Қазақ баспасөз тарихын зерттеуші Қ.Бекхожин: «Газеттің «Қазақстан» деп аталуында мән бар. Бұл қазақ жерле-рін біріктіріп, демократиялы республи-ка орнату идеясын аңғартады», – деп түйіндеген. Шәңгерей Бөкеев пен Ғұмар Қарашты зерттеп, еңбегін кітап етіп шығарған Мақсат Тәжімұратов: «Бұл екі тұлға – газетті тікелей шығару-шылар» деген ой айтады. М.Тәжімұратов өз еңбектерінде «Қазақстан» газетіне арнайы тоқталып, кең мағлұмат береді. Еңбектерінің ішінде Батыс Қазақстан облыстық өлкетану мұражайында сақталған М.Ысмағұловтың жазбаларына сілтеме жасайды.
Батыс Қазақстан облыстық өлке-тану мұражайында М.Ысмағұловтың «Қазақстан» газетіне қатысты бірнеше папка еңбектері сақтаулы. Терең, мүм-кіндігінше тиянақты зерттеген, араб әрпімен жазылған мақалаларды кири-лицаға аударып зерделеген. Ішіндегі ең құндысы – 1951 жылы жазған «Газеттің аты «Қазақстан» еді» деп аталатын киносценарий. Өкініштісі, заманында бұл зерттеулер толық жарияланбаған. Оны толық түсініп қолдайтын адам болмады ма? Немесе Кеңес саясаты-ның кесірі ме? Қайдам.
Аңғарғанымыз, газет толыққанды, терең зерттелмеген. Бірақ, аса назар аударар тұстар көп. Біріншіден, атауы-ның «Қазақстан» болуы және бұл сөз-дің ресми тұңғыш қолданылуы. Екінші-ден, қазақ зиялыларының ұйымдасты-руымен шығарылуы. Үшіншіден, газет-тің өз баспаханасының болуы.
«Қазақстан» газетінің тарихы мен мазмұнын, бағыт-бағдарын айқын білу үшін бірінші кезекте газеттің өзімен толық таныс болуың керек. Газетті ізде-дік. Батыс Қазақстан гуманитарлық ака-демиясының оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаевамен пікірлестік. Кітап пала-тасында бірнеше нөмірінің көшірмесі бар дегенді айтып, сонда бардық. Кітап палатасының қызметкерлерінің бар тауып көрсеткені – газеттің төрт нөмірі болды. Нұрғалиев деген азамат сол ме-кемеде директор болып қызмет еткен-де әкеліпті. Фотокөшірмесін алдық.
Зерттеушілердің бірі «газеттің 16 нөмірі шықты» десе, бірі «18 нөмірі шықты» деген уәж айтады. Барлық нө-мірін толық өз елімізден таба алмаған-дықтан, Ресейдегі кітапханаларға сұрау салдық. «Бізде «Қазақстан» газеті бар» деген қуанышты хабар келді. Бірі Петербордағы Салтыков Шедрин атын-дағы ұлттық кітапханадан, екіншісі Мәскеудегі Ресей мемлекеттік кітап-ханасынан. Келіссөз жүргізіп, қажетті қаражатын төледік. Электронды көшір-мелерін жіберді, бірінде жоғы екінші-сінде болып, әйтеуір он алты нөмірін жинап алдық. Газеттегі материалдың дені араб әрпімен қазақ тілінде жазыл-ған. Кирилица әрпімен орыс тілінде де жарияланған мақалалар бар. Форматы А3 көлемінде, бастапқыда 6 бет, содан кейін 8 бет болған.
