Исатай мен Махамбеттің саяси көшбасшылық келбеті

Баян ШЫНТЕМІРОВА,
тарих ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетіннің профессоры

Бүкіл адамзат тарихының өн бо-йында қоғамдық дамудағы тұрақты орын алған бағыт – әлеуметтік және саяси басқаруда субьективтік фактор-лардың рөлінің артуы. Басқару ту-ралы мәселелердің ішінде орталық орын алатын, әрі қоғамдық-саяси дамудың басты элементі – саяси көшбасшы мәселесі. Бұл мәселені дұрыс түсіну үшін мына жағдайларға көңіл бөлуіміз керек: көшбасшының жеке басы; оны басшылыққа ұсыну тәсілдері; қолдаушылар тобының мінездемесі; көшбасшының әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен байланысы; шешімдер қабылдау табиғаты т.т.

Саяси көшбасшы дегеніміз кім?
Ертедегі мифологиялық шығар-маларда жеке көсемдер ғажайып қасиеттерімен сипатталады. Көсем-дер ерлік жасап, соғыстар жүргізіп, мемлекет құрған. Ерте грек тарихшы-сы Геродот, тарихи баяндауларының нақ орталығына монархтарды, қол-басшыларды қояды. Жеке адамға мұндай тұрғыдан қарау антикалық дәуірдің басқа тарихшылары – Плутархқа, Светонийге, Тит Ливийге де тән болған.
XIX ғасырдың бірінші жартысын-да Ішкі Ордада (көбіне Бөкей Ордасы деп те атайды) қалыптасқан әлеумет-тік-саяси ахуал 1837-1838 жылдарда-ғы ұлт-азаттық көтеріліске ұласып, оның басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын тарих сахнасына алып шықты.

XIX ғасырдың бірінші ширегінде Бөкей хандығы жоғары билікті қамта-масыз ету механизмі мен құрылымы жағынан қазақ жүздеріндегі хан билі-гінің дәстүрлі түрлерінен ешқандай айырмашылықсыз, бұрынғы ертефео-далдық монархияға тән негізгі инсти-туттарымен басқарудың сұлтандық – билік жүйесімен және ірі көшпелі ұжымының даралануымен сипат-талса, ғасырдың екінші ширегінен бастап биліктің орталықтандырылуы-мен айқын бейнеленген монархияға айналады. Ру басшылары; ірі рулар-дың старшиндері енді ханның таға-йындалуымен қойылатын болды, осылайша ханның көмекшілеріне айналды. Еркін діни адамдарды хан тағайындаған молдалар алмастырды. Рулардың бұрынғы дербестігі жойы-лып, атқарушы және сот билігі қауым шеңберінен шығарылып ханға ауыс-ты. Ордада бірыңғай салық және қар-жылық жүйе орнатылып, жер телім-дері мен оған маусымдық жайылым-дарды қоса қайта бөлу және пайда-лану жоспары жасалынды.
Жергілікті жерлерде хан билігі мен патша өкіметі органдары ара-сында тығыз одақ орнап, Ішкі Орда да хандық басқару XIX ғасырдың ортасына дейін сақталды, ал Қазақстанның басқа аймақтарында 1820 жылға жетпей-ақ жойылған болатын.
Хандардың патша өкіметіне қарай біржолата бағыт алуы бірнеше факторға байланысты. Соның ең бас-тысы – бірде бір хан орыс өкіметінің қолдауынсыз, әсіресе әскери көмегін-сіз билікте отыра алмас еді. Бұған Бөкей хандарының Орынбор, Астрахан губернаторларына және Орынбор шекаралық комиссиясына жазған хаттары дәлел болады.

Бір жағынан хан билігінің шека-ралық органдармен бірігіп кетуіне Жәңгір ханның өзі де кінәлі еді. Өзі орысша білім алған, Еуропа мәдение-тіне қызыға қараған Жәңгір хан, орыс самодержавиясын, шаруашылықтың помещиктік жүйесін, дворяндық білім мен мәдениетті қолдады.

Ресей мен хандық арасындағы экономикалық байланыстар ресми саясат шеңберінде қалыптасып, кейде одан алыстап, кейде тіптен қарсы да жүріп отырды. Ресей өкіметінің саясаты екі қоғамның экономикалық байланыстарының дамуымен сәйкесе бермеді. Осы негізде орыс патшалығының ресми экономикалық саясаты мен оның тудырған салдарлары арасында қарама-қайшылық орын алды.
XIX ғасырдың 30-ы жылдарында хандық территориясында үлкен айна-лымы бар сауда орталықтары құрыла бастады. Бірақ сауданың дамуы әдет-тегідей елдегі қолөнердің дамуына ықпал ете алмады. Дегенмен 1832 жылы құрылған хан ордасындағы жәрмеңкелер жылына екі рет ұйым-дастырылып, жылдан жылға дамып, әртүрлі халықты бір-біріне жақындат-ты. Мысалы, С.Зиманов өз еңбегінде (Россия и Букеевское ханство. Алма-Ата, 1982) «1846 жылғы жәрмеңкеде Ресейдің 15 губерниясынан 1800-ге жуық орыс көпесі, 2700-дей қазақ, 65 татар, армян, қалмақ, 10 түркмен, хиуалықтар, казактар қатынасқан» деген мәлімет береді.

