иллюзия-фокус өнерін де таста-май қолданып жүріпті. Туа біткен өне-рін майдан даласында жетілдіріп, оралғасын гастролмен келіп жүрген концерт бригадаларымен. оралдық Разин, астрахандық Филатков, Ақтөбе филармониясынан Сұлтанғали Шүкіров деген сыйқыршылармен танысып, тә-жірибе алмасып, өз өнерін шыңдай түскен. Бір ғана мысал: Сағит аға өз жұбайын денесін еш жерге тигізбей, басымен ғана орындықтың шетіне ауада іліктіріп қоятынын ауылдаста-ры талай көрген...
Аудандық мәдениет үйі жанынан Сағит Садықовтың ұйымдастыруы-мен Халықтық мәдениет университеті ашылып, онда төрт факультет уақыт талабына сай жұмыс істеген. Бұл уни-верситет облыстық, республикалық, бүкілодақтық байқаулардың диплом-грамоталарымен марапатталады. Төрт мәрте Москва, Ульяновск қала-ларында өткізілген бүкілодақтық кеңестерге қатысады. 1960 жылдары бұлар жайлы Москваның Лихачев атындағы машина жасау заводының жанынан шығатын «Культура и жизнь» журналында материал басылады.
1967 жылы наурыз айында Сағит Садықов басқарған мәдениет үйі жа-нындағы драма коллективі «Халық театры» атағына ие болады. 1985 жы-лы «Көңілашар» үгіт бригадасы «Ха-лықтық көркем үгіт коллективі» деген құрметті атақпен марапатталды. Мә-дениет үйі жанынан құрылған, Раиса Шынтемірова басқарған «Қарлығаш» ән-би ансамблі де көптеген жетістік-терге ие болады. Облыстық байқауда бірінші орынды жеңіп алады, Қазақ ССР-інің 50 жылдық мерекесінде өнер көрсетеді.
В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған мерекеде Москва-дағы Останкино телестудиясы арқы-лы дүниежүзілік сахнада өнер көрсе-теді. Үлкен құрметке ие болған кол-лективті документті киножурналға тү-сіреді. Онан кейін Таллин қаласында өткізілген өнер мерекесінде Эстония жұртшылығына «Қарлығаш» өз өне-рін ұсынады. Қазталов мәдениет үйінің осы жетістіктерінің бәрі Сағит Садықов ағаның тікелей басшылығы арқасында болғаны даусыз!
Сөйтіп алғашында 5-6 адамнан құ-ралған бригада мүшелерінен тұратын коллектив Сағит ағаның ұйымдасты-рушылық қабілетінің арқасында: «Ха-лық театры», «Көңіл ашар» атты халық-тық көркем-үгіт бригадасы, құрамын-да төрт факультеті бар халықтық мә-дениет университеті, «Қарлығаш» ән-би және «Кешкі әуен» эстрадалық ансамбліне айналады.
Осындағы «Қарлығаш» ансамблі-нің жетекшісі Раиса Шынтемірова, ән-ші Бақыт Бисенова және домбыра ор-кестрінің жетекшілерінің бірі, аудан-дық музыка мектебінің директоры Ғалымжан Неғметовтармен 10 класта қатарлас оқыған болатынбыз! Ал, баянист Серго Ғазизуллин болса му-зыкадан дәріс берген еді!
Мен Сағит ағаны 1962-63 жылда-ры Қазталовта 10 класс оқып жүрген кезімде көрдім. Мектептегі домбыра оркестріне қатысып жүргенімде бізге Сағит аға басшылық еткен болатын. Ол кісінің өзі шығарған «Жайлау валь-сы» әнін сол кезде естіп үйренген едім. Сағит аға бізге Ахмет Жұбанов-тың «Би күйін» аз уақытта үйретіп, оркестрмен талай орындаған едік.
Содан кейін Сағит ағамен 1990 жы-лы Қазталовта кездесудің сәті түсті. Үйіне шақырып, 1988 жылы Алматы-ның «Қайнар» баспасынан басылған өзі жазған, «Малды ауылдың «Көңіл ашары» деген кітабына менің көз алдымда: «Қайреден інім! Алыста жүрсең де жақында жүргендей ілти-фатыңыз үшін! Автор» деп қолын қо-йып, «29.07.1990 жыл» деп қолтаңба-сын жазып тарту еткен болатын. Ол кітап менде сақтаулы.
Сағит ағаның өзі шығарған ән-күйі жүзден асады екен. Соның қырықтан астамының сөзін өзі жазған. Ол шы-ғармаларды қазталовтық Г.Жәрдемалиева, Ш.Ғұбашев, Қ.Бердіғалиев, З.Базарғалиева, Т.Ғаббасов, З.Мырзақметова, Б.Қуанова; жалпақталдық М.Әубәкірова, З.Мауытәлиева, Р.Ығылманов, Т.Ғазизова, С.Бисенғалиев; Жаңақала, Орда, Жәнібек аудандарынан – С.Хайырғалиев, Д.Әлипова, А.Қуанышқалиева, С.Мұханбетжанов; Оралдан – А.Қуатова, Атыраудан – А.Нұғыманова, Ақтөбеден – Г.Шульга, Х.Әшірбаева, Алматыдан – Сұлтанғали Лұқпановтың семья ансамблі, артист Мамытова, фортепьяноға қосылып айтатын ерлі-зайыпты Жантемір мен Роза Абдрахимовтер орындайтын. Күләш Байсейітова атындағы конкурстың лауреаты, тасқалалық Жұмағаным Рахимова Құрманғазы оркестрінің суйемелдеуімен «Шағала» әнін шыр-қап жүрген болатын.
Соңғы кездері не радиодан, не те-леарналардан Сағит ағаның бірде-бір әні орындалмайтын болды. Ағаның көзі тірісінде жұмыстас болған, шәкірт болып өнер үйренген кейінгі толқын өнер иелерінің Сағит ағаның бірде-бір әнін орындамай жүргені қатты қынжылтады.

Қайреден ЖҰМАШЕВ,
Батыс Қазақстан облысы,
Тасқала ауылы

Қаралым саны 1782

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463