Газеттің көшірмесін таптық, енді араб әрпінен кирилицаға аудару басты мәселе болды. Осы кезде журналист Қазбек Құттымұратұлы іске кірісті. Газет материалдарын оқып таңғалдық. Басылым болашақты болжаған, газеттің маңыздылығын айтып, ел болуға нақты жөн сілтеген. Мақалаларды жазушылар білімді, дүние танымы өте кең, ортаға салған ойлары таңдай қақтырады. Осылайша он алты нөмірі аударылды. Әр нөмірді оқыған сайын толқисың, бабаларымыздың аса қиын жағдайда жанкештілікпен осы газетті шығарғанына риза боласың, бірақ жүз жыл уақыт өтсе де, тәуелсіздігімізді алғанымызға жиырма жыл болса да газетті шығарушылар мен газеттің өзі тарихи бағасын алмағанына қайғырасың.
Бір жағынан, патша өкіметінің генерал-губернатар, ояздары, екінші жағынан, сұлтан, төре, бай, болыстар басқарып, молда-ишандар діни ағарту ісімен айналысып отырған кезде газеттің алғаш нөмірінен-ақ «...Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет, сол себепті газет – біздің басшымыз, газет – біздің достар алдында көркіміз. Дұшпандарға қарсы құралымыз, газет – біздің білмегенімізді көрсететін ұстазымыз, газет – біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шам-шырағымыз» деп жар салуы аса батыл қадам еді. Газеттің әр нөмірінің басында «Газеттің асыл мақсаты: кәсіп ету, ғылым өнер турасында» деп нақты бағытта көрсеткен.
Газеттің ресми редакторы – Елеусін Бұйрин (1874-1933 жж., 1911 жылы 37 жаста болған). Ол қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Нарын құмында дүниеге келген екен. Әкесінен жастай айырылып, тағдыр тауқыметін ерте тартса да, ауқатты бай-лардың малын бағып жүріп, ауыл мол-даларынан арабша тіл үйренген. Оқу-ды ниет еткен Елеусін мал айдаған та-тарлармен бірге Қазан қаласына келіп, орыс-татар байларына жалданып, тір-шілік азабын көп көреді. Дегенмен ту-мысынан зерек бала орыс тілін тез меңгеріп, Қазан мұғалімдер семина-риясына оқуға қабылданады. Оқуды жақсы аяқтаған соң Астрахань қаласын-дағы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Міне, осы кезде газетке редакторлық қызметке ұсыныс түскен. Бұған дәлел М.Ысмағұловтың қолжазбасында Елеусін Бұйриннің шәкірті Бисенғали Жұмашевтің мына-дай естелігі келтірілген: «Бізді орысша оқытып жүрген семинарист-мұғалім Елеусін Бұйрин бір күні: «Ал, қарақта-рым, мен Ордадан телеграмма алдым, мені «Қазақстан» атты газет шығару ісіне басқарушылардың бірі болуға шақырып жатыр. Қарақтарым, сіздер-ден 10-15 сом ақшаны күні бұрын алып, жаратып қойып едім. Енді мына шақырту бойынша Ордаға кетсем, сіз-дерге қайырып беретін ақшам болмай тұр. Енді қайтып есептесеміз?» - деген-де, оқушы балалар бір ауыздан: «Бізге ақша қайырмаңыз, жолыңыз болсын»,- деп жауап қайтқан. Бұдан Е.Бұйриннің ақ адал, иманды адам болғандығын да аңғарасың.
Газеттің қазақша нұсқасына жауап-ты, яғни редактор Ғұмар Қараш (1875-1921 жж., 1911 жылы 36 жаста) болған. Ойшыл ақын, ағартушы, қоғам қайрат-кері қазіргі Батыс Қазақстан облысы-ның Жәнібек ауданында дүниеге кел-ген. Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Бірне-ше өлеңдер жинағын шығарған, газет-журнал шығаруға тікелей атсалысқан, пәлсапалық ой-толғамдарын қағазға түсірген. Ғ. Қараштың: «Тіл болмаса, ұлт та болмайды. Яғни ол ұлт – бүтін-дей өлген, жоғалған ұлт болады... Тіл – айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады... Ең әуелі ана тілі керек. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмай-сың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиет-тің болмайтындығы өзінен өзі белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың өнері де өркен жаймайды. Білім-өнері болмаған ұлт-тың ұлт емес екендігі дәлел» деп сол заманда айтуы, оның өте білімді, батыл екендігін көрсетеді.