Ұлттық сауда капиталы пайда бола бастады. Қаржылық жүйе жа-сақтау мен алым-салық жинау қолға алынды. Шаруашылық жүргізуде жаңалық көбейіп, мал тұқымын асыл-дандыру ісіне көңіл бөліне бастады. Дәнді дақылдар егу мен бақша салу үрдісі дамыды.
Қазақ даласына бірте-бірте капиталистік қатынастардың дендеп кіруі олардың тұрмысына да прогрес-сивтік өзгеріс енгізе бастады. Жергі-лікті ауқатты топтар үйлер мен шар-уашылық құрылыстарын сала баста-ды. Мұның өзі жергілікті халықты отырықшылыққа қарай бейімдеу бастамасы еді. Суландыру жүйесі үшін артезиан құдықтарын қазды-рып, осы мақсатпен хан мемлекеттік мүлік министрлігіне ұсыныс жасады. Қажетті құралдарды Парижде жасат-тырып, оны іске асыру үшін Дерп уни-верситетінің ғалымы Нешелді таға-йындады. Отырықшылық нышандары-ның күшеюі жолдар мен қатынас жүйелеріне де көңіл бөлдірді.

Бұл өзгерістер Хан Ордасындағы қоғамдық өмірдің басқа да салалары-на жалғасты. 1841 жылы хандықта алғаш рет алым-салықтан түскен кі-ріспен қаржыландырылатын орталық мектеп ашылып, 50-і жылдардың ортасында 30 адам білім алды. Осы кезеңде Қазақстандағы алғашқы мұражай ашылды.

Азаматтық білімді дамытумен қатар хан рухани-діни ағартуға да кө-ңіл бөлді. Өйткені дін арқылы қоғам-ның адамгершілік жетілуінің зор мүмкіндігін көрді. Оның дінге көзқа-расы тек мұсылмандарға емес, басқа да дін өкілдеріне түсіністікпен қарауымен ерекшеленді.
1843 жылы Хан Ордасында дәрі-хана, кейін 2 бөлімшеден тұратын ау-рухана жұмыс істей бастады.

Осы жерде, қазақ қоғамының барлық саласына осыншама рефор-маторлық өзгеріс енгізген, өркениет-тік жаңашылдыққа бастаған әрі праг-матик билеуші неге халықтың көпші-лік бөлігінен қолдау таппады деген заңды сұрақ туады.
Осы сұраққа орай ерте қытай ойшылы Конфуцийдың (Кун-Цзы б.д.д. V ғас.) билеуші туралы ойларын еске алу қажет секілді. Конфуций, жақсы басшы ең алдымен әділетті басқаруға міндетті деп есептеген. Себебі, басшының жоғары моралдық қасиеттері ғана оған елді басқаруға құқық береді дейді. Конфуцийдің пікірінше, басшы өзінде бес «тамаша қасиетті» ұштастыра білуі керек: «ізгілікті басшы қайырымдылықты есепсіз шашпайды»; «еңбекке күштеп көндіргенімен, халықтың ашу-ызасы-на жол бермейді»; «өзінің талап-тілек-терін орындауда қанағаттылықты ұс-тайды»; «жоғары мәртебесін сезін-генімен өркөкірек емес»; «құрметті талап еткенімен, қатыгез болмауы ке-рек». ( Аңыз адам. №9, 2012.-28 б).
Ұлы ойшыл келтірген билеуші бойында болуға тиісті қасиеттерді Жәңгір ханға байланысты талдап кө-рер болсақ:

