Осы бағытта академия өзінің біраз жылдан бергі серіктестері – Ресей Шығыс экономика-құқық гуманитар-лық университетімен, Ресейдің ха-лықтар достығы университетімен, Мәскеу туризм және қызмет көрсету университетімен, Миколас Ромирис (Вильнюс) университетімен, Самар мемлекеттік педагогикалық универ-ситетімен, Түркияның Мәрмәра мем-лекеттік университетімен, Самар мем-лекеттік экономикалық академиясы-мен, Қытайдың Шыңжан қаржы-эко-номикалық университетімен, Қытай тілін оқыту және Конфуций институты-мен, Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетімен, Святой Климентий атындағы Софья университетімен (Болгария), Түркия-ның Эгей мемлекеттік университеті-мен, жалпы алғанда әлемнің 34 уни-верситетімен білім беру және ғылы-ми салада академиялық ұтқырлық бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуге бағыт алуда. Сол сияқ-ты ішкі академиялық ұтқырлық бо-йынша Қазақстанның орталық 4 ұлт-тық университеттерімен, 6 аймақтық университеттермен өзара байланыс орнатылды.
БҚГА-да академиялық ұтқырлық бойын-ша шетелден дәріс оқуға келген профессор-оқытушылар мен әсіресе оқуға келген студент-терге барлық жағдай жасалуда. Ол тегін оқу, студенттің жеке жоспарына сәйкес арнайы оқу кес-тесі, жатаханадан тегін орын, кітап-хананың мол қорымен, ғаламтормен жұмыс жасау-ға мүмкіндік беріледі.
Бұл орайда Еуропалық Болон процесінің рөлі де айтарлықтай. Сорбон декларациясын небәрі төрт мемлекет министрлері қабылдаса, ал Болон декларациясына 29 елдің білім беру жүйелерінің жетекшілері қол қойғанын атап өткен жөн. Әлбетте, Болон декларациясы – еуропалық маңызы бар құжат. Ол қазіргі Еуропаны ерекшелендіретін объективті шарттардан бастау алады, оның ішіндегі ең бастысы – білім мен ғылым саласындағы интеграцияға, ақыл-ой, мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мүмкіндіктерін нығайту мен дамытуға жол ашады. 2007 жылы Қазақстан ЖОО-лары арасында алғашқылардың бірі болып Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы Италияның Болон қала-сында Маgna Charta Universitatum-ға қол қойғанын ұжым мақтаныш тұтады.