М.Ысмағұлов «Е.Бұйрин ресми редактор, орыс тіліне жауапты болса, Ғ.Қараш қазақ тіліне жауапты редактор, ал бас редактор Бақытжан Қаратаев болған» деп түйіндейді. Газетті толық оқып, танысқандықтан, осы пікірді біз де қолдаймыз. Себебі, Елеусін Бұйрин газет шығаруды ақылдасып шешкен-нен кейін шақырылғанын жоғарыда айттық. Тап сол кезеңде патша өкіметі-нің қатаң цензурасынан қазақ дала-сында тіптен тұрақты таралған үнпарақ болмады. Бұндай қиын жағдайда саяси әккі, заңды жетік меңгерген, терең білімді, ұлтшыл адамның көмегінсіз газет шығару өте қиын еді. Сондықтан газет шығаруды бастамашы топтың бірі, саяси жетекшісі Қаратаев Бақытжан Бисәліұлы (1860-1934 жж., 1911 жылы 51 жаста) болғаны кәміл. Ол қазіргі Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Қазақстан-ның ірі тарихи тұлғаларының бірі, ал-ғашқы қазақ заңгері, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-демократ. Төре тұқымынан. Орынбор қаласындағы гимназияны «өте жақсы» деген дәре-жемен бітіріп шығады. 1891-1897 жыл-дары Санкт-Петерборда, Кутаисиде, Орынборда сот тергеуші, сот орындау-шысы қызметтерін атқарады. 1897-1905 жылдары Қаратөбеде, Жымпиты-да, Орынбор, Орал облысында адвокат болды. 1907 жылы екінші Мемлекеттік Думаға Орал облысынан депутат бо-лып қатысып, жер-су мәселесі бойын-ша қазақ халқының мүддесін қорғаған.
Басында газеттің редакциясы Көлборсыдағы Шәңгерей Бөкейдің усадьбасында болған. Ал газетті Астрахандағы баспаханадан бастыра-ды. Кейін редакция Орал қаласына кө-шеді, қарызданып-қауғаланып өздері-не баспахана сатып алады. Содан газет тоқтағанға дейін «Қазақстан» баспаха-насында басылды. Газеттің шығуына ат-салысқандар қатарында Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Сейітқали Меңдешев және қаржылай қомақты қаржы беріп көмек-тескендер Шәңгерей Бөкеев және Баку-ден Зейнелғабиден Тағиев болды.
Ел басына күн туып, қиын-қыстау болған кезеңде «Қазақстан» газеті қа-раңғы қазаққа алғаш жағылған шырақ-пен тең. Халықты білім алуға, кәсіппен айналысуға, бірлікке, ынтымаққа, отырықшы ел болуға шақырып, жаңа кәсіп түрлерін игеруге үндеді. Ол уақыт заманның аумалы-төкпелі кезеңі еді. Себебі қазақ сол кезге дейін көшпелі өмір салтымен күн кешсе, енді отырық-шылыққа көшу қажет болды. Халық абдырады. Бірі бұрынғыны аңсаса, бірі не болғанын тіпті түсінбеді, енді бірі бағыт бағдарды қайдан алам деп айна-ласына қарады. Осы сәтте заманды дәл болжап, бағыт-бағдарды дөп бер-ген – «Қазақстан» газеті. Зиялы, оқы-ғандар қуанды, бірі ақылшы деп қабылдап, жазылғанды пайдасына жаратты. Сонымен қатар тіпті қарсы болғандар болды. Бөтен түгел ағайын-тумаларда түсіне бермеген жағдай кездесті. М.Ысмағұлов көзі тірісінде Е.