Жәңгір хан бөтен ортада және мейлінше күрт және тез өзгеріп бара жатқан заманда бұрынғысынша көсі-ле көшіп, жазыла жайылып жүре ал-майтындығын ұқты. Ол үшін әркімнің жазда басыбайлы өрісі, қыста басы-байлы қонысы болуы керек еді. Алай-да Жәңгір хан қай реформасын жүр-гізгенде де өзінің жеке мүддесін ал-дыңғы шепке қойды. Негізгі бағыты дұрыс саяси-экономикалық және үр-дістік реформаны жалпы әлеуметтің мүддесіне емес, жекелеген билікке жақын топтардың мүддесіне орай-ластыра жүргізді. Осындай әл-ауқат кереғарлығының аржағында саяси алалаушылық пен әлеуметтік алауыз-дық жатары белгілі. Феодалдардың өздері «ақсүйек» және қара сүйек деп екіге бөлінді. Макиавеллидің «жаңа мемлекеттік құбылысты жаңа билеуші басқаруы тиіс. Себебі, ақсүй-ектер билеушіге өте жақын тұрған-дықтан, олардың арасында қарсы-ластар да пайда болады және көбіне-көп билікке қастандықтар ақсүйектер арасында ұйымдастырылады. Қоғам-дағы ақсүйектер тобына бөлшектеп қарау қажет» дегені Ішкі Орда тари-хында дәлме-дәл қайталанды. Бірте-бірте игілік пен билік бөлісуде бұл екі топ текетірес жағдайына көше бас-тады. Жәңгір халыққа танымал қадір-лі ру басыларын жастармен ауысты-рамыз дегенді сылтауратып, негізінен өз ағайындарына, сұлтандарға билік алып берді. Ең құнарлы жер, жайлы қоныстар да соларға беріліп, 1830 жылдан бастап, жақсы қызметі үшін жер таратса, кейін хан байларға жер сатуға көшті. Тек 1840-1841 жылдары ол 1517 жер иелену құжатын тара-тыпты. Соның нәтижесінде Ішкі Орда аумағының үштен екісі әлгіндей же-келеген шонжарлардың қолында ке-тіп, тек үштен бірі ғана қазақ рулары-на бөлініп беріліпті. Жаңа помещик-тер жұрттан өз жеріне мал жайғаны үшін, суатқа барғаны үшін ақы алып, қан жылата бастады. Бұрын жұрт мұндай қысымды казак-орыстан көр-се, енді өз байларынан көрді. Жан-жақтан төре, қожа шаңырақтары Ішкі Ордаға ағыла бастады. Жер үлестіру; байырғы ақсүйек қауымы мен Жәңгір тархан атағын беру арқылы қолдан жасаған жаңа бекзадалардың әсіре үстемдігін орнатты. Хан солардың ықпалына түсіп, былайғы халықтан іргесін аулақ сала бастады.

Жәңгір қолындағы билік ұлғай-ған сайын әр «қожайынның жеке зе-кет төлеуін» талап етті. 1840 жылдан бастап, «әр адам емес, әр рудан зе-кет жинайтынды» шығарды. Алғашқы жылдары 200 мың сомнан 320 мың сомға дейін зекет жиналып жүрсе, 1844 жылы 930 185 сом күміс ақшаға дейін өсіпті. Мұншама көп қаражат жылдан-жылға ұлғайып бара жатқан хан ордасына жұмсалса керек. Қыз-меткерлер саны өскен үстіне өсе түс-ті. Шетелдік қонақтарды күтіп-сый-лауға жылына 14 мың қаржы бөліне-ді екен. Бәрінен бұрын алақандай Нарында 126 мешіт, 1 ахун, 130 мол-да ұстағаны қазнаға мол салмақ болды.

Губернатор В.А.Перовский «Жәңгір өз қарауындағыларға импе-ратордың боданы, орыс патшасына бағынышты ұлық сияқты емес, еш-кімге тәуелсіз дербес билеушідей әмір жүргізді. Сөйтіп жоғарыдан бе-рілген билікті қарауындағылардың игілігіне емес, өзінің өктемшілдік және дүниеқоңыздық мүддесіне пайдаланды. Оның билеген тұсында Орда халқының тұрмыстық жағдайы жақсарудың орнына, ханның өзі мен сыбайластары тарапынан орынсыз қысым, әсіре салық, парақорлық пен қиянат өрістеп кетті. Ал, істемегенін істеген, тындырмағанын тындырған болып көрінуде одан жетік, одан шебер жан болмайтын». Міне, В.А.Перовский кескіндеген Жәңгір ханның саяси бет әлпеті.
Орынбор губерниясын билеген-дер ішінде Неплюевтен кейінгі ең әккі отаршыл саясаткердің ауызынан шыққан бұл сипаттама, қай жағынан алып қарасаңыз да, Жәңгірдің өз за-манында аса елеулі саяси феномен, салиқалы қайраткер болғандығын жоққа шығармайды. Бұл жерде, ең алдымен бодан халықтарды мемле-кеттілігінен айыруды мақсат етіп қой-ған, Ресейдің отаршылдық саясатын жан-тәнімен қолдаушы өкілінің қазақ ханына берген мінездемесін терең сараптаусыз сол күйінде қабылдауға болмас.
Дәл осы мәселеге байланысты Макиавеллидің мынадай ойларын ескерсек: саясатта ізгілік ұстанғандар өзін-өзі құртып тынады. Адам өз жа-ратылысынан эгоист, ешкім де толық ізгілікті бола алмайды және билеуші де өз бойында тек жақсы қасиеттерді ғана жинақтай алмайды. Сондықтан билікті ұстап қалуға ұмтылатын билеуші қатал болуы тиіс. Билеуші өз бойындағы, оны биліктен айыруы мүмкін мінездерден ғана арылуы тиіс, ал қалғандарынан қорықпай-ақ қоюға болады. Осыдан кейін, ғылым-да «саяси макиавеллизм» деген ат-пен белгілі, билеушінің жеке қасиет-тері туралы атақты пікірлері беріледі (саясат пен этика арасының бөлінуі). Соның ғылымда ең көп таралғаны: билеушінің бойында арыстанның айбаты мен түлкінің қулығы бірге жүруі керек деген қағидалар.
Макиавеллидің осы ойларын өз кейіпкерімізге байланысты қолданар болсақ, Жәңгірдің бұл жердегі «кінәсі» сол негізгі мақсат жолында әр түрлі айла-тәсілге жүгініп, бұлталақтап, қолындағы хандық билік пен мемле-кеттік дербестікті жойып жіберуге жол бермеуге тырысқандығы еді. Біздің ойымызша, В.А.Перовский Жәңгірдің мемлекеттік дербестікке құштарлығынан сезіктенді. Ханның 22 жылдық қызметінің кемшілік жақ-тарын ғана көрсетуге тырысты. Ол мұны қарапайым қазақ шаруасының қиын жағдайын түсінгендіктен, халық-қа жаны ашығандықтан емес, ханның мемлекеттік дербесшілдігінен, біржо-лата Ресейге берілмей немесе бірың-ғай батысшыл болмай, шығыс және ұлттық дәстүрден түпкілікті қол үзіп кетпегендігі ұнамады. Бұл жағдайды басқаша түсіндіру мүмкін емес. Себе-бі Жәңгірдің көзі тірісінде оның бар-лық қадамын сырттай қырағы бақы-лап отырған орыс өкіметі оның ел би-леудегі жіберген қателіктеріне, ол қателіктер түптің түбінде өзіне соққы болып тиетіндігін біліп-көріп отырса да әдейі кедергі жасамады. Қазақ қауымы ортасына іріткі туғызу мақса-тында жергілікті халық ақсүйектері-нің бірқатарын өз бауырына тарта бастады. Сондықтан да, Орынбор шекаралық комиссиясы сұлтандарды бір немесе бірнеше руға, кейде Ішкі Орданың белгілі бір бөлігіне басқару-шы қылып қоюдың ережесін бекітті. Осылайша қазақ ақсүйектерін шет-қақпайлауға тырысқан Игельстром реформасының қателігін дер кезінде «түзеп» үлгерді.. Қара сүйек феодал-дарды да патша «шенеуніктеріне» айналдыру қолға алына бастады. «Старшин институты» осылайша пайда болып, оларды рудың беделді адамдарымен келіспей-ақ хан, жергі-лікті шекара өкіметінің қалаған уақы-тында қызметке қойып, қызметтен ала алатын болды. 100 шаңырақтың өзін 2-3 бөліп, әрқайсысына бір стар-шинадан тағайындау отаршылдық өкіметтің ықпалын кеңейтіп, ел бүтін-дігін әлсірете түсетін айла еді.

Жәңгір хан өлгенде оның артын-да 17 097 бас қой-ешкі, 719 бас мүйіз-ді ірі-қара, 232 бас түйе, 4274 бас жылқы, небәрі 221 381 сомның дү-ние-мүлкі қалған. Бұл бүгінгі күннің көзқарасы тұрғысынан қарағанда көп көрінбеуі де мүмкін, ал әкесі Бөкей мен ағасы Сығайдың Нарынға көш-кендегі 5 түйе, 30 қой, 17 жылқысы-мен салыстырсақ, Жәңгір ханның аз ғана уақытта орасан зор байлыққа ие болғандығын көреміз. Ішкі Ордада азғантай ғана хан төңірегіндегі адам-дар осылайша шалқып өмір сүргені болмаса, өлкедегі жүргізіліп жатқан жаңашылдықтан көпшілік пайда көре алмады, халықтың әл-ауқаты бұрын-ғы қоңыр төбел күйінен арылмады. Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты халық арасында ресми билікке деген наразылық, толқулар басталды.
Қайта өрлеу дәуірінің ойшылда-рының ішінде Н.Макиавеллидің мы-надай ойлары назар аударуға тұрар-лық. Ол феодалдық бытыраңқы Италияның бірігуі үмітін саяси қабі-летті, әскери талантты басшымен байланыстырады. Бірақ Макиавелли тарихты түгелдей көшбасшылардың еңбегіне жатқызбайды. Ойшыл, би-леуші мен халық арасындағы өзара келісімді қатынасты іздестіріп, билеу-шіні де де, халықты да аздыратын тирандық басқаруды сынаған. Билеуші билікке халық пен ақсүйек-тердің қолдауы арқасында қол жеткі-зеді. Макиавелли тактикалық тұрғы-дан халыққа сүйену пайдалы деп көрсеткен. Осы тұрғыдан алғанда Жәңгір хан ақсүйектердің көпшілік бөлігінен де халықтан да, екі жақтан да қолдау таба алмады. Ол өз төңіре-гіндегі аз ғана топ пен патша өкіметі-не сүйену арқылы бөлек алынған Нарында мүлдем жаңа бағыттағы мемлект құрамын деп жанталасты. Бөкей Ордасы мемлекеттілігін сақтап қалу үшін ақыр аяғына дейін тырысып бақты. Патша өкіметі қазақ даласын билеудегі саяси тәжірибе алаңы ре-тінде өзі құрған бұл хандықтың соңғы билеушісі Жәңгір, отаршыл режимнің өзі ұсынып отырған саяси, экономика-лық, үрдістік өзгерістерін пайдалана отырып та феодалдық мемлекетті сақтап қалуға болатындығына шыны-мен сенді. Өзінің осы идеясына қар-сы шыққандармен аяусыз күресті. Бі-рақ, бұл бастамалар әлеуметтік теңсіз-діктермен, алауыздықтармен, өктем-дікпен, қарама-қайшылықтармен, жеке мүдденің басымдығымен қатар жүргендіктен қалың бұқара тарапы-нан да қолдау таппады. Әсіресе, әл-гіндей өзгерістерден ең көп зардап шеккен әлеуметтік топтар белсене қарсы шықты.