Бұйриннің зайыбы Ұмсын Бұйрина-дан мынадай естелік жазып алыпты: «Елеусін мен Ғұмар «Қазақстан» газе-тін шығарып тұрған кезде ел ішінде оларды күндеуші діндәр, молдалар: «Елеусін де, Ғұмар да ақылынан адас-ты, орысша оқимыз деп дінді бұзды»,- дегенде, надандығымнан, газеттің мән-жайын түсінбегендіктен өз басым талай жанжал жасадым. Өйткені газетті баспаханадан поштаға апарып, адресін жазып, жазушыларға жіберетін мен едім. Елекеңе бір күні: «Осы өзің «Газет, газет» деп үйдің, семьяның қамын ойлауды қойдың. Бізді борыш басып кетті. Бұлай үй-ішінің қамын ой-ламайтын болсаң, не үшін әйел алдың? Мені әуреге салмай, өзіңмен өзің сыбай-салтаң жүрмейсің бе?» - деп тиіскенім әлі есімде. Елеусін маған күліп, жан-жағына қарап тұрып: «Жігіттер, надан әйел алмаңыздар, надан әйел жансерік бола алмайды екен. Халықтың мұң-мүддесінен өзінің ішіп-жеп, киіп-көлбеңдегенін артық санайды» деп салды». Қандай ауыр сөз! Өз әйелі осылай дегенде, өзгенің не айтқаны түсінікті. «Ештен кеш жақ-сы» дегендей Е.Бұйриннің зайыбы өз қателігін түсінді. Ол кісі: «Мен Елеусінді қолдадым, қолтығынан демедім...» деп айта салса да болар еді ғой. Бірақ жарына деген адалдық пен сыйластық-ты бәрінен жоғары бағалап тұр.
«Қазақстан» газеті еліміз даму жа-ғынан көрші елдерден кем дегенде екі жүз жылдай артқа қалып қойғанымыз-ды айтып, тұтас ел ретінде сақталуы-мыз үшін халыққа білім мен ғылым игеріп, кәсіп етуге шақырды. Міне, бү-гін бабалардың мақсаты, арманы орындалды. 1991 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекетіміздің атауын «Қазақстан Республикасы» деп бекітті. Шекарамыз айқындалып, жер көлемі-нің үлкендігінен әлемдегі он елдің қа-тарындамыз. Өзге елдермен тереземіз тең, халқымыз тату-тәтті, әл-ауқаты жақсы, білім деңгейі жоғары, өндіріс орындары күн санап дамып, егіс алқап-тары көбейіп, мал саны артуда. Білім мен ғылым, мәдениет пен өнер, қорға-ныс, денсаулық, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй, құрылыс, жол, шағын биз-нес, туризм, басқа да барлық салаларға қыруар қаражат бөлініп, еселеп даму-да. Ең бастысы, қой үстіне бозторғай жұмырқалайтындай бейбіт заман ор-нады. Өз қолымыз өз аузымызға жетті. Туған жердің жүрегіндей әсем Астана-мыз бой көтерді. Осы күнді жақындат-қан ата-бабаларымыздың жанқиярлық еңбегі болса, бүгінгі жетістігіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы сая-сатының және оның тапсырмаларын мүлтіксіз атқарып келе жатқан білікті мамандарының арқасында болды.
Міне, 1911-1913 жылы шыққан «Қазақстан» газетінің тарихи маңызды-лығына байланысты жинақ етіп шыға-рып отырмыз. Зерттеушілердің бірі 16, енді бірі 18 нөмірі шықты дейді. Біз 16 нөмірін таптық. Кирилицаға аудардық. Жүз жыл бұрынғы жазу стилисткасының қандай болғанын байқасын деп, мәтін-дерді газетте қалай жазылса, сол қал-пында бердік. Кітапта газеттің түпнұсқа қөшірмесімен бірге аудармасы, газетті шығарушылар мен кейін зерттеген аза-маттар туралы және зерттеушілердің зерттеу еңбектері мен осы тақырыпта түрлі басылымдарды жарияланған мақалалар қамтылды.