Платонға сүйенсек, даналық би-лігі, саяси ақыл үстемдігі абсолютті басқару болып табылады. Ең үздік мемлекетте, кім бақытқа жетсе және кім қайырымды бай болса, солар бас-қарады. Осыған байланысты Платон еңбегінде көптеген орын даналық жанның нақты мазмұнын ашуға кеткен. Ол философ-билеушіге үлгілі мемлекет қайырымдылықтарының негізгі белгілері тән деген қортынды-ға келеді. Олардың ең бастылары да-налыққа сүйіспеншілік пен ақиқатты тану, яғни даналық пен қайырымды-лықты өзара байланысты қарастыру. Ал Жәңгір хан билігі тұсында жоғары-да Платон келтірген қағидалардың ешқайсысы да сақталмады. Себебі, бүкілхалықтық көтеріліс бірден бас-талған жоқ. Ол бірте-бірте пісіп-же-тіліп, бір жағынан хандық биліктегі басшы топтың халықты дұрыс басқа-ра алмауынан болса, екінші жағынан, патша өкіметінің зорлық-зомбылы-ғына халықтың төзбеуінен өріс алды. Махамбет жырларындағы кейіпкер-лер кездейсоқ емес еді, ол сол дәуір-дің шынайы қажеттілігінен, әртүрлі әлеуметтік мүдделердің қарсы тұруы-нан туындады.

Тарихтағы көшбасшының рөлі жөніндегі терең ойларды Гегельден де табуға болады. Гегель ұлы адам-дар мақсат еткен істер көбіне жалпы-ға ортақ болады дейді. Ұлы адамдар тарихи қажеттілікті, өз кезеңінің «шындығын» өзгелерге қарағанда дәл кезеңінде көре біледі, соған қол жеткізу үшін өзінің барлық күш-жіге-рін жұмсайды.

Ханға, патша өкіметінің отар-шылдық саясатына мыңды бастап Исатай Тайманұлы (1791-1838 жж.) мен Махамбет Өтемісұлы (1804-1846 жж.) шықты. Екеуі де өздері туып-өс-кен әлеуметтік ортада жоғары бедел-ге ие әрі әскери, әрі руханияттық күш-тердің көрнекті өкілі еді. З.Фрейд бо-йынша тарихи үрдіс ұлы басшылар-дың ықпалымен дамиды, себебі от-басындағы әкенің балаға билігі сияқ-ты бұқара да көшбасшының беделін қажет етеді. Осындай ел басына күн туған шақта, Исатай мен Махамбет бұқараны топтастырып, елдің қимы-лын дұрыс жолға салып, ұйымдасты-рып отыратын көбасшы көсем бола білген адамдар. Орыс отаршылдары мен жергілікті билуші топтың қанауы-на қарсы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс екі жақты езгі-ден құтылуға деген ұмтылыстың ай-қын көрінісі еді.

Исатайдың ерлік, адамдық қасиеттері жайлы, тарихшы А.Ф.Рязанов: «Исатай батыр бар өмі-рін осы халықтың күресіне құрбан ет-ті. Ешқандай қиыншылық, оның істері жөніндегі күңкіл сөздер, жеке басы-ның қайғысы оның темірдей еркін қа-йыстыра алмады. Ол соғыста бір ба-ласынан айырылды, бір әйелін қазаға ұшыратты және бір әйелі мен екі ұлы дұшпанның қолына түсті. Бұлар зор қайғы еді. Бірақ олар да батырды мо-йыта алмады, қайта оның жүрегіндегі өжетті кекті қайната түсті, өзінің және халықтың жауларынан көрген қайғы азаптары оны шынықтырып жібер-ді!» - деп жазады. Міне қимылдың көсемі өзінің бас пайдасы түгелі ұлы істің жолында ет жақын адамдарын да, бауыр еті баласын да, сүйген жары мен өз өмірін де, ақ-адал жиған-терген малын да құрбан етті. Қасық қаны қалғанша ел мұраты үшін күресіп өткенін Исатайдың атынан жазған Махамбеттің мына өлеңінен артық қандай дәлел керек:

«...Қош, аман бол, жолдасым, бұ дүниенің жүзінде, осы болар сені көргенім. Қапыда өткен дүние-ай, ақырында еш болды-ау, ел үшін еткен еңбегім. Тәрбиелеп өсірген ата мен ана- бұл қалды-ау! Қатын жесір тұл қалды-ау! Еңбектеп жиған мал қалды-ау! Бұларды жүдә қимайтын, енді менің нем қалды-ау! Тек шық-паған жан қалды-ау! Ойлап бір ойлап қарасам, еңбек етіп ел үшін, соңымда бір қалған халқыма, арманда өтіп кетті деп, артымда бір атақ, даңқ қалды-ау...»
Саяси көшбасшының жеке үлгісі идеясы Плутархтың «Салыстырмалы өмірбаяндарының» да өзегі болып келеді. Плутархты жалпы мәселелер емес, өз артынан қауымды ілестірген дара азаматтың қалыптасуының нақ-ты үрдістері мен «шынығуы» қызық-тырды. Көтерілістің қос батыры – Исатай мен Махамбеттің жеке мінез-құлықтарын халық арасында тарал-ған әңгімелер мен қолда бар құжат-тарды ой елегінен өткізіп, ұлттық исатайтану мен махамбетануға алғаш рет негіз салған, Алашорда көсем-дерінің бірі, қоғам қайраткері – Халел Досмұхамедұлы болды. 1930 жылда-ры Түркістан автономиясының аста-насы Ташкент қаласында «Исатай-Махамбет» (1925 ж.), «Аламан» (1926 ж.) атты еңбектері басылып шығып, бұл тақырыпқа үлкен үлес қосты.
Х.Досмұхамбетұлы: «Махамбеттің өзі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған. Өте қызуқан-ды адам әдіс, шеберлікке көп мән бермесе керек. Бағыт алған жағынан қайта қоймайтын қасарыспа мінезі болса, ондайда жұртты Исатай ақыл-мен, дәлелмен, түрлі әдіспен оңай ертетін адам екен. Махамбет көпті қоздырып, көңілін аударып, өзіне тартатын харизматикалық типтегі адамның түрі болған. Исатай ақсақалдармен, бас көтерген адамдармен ақылдасып, кеңесіп отырғанда, Махамбет жалынды өлеңдерімен, күмбірлеген куйімен, шешен сөздерімен көпшілікті көтеріп алып кетеді екен. Махамбеттің мінезі тік, кейде қалжыңқой, кейде бетің-жүзің бар демей, көкейіндегісін айтып салатын батыл болған. Жауласқан кезде артына бұрылмайтын қайсар, ерлік, өрлік бар да айла-тәсілі аз адам. Исатай көптің басын құрастырып, дүйім елді шоғырландыра білетін, сабырмен шешетін адам болса, Махамбет мықты үндеуші, көтерілістің идеологы болды.
Көтеріліс жеңіліс тауып, Исатай қаза болғаннан кейін Махамбет көпті соңына ерте алмады. Исатайдың құрастырған елінен айырылып қалды», деп жазады. (Аламан. Ана тілі баспасы. 1995. 79-80 бб)
Ал, кейбір әдебиеттерде: «Исатай ер көңілді, от ауызды, орақ тісті салқам адам, Махамбет, керісін-ше дәтке берік, байсалды да тегеуі-рінді кісі» деп сипаттайды.

Халық ауызындағы сөздерге қа-рағанда, Исатайдың өз басының көпке ықпал жасайтын, сендіре алатын, тартымды харизматикалық қасиеттері болған. Өзінің жеке көзсіз батырлығымен, жеке үлгісімен қол бастады. Жаудан жанын аямады. Жауласса қолдың алдында, қашса артында болды. Көптің арызын айта-мын деп, айып тартты. Халықты аяп қан төкпеймін деп, Орданы қоршап тұрып, алданып қалды. Жайықтан өтерде орысты өзі қамап тұрып, әскерін, жолдастарын аман-есен өткізіп болған соң ғана өзі өтті. Жортуылға өзі жүріп, жолдастарын жауға тастамаймын деп барып өлді.

Исатай батыр Хан Ордасын қор-шап тұрып шаппады деген пікір ғы-лыми әдебиеттерде де көп айтыла-ды. Біздің ойымызша бұл жерде ба-тырлардың жеке мінездемесімен қоса сол кезеңде, оқиғаның бары-сында қалыптасқан объективтік және субъективтік себептерді де ескеру қа-жет. Себебі, ағайындар арасында қан төкпестен, ең аяғына дейін «бітімгер-шілікке келеміз, ханға халық талабын орындаттырамыз» деп күтті. Осылай-ша Исатайдың алданып тұрғанын біл-ген Махамбет, екі ретінде де батырға сөзін өткізе алмай қатты қынжылады. Әрине, сол кезде жанжал мен теке-тіреске ұшыраған қазақ қоғамының қасіреті адамдарды жақын және бөтенге бөліп, бітімшілік мүмкіндігін жоққа шығарды.
Оқиғаның осылай болғандығы Махамбеттің Исатай атынын жырла-натын «Әй, Махамбет, жолдасым!» өлеңінде, «Исатай-Махамбет» дас-танында да солай баяндалады. Халел Досмұхамедұлы да «Өтемісұлы Махамбет бас болып бір бөлек адам бітімінің керегі жоқ, орданы тездеп шабу керек деп зарласа да, Исатай бітімді мақұлдайды» деп жазады.

Махамбет – төңірегінде болып жатқанға өз сенімі, өз көзқарасы бар дәйекті саясатшы, өз дегені жолында өзегін үзіп берер кесек күрескер екендігі шындық. Бұған кезінде қас жауы болған Жәңгір хан да мойын-дайды. Көтеріліс басып-жаншылған-нан кейін Өтеміс ұлдарының ішінде көтерілісшілерге қатыспай қалған Бекмағамбет би ханнан қуғындағы бауырларының бала-шағасын жаны-на алуға рұқсат сұрап барғанда «Бар-лық туысқандарынңның отбасыла-рын жинап алып, оларды халық қа-тарына қос. Бірақ, атақ Исатайдікі болды да, қол Махамбеттікі болды. Сондықтан екеуіне кешірім жоқ», - деп Қызылқоғадан 7-9 шақырым жерден арнайы қоныс беріпті (Е.Айғалиұлы. Өтемістен туған он едік. Ана тілі. № 13, 2003). Мұндай керексіз теңестіру көтерілістің екі басшысының арасына жік салу үшін айтылуы да ғажап емес. Ел арасында бұл сөз кейде дәл солай айтылса, кейде Жәңгір: «Атақ – Махамбеттікі, қол – Қожахметтікі» деп те айтылады. (Б.Аманшин. Махамбет және оның ұрпақтары. Коммунистік еңбек.1979, 29 мамыр). Екеуінің де жаны бар сияқты. Әккі хан ен алшынның ішінде ең белсенді рөл атқарған Беріш руы-ның арасына алалық кіргізу үшін бір-де осылай сөйлесе, бірде солардың ішінде тұтас бір отбасының барлық дерлік ұлдары (Бекмағамбеттен бас-қасы) түгел қатынасқан ағайындылар-ды біріне-бірін айдап салу үшін осы-лай айтуы да мүмкін.

Соңғы кезде Қазақ елі тәуелсіз-дік алып, әлем халықтарымен терезе-сі тең сөйлесетін жағдайға жеткенде індеттей болып таралып бара жатқан жағымсыз тенденцияның бірі – руға бөлінушілік. Бұл сонау рулық-тайпа-лық кезеңдерде де қазақ қоғамының ең бір осал жері болатын: жер тала-сы, жесір дауы, барымта, алауыздық, т.т. ен далада бір-бірінен онсыз да шалғай орналасқан қазақтың басын біріктіруге қиындық соқтыратын. Осыны сезген патша өкіметі де әуелі бір тайпаны бірнеше руларға, оның өзін кіші тармақтарына бөліп, «Стар-шин институтының» Ережесі бойын-ша бөлшектенген рулардың әрқайсы-сына бір-бір старшин орнатуы «бөл-шекте де билей бер», яғни «разделяй и властвуй» дегеннен шыққан. Осы тұста айта кетер жәй, халық арасын-да: «Исатай қолбасшыны ру айырма-ған адам деп суреттейді. Сондықтан да Исатайға бүтін Кіші жүз қорған болды. Батырды қаумалап, ақырында Кіші жүзге Әлімнің шекті (назар), шүрен, кете деген рулары оған ауыл болды. Соңғы жорығында Оралға келгенде қасындағы үш мың қолдың көбі Әлім еді. Исатайдың өлетін күні өкімет әскерімен соғысқан жортуыл-дың көбі Көтібарұлы Есет секілді Әлімнің батырлары еді. Исатайдың сүйегі қойылған Шолақмола да Әлімнің жері» - деген әңгімелер таралған.
Қалай айтылса да Бөкей Ордасы шеңбері түгілі бүкіл қазақ тарихи сах-насында ойып тұрып орын алған бір көтерілістің екі көсемінің әрқайсысы кейінгі ұрпақ үшін қадірлі де қасиетті.

Ежелгі Грек елі ойшылдарының басты мақсаты – қоғам ділінің терең тұтынысын тәрбиелеуге ұмтылыс болды. Тәрбиеленушілер бойында сарбазға тән қасиеттерді қалыптасты-руға тырысты: дене күші, ер жүректі-лік, парызын өтеу, жоғары ар-ұждан түсінігі. Полистің дамуы мен оның демократиялық уклады (ішінде оған тән билік үшін күрес те бар) халық жиыны қабылдайтын шешімдерге әсер ету тұтынысын тудырды. Сондық-тан, сол қоғам көсемі өз уақытына сәйкес келуге ұмтылса, халықты сен-діру үшін сөз құдіретін еркін игеруге үйренуі тиіс болды. Міне, сөз құдіре-тінің күшімен Махамбет те өзі айтқан «Еділ үшін егесті, Жайық үшін жандас-ты, Қиғаш үшін қырылды, Тептер үшін тебісті», «Исатай басшы, мен қосшы» деп, мыңдаған халықты көтерді.

Өтемістің көп ұлдарының ішінде Махамбет, әрі ақындық талантымен, әрі елі үшін жасаған істерімен аты ерте шығып, халық жүрегінен орын алған. Махамбет қай жағынан бол-сын ерте оянып, ел ісіне ерте аралас-қан және керекті кезеңдерде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш қабілеті мейлінше күшті, көшбасшы-лардың бірі саналады. Махамбет жас болса да жалынды ақын, жарқ еткен талант екендігін ел таниды, оның даңқы жас кезден-ақ біраз жерге та-ралады. Махамбеттің халық арасын-дағы беделін, сөзінің өткірлігі мен айбынын өз мақсатына пайдалану үшін Жәңгір хан оны «сарай ақыны» жасауға да тырысты, одан соң баласы Зұлқарнай Орынборға оқуға аттан-ғанда соның жанына қосып, бауыры-на тартпақ ниет көрсеткенімен, Махамбет өз ұстанымынан бас тартпады.

Хан Ордасының ішінде болып жатқан сан алуан алауыздықтарды көзімен көріп, ел көрген зорлық-зом-былықтардың айғағы болушылық – ақынның әділетсіздікке деген өшпен-ділігін күшейтіп, оның ой-сезім, жылы жүрегін халыққа бейімдеген жалынды сөздерін ханды мақтауға емес, даттауға жұмсауға көмектескен жайттың бірі тәрізді. Сондықтан да «түзелмейтін» ақынды хан сарайы-нан қуып жіберді.

Бұл туралы кейінірек, 1837 жылы 13 желтоқсанда Орынбордың гене-рал-губернаторына жазған хатында Жәңгір: «Исатайдың ең жақын досы, ең бірінші кеңесшісі, ол сойқанның ең бірінші жәрдемшісі болған Махамбет Өтеміұлы деген қазақ менің Зұлқарнайын деген баламның жас кезінде Орынборда қасында бол-ды, бірақ ол мүлдем бұзылған адам болғандықтан, мен оны қуып жібер-дім», - деп жазған.

Махамбет өзінің болмыс-бітімін ең алдымен ел мүддесіне қызмет етуге бағытталған ер-сарбаз ретінде тиянақтайды, сөз құдіретін, өзінің поэтикалық дарынын біле әрі игере отырып, төңкерісшілердің қаруына идеологиялық үніне бейімдейді. Даланың батыр-сайыпкерлері бір мезгілде әрі өлең құрастырушы, әрі поэтикалық жыршы да бола білген. Осы дәстүрді жалғастыра отырып Махамбет толығымен дала серісінің үлгісіне әрі идеалына сәйкес келді, ол тек сарбаз-ақын ғана емес, ол өз шығармаларын орындаушы музыкант-композитор да болды. 1838-1846 жылдар Махамбет батыр үшін өте қиын уақыт болғаны белгілі... 3-4 жыл бойы аламан қиын-шылыққа, ауыр азапқа бел буған ісі сәтсіз аяқталып, өзі бауырында өскен Исатай қаза тауып, жолдастары ұрыс даласында көз жұмып, туған інілері Есмайыл, Қожахмет, Сүлеймен тұтқындалып, айдауға кетіп, ағасы Бекмұхамед сотталып, отбасын таба алмай, «Ен Қабыланын жөнелтіп, Елсіз қаңғып қалған шақ, Кім айтады бізді мұңсыз деп», - күңіренеді. Махамбеттің көшбасшы, саяси қайраткер ретіндегі өз ұстанымына болаттай беріктілігі жаны қаншама қиналса да өзінің жеке басының терең трагедиясын ел тағдырынан бөліп қарамауы. Оның өмірінің соңғы кезеңдерінде шығарылған «Уа, күндер-ай, күндер-ай», Мұнар күн», «Атай да Матай, екі құм», Жәңгір хан мен Баймағанбет сұлтандарға айтқа-ны т.б. өлеңдері мен «Өкініш», «Жұ-мыр», «Қылыш», «Қайран Нарын» күйлері, оның бірінде сол кезеңнің ащы шындығын әшкерелесе, бірінде өз ісінің сәтсіздікке ұшырағанына өкініп, қайғырады.
Батыр әрі ақын ретінде Махамбет өзін ғана емес, бүкіл ұлтты асқақтатты. Махамбет феноменін Олжас Сүлейменовтің «Ұлтты оның ақынымен бағалау керек» деген тұжырымы дәл көрсетеді, яғни, ақындар – әлемнің әлі танылмаған заңгерлері.
Сол кезеңде шаруалар көтері-лісінің жеңіске жетуі қиын еді. Көте-ріліс қолбасшылары Исатай мен Махамбеттің еңбегінің тарихи маңызы – қандай да бір қиындық пен азапқа қарамастан ел теңдігі, азаттық үшін ұлы дүбірді ұйымдастырып, езілген халықтың өз бостандығын тек қарудың күшімен, күреспен ғана жеңіп алуға болатындығына көзін жеткізіп, сенімін арттыруы болды.

Ал өз мүдделерінің өзегіне әлеуметтік қайта құру, қоғамдық қатынастарды түбегейлі өзгертуді мақсат етіп қойғандықтан Махамбет пен Исатайдың өмірі осы түпкілікті мақсат пен міндетке бағындырылған.

Қаралым саны 3797

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463